«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акколь отдела образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

9 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру

Кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіру туралы Елбасы жолдауында «Біз кәсіптік және техникалық білім берудің мазмұнын толық жаңартпақ ниеттеміз» деп атап өтті. Ол үшін үкіметке бизнес қауымдастығы мен жұмыс берушілер өкілдерін қатыстыра отырып, кәсіптік-техникалық кадрлар дайындау жөнінде ұлттық кеңес құруды тапсырды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында біздің аймақта кәсіптік білім берудің еңбек нарығына қажетті мамандар даярлауға, қайта даярлауға, кадрлар біліктілігін арттыруға бағытталған үш бағдары белгіленді. Кәсіптік білім беру саласын жұмыс берушілердің сұранысы мен еңбек нарығын бағдарлай отырып әрекет етуге бейімделуде.

Әбу Насыр Әл-Фараби бұл қазынаның бәрін халық жасайды, ол адал да

ерінбей еткен еңбектің жемісі деген болатын.

Кәсіп - адамның қабілеттілігі мен бейімділігіне қарай бір іспен айналысуы.

Кәсіптік бағдар беру дегеніміз - педагогтардың, психологтардың, дәрігерлердің және басқа да қызметкерлердің қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіптік қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыруға және мамандық таңдауға көмектесуде, мақсатты істелетін жұмыс.

Кәсіптік бағдар беру жүйесінің құрамды бөліктеріне, кәсіптік ақпарат, кәсіптік ағарту жұмысы, кәсіптік ақыл-кеңес және кәсіптік іріктеу, кәсіптік бейімделу жатады.

Кәсіптік ақпарат - орта мектептегі кәсіптік бағдар берудің ең негізгі нысандарының бірі. Кәсіптік ақпарат арқылы оқушылар әр түрлі мамандықтардың маңызы мен мәні туралы түсініктер алады. Мамандық бойынша адамға қойылатын талаптармен таныстырылады. Мамандықтың ерекшелігі,оның қоғамда алатын орны туралы түсініктер беріледі.

Кәсіптік ақпарат өте қиын, жан-жақты жұмыс. Кәсіптік ақпараттың мазмұны, ұйымдастыру мен әдістері әр жас кезеңінде әр түрлі болады. Сондықтан да мектеп оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізуіміз керек. Мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының ішінде кәсіптік ақыл-кеңес ерекше орын алады. Негізгі мақсаты - балалардың денсаулық, анатомиялық-физиологиялық және әлеуметтік психологиялық жағдайын талдау негізінде жоғары сынып оқушыларының назарына кәсіптік топтар мен мамандықтарды ұсыну. Кәсіптік ақыл-кеңес жұмысына ата аналар құрамынан, шептік мекемелер мен өндіріс орындарындарынан қызметкер мамандар тартылады. Кей жағдайда кәсіптік ақыл кеңес жұмысы өндіріс орындарында кәсіптік колледждер мен өндірістік оқу цехтарында, кәсіптік бағдар беру кабинеттерінде жүргізілген өте орынды.

Бүгінгі таңда қоғамның басты талаптарының бірі әр азаматтың өмірде өз орнын тауып ,қоғамдағы байлықты еселей түсуге еңбек үлесін қосуы, еңбекке адал, саналы қатынасу болып табылады.

Еңбек тәрбиесінің басты мақсаты еңбекке даярлау ғана емес, сонымен қатар жас жеткіншектерді біліммен, іскерлікпен және дағды мен қаруландыру қабілеттілігін дамыту, мамандық таңдауға көмек беру болып табылады.

Кәсіптік білім көкжиегін кеңейтуге бағытталған 2008-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаның негізгі қағидалары 2011-2020 жылға дейінгі білім беруді дамыту бағдарламасында да көрініс тапты. Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысының негізгі міндеттері төмендегідей:

  • Оқушыларды көпшілік мамандықтар туралы түсінікпен қаруландыру.

  • Кәсіптік қызығуы мен бейімділігін, қабілеттілігін қалыптастыру және дамыту.

  • Мектеп бітіруші түлектерге мамандық таңдауға жан- жақты ақыл кеңес, бағыт бағдар беру.

  • Оқушыларды белгілі мамандықтың түрін меңгеруге бейімдеу.

Мектеп жұмысының негізгі міндеті өзіне өзі қызмет етудің берік жүйесін жасап, тұрмыстық еңбекті әр адамның күнделікті өмір игілігіне айналдыру.Жалқау, еріншек балаларға дұрыс бағыт беру біздің міндетіміз,ата аналардың адамгершілік борышы. Қоғамдағы пайдалы еңбек қоғамдағы қажеттілікті қанағаттандыру, жеке адамның жан жақты дамуына мүмкіндік жасау құралы. Қоғамдық пайдалы еңбек барысында оқушылардың дүниетанымы қалыптасады. Мамандықты тануда көзқарасы кеңейіп, денсаулығы жақсарады, саяси сенімі және мәдени адамгершілік ұғымы артады.

Оқушыларды мамандыққа баулу кәсіптік бағдар беру мақсатында түрлі кездесу кештері, тақырыптық сауалнамалар , дөңгелек үстелдер өткізілуі қажет.

Бүгінгі таңда әрбір оқушының жеке қабілеттері мен ерекшеліктерін , мүмкіндіктерін шеберлігін, қызығушылығын ескеріп бағыт-бағдар беру, жекелеген мамндықтар туралы терең білім беру біздің басты міндетіміз. Әрбір оқушының жеке-жеке қабілетін, бейімділігін анықтап бағыт беріп отыру, мамандықты дұрыс таңдауға жол сілтеу – үлкен мәселе.

Мектепте бастауыш сыныптардан бастап баланың бейімін анықтау үшін түрлі анкеталар, сауалнамалар, тесттер алынып, диагностикалық картамен жұмыстар жасалды.

Ұрпақ – еліміздің, ұлтымыздың болашағы. Қай халық болмасын үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Сондықтанда оқушыларға кәсіптік бағдар беру ісін сәтті ұйымдастыра білу – үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Осындай мақсатты істі жүзеге асыруда бар жауапкершілікті сезініп, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде жеке адамды қалыптастырып, дамыту және оған жан-жақты терең білім беру ісінде мектеп ұжымы аянбай еңбек ете бермекші. Ендеше келешектің иесі бүгінгі ұрпаққа білім беріп қана қоймай, келешектің көкжиегіне қол жеткізетін мамандықтарға жол сілтеуіміз хақ.

 

 
 
 
Жаңартылған күні: 15.04.2021 12:08
Құрылған күні: 15.04.2021 12:08

Текст