«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акколь отдела образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2019– 2020 оқу жылының Ӏ жартыжылдыққа тәрбие жұмысын саралау

2019– 2020 оқу жылының  Ӏ жартыжылдыққа тәрбие жұмысының есебі

Ақкөл орта   мектебінде 2019-2020 оқу жылында «Қазақстандық  патриотизм мен адами құндылықтар негізіндегі  жеке тұлға тәрбиесі» бағытында біршама жұмыстар атқарылды.

Мектептің тәрбиелік мақсаты:

 Еркін дамыған, денсаулығы мықты, талантты, еңбек кызметіне дайын, саналы өзін- өзі жетілдірген, өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған өнегелі тұлғаны тәрбиелеу.

Оқу жылының басында 2019-2020 оқу жылына міндеттер айқындалды, ұйымдастыру шаралар іске асты: сынып жетекшілер тағайындалды, оқушылардың және ата-аналалардың әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтер жиналды, тәрбие жоспарының бағыттары белгіленді, сынып бөлмелері бекітіліп, белгіленді.

Сонымен қатар тәрбие шараларға бақылау-басшылық жасау іске асты. Оның ішінде сынып жетекшілердің тәрбие жоспарлары тексерілді, бекіттірілді, оқушылардың киім-киісіне, күн режиміне бірыңғай талаптар қойылды. Сынып арасындағы рейтинг жүргізудің реттілігі мен мақсаттылығы және тоқсан сайынғы тәрбие жұмыстар бойынша есебі мен педагогикалық кеңесте талқыланатын мәселелер қамтылды.

Мектеп және сынып жетекшілердің тәрбие жұмыстары төмендегі бағыттарды қамтыды:

Азаматтық-патриоттық тәрбие және құқықтық тәрбие;

Рухани-адамгершілік  тәрбиесі;

Ұлттық сананы қалыптастыру тәрбиесі;

Отбасы, этнопедагогика тәрбиесі;

Еңбек,  экономикалық  және экологиялық тәрбие;

Полимәдениеттілік  пен  толеранттық  тәрбиесі;

Интеллектуалдық тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі мен эстетикалық тәрбие;

Дене  тәрбиесі мен салауатты өмір салтын ұстану.

Сонымен қатар жол қауіпсіздік ережелерін насихаттау, балалар жарақатын болдырмаудың алдын алу шаралары, өрт қауіпсіздігіне арналған шаралар, ҚР мемлекеттік нышандарын насихаттау және қолдану бағдарламасы бойынша іс-шаралар, діни экстремистік көзқарасқа қарсы жүргізілетін іс-шаралар кенінен жоспарланды. Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуды ұйымдастыру шаралары бірлесіп жасалды.

Жыл басында даталы мерекелік апталықтар сынып жетекшілерге бөлінді. Оның мақсаты: жұмысты жүйелеу, жауапкершілікті нығайту, әдістемелік материалдарды жинақтау.

Жыл басын «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынмен бастап, «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты тақырыпта сынып сағаттары өткізілді.  

Қазан айында  9-11 сынып оқушыларымен  «Жас сарбаз»  әскери патриоттык клубының мүшелері қатарына  қабылдау рәсіміне арналған салтанатты жиынымызда 5 сынып оқушылары да ант берді.

Президент күніне орай барлық сыныптарда сынып сағаттар «Алғашқы президент» өткізілді.  Қазақстанның  Тәуелсіздігіне орай  желтоқсанда «Тәуелсіз Қазақстаным – мақтанышым, байлығым» атты мерекелік концерт, «Жас Сарбаз», «Жас Ұлан» бірыңғай балалар ұйымы қатарына қабылдау  сап түзеу, «Тәуелсіз Қазақстан – сүйікті елім»  атты сынып сағаттар, «Елім менің аңсаған» атты әндер байқауы өткізілді.

16-26 қыркүйек аралығында «Қауіпсіз білім ордасы» атты онкүндігі өткізілді. Аталған онкүндік балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесіне жұртшылықтың назарын аударуға бағытталған.Бұл онкүндіктің мақсаты – білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, білім беру ұйымдарының қызметін оқыту мен тәрбиелеудің қауіпсіз жағдайларын жасау тұрғысынан зерделеу және осы бағытта қосымша шараларды әзірлеу.

Онкүндік барысында 1-11 сыныптар аралығында «Көшеде жүру ережелері», «Қауіпсіз сабақтары» сабақтары өтілді. Бастауыш сынып мұғалімдерінің ұйымдастыруымен мектепке бару және үйге қайтудың сызбасы таратылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді. 1-6 сыныптар аралығында жолқозғалысына қатысушыларды жолда абай болуға шақыру бойынша  флешмобы, «Қауіпсіздік шұғыласы» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды.1-4 сыныптар аралығында «Бағдаршам әлеміне саяхат» атты сыныптан тыс іс-шара өткізілді.

