«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акколь отдела образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Бөбек" шағын орталығының әдіскері лауазымына бос орын жариялайды.

04.10.2024

"Ақмола облысы Білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі "

коммуналдық мемлекеттік мекемесі "Бөбек" шағын орталығының әдіскері лауазымына бос орын жариялайды.

Мекен-жайы: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Ақкөл ауылы,

Ы. Алтынсарин көшесі, 2.

Пошта индексі: 021203

Жұмыс телефоны: 8-716-32-37590

Электрондық пошта:  akkolschool@mail.kz

Бос лауазым  шағын орталығының әдіскері -1 жүктеме қазақ тілінде.

Лауазымдық жалақысы- біліктілік санатына және еңбек сіңірген жылдарына байланысты  160 000-нан 260 000-ға дейін.

Лауазымдық міндеттері:

білім беру ұйымының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады; оқу, оқу-тақырыптық жоспарлар мен бағдарламалар жасайды;

балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады; жас топтары бойынша сабақ кестесін жасайды;

оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, нысандарын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді; оқу-әдістемелік құжаттамаларды,

құралдарды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады; инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтауды,

зерттеуді, таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді; топтарды оқу құралдарымен, ойындармен, ойыншықтармен жинақтауды ұйымдастырады;

 оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының жағдайын талдайды;тәрбиешілер үшін сабақтар, мастер-кластар, семинарлар,

жеке және топтық кеңестер, көрмелер, конкурстар өткізеді, шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады;

оқу-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін қалыптастырады, есепке алу және есеп беру құжаттамасын уақытылы рәсімдейді;

тәрбиешілердің, психологтың, логопедтің, музыкалық жетекшінің, ұйымның басқа мамандарының өзара іс-қимылын үйлестіреді;

ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді;

Біліктілікке қойылатын талаптар:

тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім

немесе қайта даярлау курстарынан өткенін растайтын құжат, жұмыс өтіліне талап қойылмайды немесе

техникалық және кәсіптік білімін растайтын құжат, мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі:

қалалық жерде - кемінде 3 жыл, ауылдық жерде - кемінде 1 жыл; және (немесе) жоғары және

(немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білімі болған педагог – шебер үшін

мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде - кемінде 5 жыл, ауылдық жерде-кемінде 3 жыл;  

 педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог - зерттеуші үшін тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі болған

жағдайда мектепке дейінгі ұйымдардағы педагогикалық жұмыс өтілі: қалалық жерде - кемінде 5 жыл, ауылдық жерде-кемінде 3 жыл.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 04.10-14.10.2024 жыл

 

 

 Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:

      1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

      2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

      3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

      4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

      5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

      6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

      7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

      8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

      9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

      11) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

      12) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480.

 

Просмотров: 1439


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст