«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акколь отдела образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК, ОРТА БІЛІМНЕН КЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ

«Электрондық үкімет» порталында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызмет автоматтандырылған. Бұл қызметті күндізгі оқу бөліміне – күнтізбелік жылдың 20 маусымынан 25 тамызына дейін алуға болады. Сырттай (кешкі) оқу нысанына – күнтізбелік жылдың 20 маусымынан 20 қыркүйегіне дейін. Ол үшін «электрондық үкімет» порталында автоматтандырылуы қажет. «Білім» бөлімінде осы қызметке өту, «Қызметке онлайн тапсырыс беру», өтінімді толтыру және ЭЦҚ қол қою (электрондық цифрлық қолтаңбамен). Өтінішке мынадай құжаттарды қоса тіркеу қажет: 1) көрсетілетін қызметті алушының ата-анасының бірінің (немесе өзге де заңды өкілдерінің) электрондық құжат нысанындағы өтініші, ЭЦҚ-мен қол қою;

2) білімі туралы құжаттың электрондық көшірмесі;

3) № 086-У нысаны бойынша Медициналық анықтама құжаттарының электрондық көшірмелері;

4) 3х4 см көлемдегі цифрлық фотосурет.

Портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы хабарлама-есеп жіберіледі және құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

Жаңартылған күні: 07.07.2020 15:48
Құрылған күні: 07.07.2020 15:48

Текст