«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акколь отдела образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дұрыс тамақтану

Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
Мақсаты: Дұрыс тамақтану, уақытылы тамақтану туралы түсінік қалыптастыру; оқушылардың ой-өрісін дамыту, салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу.
Сабақтың көнекілігі: слайд
Мұғалімнің сөзі:
- Балалар, сендерге Данышпан атай хат арқылы жұмбақ жіберіпті. Егер сол жұмбақтың шешуін тапсаңдар, өмірдегі басты байлықтың не екенін түсінесіңдер және бүгінгі шарамыздың да сол жұмбақтың жауабымен тығыз байланысты.Оны күткен адамдар,Ұзақ өмір сүреді.Қадірін білген жарандар,Байлық осы деседі.(денсаулық)
Адамның ең үлкен байлығы – денсаулық. Ал денсаулықты, ағзаның күшін нығайтудың басты кепілі – дұрыс тамақтану. Адам ағзасы үшін сыртқы ортаның кері әсерлеріне үнемі қорек тұруға тырысады. Тамақтану – адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік. Біздің денсаулығымыз көбінесе қалай тамақтануымызға байланысты. Дұрыс тамақтану – денсаулық негізі. Ой еңбегіне, іс-әрекетке де күніне көп күш-қуат жұмсалады. Ол қуатты, ағзаға қажетті қоректік заттарды біз ішер астан аламыз. Ендеше біз бүгін сабағымызда осы тамақтану туралы сөз қозғамақпыз. Сынып сағатына қош келдіңіздер. Сынып сағатының тақырыбын қане оқып білелік.
Слайдты тамашалаңыздар.

Бір түрлі тағам денсаулыққа қажетті қоректік заттардың барлығын бере алмайды. Бір тағамдар ағзаға күш-қуат береді. Мәселен: бал, қарақұмық, геркулес, жүзім, май- қимылдар жасауға, жақсы ойлануға, шаршамауға көмектеседі.
Ірімшік, ет, жұмыртқа, жаңғақтар* ағзаның мықты болуына, сүйектердің жақсы дамуына көмектеседі.
Ал жемістер мен көкөністер ағзаның өсіп дамуына қажетті бәрумендерге бай болады.
Көкөністер- денсаулық қоймасы деген мақалды естулерің бар ма?
Бұл мақалдың мәнісі неде деп ойлайсыңдар?

Қазір сіздер көкөністерді қаншалықты білетіндеріңіз туралы байқап көрелік:
Көкөніс базары ойыны.
Өсімдіктер неше топқа бөлінеді? (ағаш, бұта, шөп)
Көкөніс қайда? (Бақшада)
2. Балалар бақшада көкөністерді баптап өсіретін адамды кім дейміз? (Бағбан)
3. Қыс айларында көкөністерді қайда өсіреді? (жылыжайда)
4. Қияр, қызанақ неден пайда болады? (Жеміс гүлінен)
5. Көкөністерді қалай өсіреді?(Тұқым себу)
6. Тығыз оралып өскен жапырақты не деп атаймыз? (Орамжапырақ)
7. Көкөністертуралы ертегі бар ма?
8. Шикілей жеуге болатын көкөністерді ата?
9. Көкөністерді қалай күтіп өсіреміз? (құнарлы топырақ, арапшөп жұлу, суару)
10. Көкөністерді жылдың қай мезгілінде отырғызады? (көктем)
11Мына өлеңде қандай көкөністердің атауы бар?
Бақшасында атамның
Көкөністер көп екен
Теріп, жинап аламыз
Себеттерге саламыз
Пияз, картоп, қызылша
қарбыз, сәбіз, қызанақ
Орамжапырақ қиярлар
Шалқан болса тағы бар.

12. Әкеміз ала баспақ асырады,Күз келсе соямын деп асығыды.Баспағым бойын шөпке жасырады.Еті қызыл, терісі жасыл әлі. 13. Ашулы қонақ бұл анық,Тонып шешсе, жыладық.
14. Көкөністерді қай мезгілде жинап алады?

Мұғалім: Күніне 3-4 рет уақытында тамақтану қажет.
Тағамды 3-4 сағаттан соң қабылдау керек
Тамақтанып отырған кезде қатты сөйлеме, қолды сермеме
Тамақты шайнамай жұта сал
Тамақ ішер алдында қолыңды сабындап жу
Ұйықтар алдында тойып тамақ іш
Тамақтан бұрын тәттілерді көп же
Тамақты асықпай, жақсылап шайнап жеу керек
Сүт, жемістер мен көкөністер біздіә денсаулығымызды құртады
Тамақ ішіп болған соң рахмет айт

Есіңе сақта:
Денсаулықтың негізі - дұрыс тамақтану1. Қолыңды сабындап жу2. Қисаймай, түзу отыр3. Қасықты оң қолыңмен ұста4. Тамақ ішіп отырып сөйлеме, күлме, кітап, газет оқыма5. Шамадан тыс тойып ішпе6. Нанды үзіп же7. Тамақтан соң аузыңды шай, қолыңды жу.
Тамақты шын көңілмен сүйсініп ішу керекИ. П. Павлов
Ия, жоқ ойынымен аяқталық.1. Тәуліктік ас мәзірі әр түрлі болуы қажет пе? ия2. Тәулігіне екі рет тамақтансақ жетеді? Жоқ. үш немесе төрт рет3. Тамақтану процесі туралы диетолог дәрігерден кеңес сұрау керек? ия4. Тамақтандыру адамның денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілеттінің дамуына мүмкіндік береді. Ия5. Тамақтануда тазалықтың қажеті жоқ.
Уақыт шеңбері Тамақтану туралы ырым- тыйым, мақал- мәтелдерін оқушылар ортаға салады.
Қорытынды:
Жалпы дұрыс тамақтану деген сөзге толығырақ тоқталсақ:
Уақтылы тамақтану.
Яғни тамақты белгілі бір уақытта ішуге тырысу. Мезгілсіз ішілген тамақ зиян. Мысалы ұйқыға жатар алдында тамаққа тою бұл асқазанға ауырпалық түсіреді. Және тамақ ішпей жүре беру, шала-шарпы, асығыс тамақтану. Бұл да адам денсаулығына зиянды.
Тамақты дұрыс ішіп-жеу.
Тамақ жегенде дұрыс, асықпай жеу керек. Асығып, дұрыс шайнамай жеу де зиян.
Пайдалы дәрумендері бар тағам, жеміс-жидектер жеу. Жеміс-жидектер адам организіміне өте пайдалы.
Ет, сүт тағамдарын жеу. Бұл да адам денсаулығына пайдалы. Сонымен бірге дұрыс тамақтануға тазалық сақтау да жатады. Ас ішерде міндетті түрде қолды сабындап жуу керек. Жеміс-жидектерді жуып жеу керек.
Қорыту:Адам баласы өмірде екі нәрсенің қадірін білмейді. Біріншісі - денсаулық болса, екіншісі – жастық шақ. Кішкентай кезден адам баласы пайдалы тамақтармен, түрлі дәрумендермен уақытылы тамақтанса, сонда ғана баланың денсаулығы мықты әрі күшті, ой-өрісі кең болады.
Ас - адамның арқауыАспен күш артадыТағам іш жағымдыТазартар жаңынды,-деп сынып сағатын аяқтаймыз.

Жаңартылған күні: 03.02.2020 12:11
Құрылған күні: 15.11.2019 17:05

Текст