Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен.
Жамбыл Жабаев
6 қараша күні Ақкөл орта мектебінде «Адалдық- адамдықтың белгісі» деген тақырыпқа кездесу өтті .Кездесуге «Ақ блогер» клубының төрағасы Жайықпаев Ерлаз Мұхтарович , Зеренді аудандық маслихат депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Николаева Людмила Николаевна келді.Бұл кездесуге ұстаздар мен 9-11 сынып оқушылары қатысты.Осы тұста Ерлаз Мұхтарович аталған тақырып төңірегінде айтқан ой толғамдары оқушыларды қызықтыра түсті.Ол өзінің жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, маңызды пікірлер айтты.Ерлаз Мұхтарович Ақкөл орта мектебінің түлегі.Ол кісі өзінің бойындағы асыл қасиеттерімен көзге түсті.Зейін қойып тыңдаған тыңдаушыларына өз ойын тиянақты әрі түсінікті тілмен жеткізе білді.
Адам бағасының бір өлшемдерінің бірі. «Адалдық» деген сөз шыншылдық , айнымастық,шын берілгендік сияқты игі қасиеттерді еске салады.Қазақ пайымында адам бойында адалдық –пәктік,ар-ұждан,жан тазалығы тәрізді асыл қасиеттердің жиынтығынан тұрады.Жалпы Ерлаз Мұхтарович өз ойын дәйекті, жүйелі жеткізе ғана қоймай, тыңдаушылардың назарын өзіне аудара алды.Болашақ жастарымыз адамгершілік,адалдық қасиеттері тұрғысынан кіршіксіз таза ,мәрт болатындығы туралы сенім білдірді.Адамның өз ұжданы алдында адал, шыншыл болу- өзіне-өзі қасиетті болуынан, жүріс-тырысы ізгі болуынан ғана туады. Өз кезегінде «Нұр Отан» партиясының депутаты да Людмила Николаевна уақыт тауып келіп, жастарды ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір білдірді.Жалпы бұл кездесу айтарлықтай ерекше әсермен оқушылардың жадында сақталды деген ойдамын.Соңында Ақкөл орта мектебінің директоры: Киселенко Людмила Станиславовна аталмыш игі іс-шараға келген құрметті қонақтарға алғысын білдіріп,өз сөзін жүрекжарды тілегімен түйіндеді.