«Мектеп дәлізінде жүру ережесін» ойлап тауып, постерларда ережені таңба, суреттер арқылы бейнеледі.5-сыныптар әр түрлі жолда жүру ережелеріне ұқсастырып, дәліз ережелері мен таңбаларын ойлап тапты. 06.11.қараша күні «Адалдық- адамдықтың белгісі»деген тақырыпқа кездесу өтті

Отбасы, этнопедагогика тәрбиесі бағытында  25 қазанда  «Отбасы -тәрбие басы, мектеп – тәрбие жаршысы»  атты бірыңғай сынып сағаттары өткізілді.

Сынып сағатының мақсаты:отбасы тәрбиесі мәселелерінің өзектілігі, оқушылардың отбасындағы алатын білімін ауқымдату, әр адамның отбасындағы тұлға екендігін анықтау, баланың тұлға ретінде қалыптасуына отбасының рөлінің маңыздылығы, оның патриоттық көзқарасы.

1-4 сыныптарда: «Менің қымбатты және сүйіктілерім» ,«Бақытты адам өз үйінде бақытты» отбасылық фотосуреттер көрмесі ұйымдастырылды, отбасылық құндылықтар туралы фильм мен бейнематериалдар көрсетілді.

5-8 сыныптарда «Менің отбасымның тарихы», «Менің отбасымның фотосуреттердегі тарихы»  әңгіме-презентациялар өткізілді.

9-11сыныптарда «Отбасының рухани құндылықтары», «Генеалогиялық ағаш», «Отбасылық альбомға көз салыңыз» әңгіме-презентациялар.

Нәтижесінде оқушылар: туған үйдегі жайлылық пен жылылықты сезінуге, өзіннің Тәуелсіз еліне түсіністікпен, махаббатпен, құрметпен құрметпен қарауға үйренді.

Рухани-адамгершілік  тәрбиесі. Оқушылардың бойына адамгершілік рухани құндылықтарды сіңдіру бағыты бойынша біршама жұмыстар атқарылды. Мектебімізде 1 тамыз және 30 қыркүйек аралығында Республикалық «Мектепке жол» акциясы жоспарланып өткізілді. Әр аптаның бірінші күні мектеп психологтары оқушылармен тренинг өткізіп тұрады.

 30 қыркүйек пен 6 қазан аралығында мұғалімнің имиджін қалыптастыру, педагог мәртебесін арттыру, моральдық-материалдық ынталандыру мақсатында «Ұстазға тағзым» апталығы өткізілді.

30 қыркүйек күні барлық сыныптарда «Мұғалім мамандығы - беделді» тақырыбына  сынып сағаттары өткізілді.

1 қазан күні «Өз ұстазынды құттықта» атты барлық сынып оқушыларымен челлендж өткізілді.

Әр сынып мұғалімдер күніне арнап құттықтау ашықхаттарын жолдады.

Қазанның  екінші күні директор мен директор орынбасарлары арасында отырыс болып, алдағы күннің мәселелері талқыланды.

Отырыста мектеп директор және оның орынбасарлары, оқу бөлімдерінің меңгерушілері (дублерлер) қатысты. Мұндағы талқыланған мәселелер: мұғалімдер тізімін анықтау және оларға қойылатын талаптар. Мектеп директоры (дублер) орынбасарлары мен оқу-тәрбие ісінің  меңгерушілеріне мұғалімдерге белгіленген уақытта қазснның төртінші күні болатын сабақ кестесі бойынша берілген пәндерге жоспар  жазып, оны бекітіп қол қоюға алдын-ала дайындап келуге тапсырма берді.

"Өзін-өзі басқару" күні ойдағыдай өтті. Дублер-мұғалімдердің дайындық деңгейі жақсы болды. Әр оқушы өздеріне  жүктелген міндетті түсініп, өз істеріне тыңғылықты  дайындалған. Сабақтардың өту барысына шолу жасау кезінде олардың шынайы түрде  дайындалғандарына көз жеткіздік. Сол күні мектептің 35 жас ұстаздары арасынан   12"а" сыныбы құралды. 12 "а"  сыныбына бейнелеу өнері, логика, музыка, дене шынықтыру сабақтары оқушы-дублерлердің ұстаздық етуімен өткізілді. Сабақтар өте қызықты, сәтті өтті.

 

Ұлттық сананы қалыптастыру тәрбиесі бағытында «Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін тіл» атты Қазақстан халықтары тілдерінің күніне арналған ашық сабақтар өткізілді. Тіл мамандары «Абай – дара, Абай - дана» әдеби кеш өткізді.  Қыркүйек айында ағатәлімгердің ұйымдастыруымен қалдық заттардан «Алтын күз» көрме өткізілді.  «Күз мерекесі»-сынды іс-шарасы өтіп, аудандық «КВН»-ге қатысып сертификатқа ие болды, осы іс-шараларға оқушылар белсенді қатысып жақсы деңгейде өтті.
Мектебімізде сонымен қатар жаңа жыл мерекесіне орай «Ең керемет мереке – ЖАҢА ЖЫЛ» атты кеш өткізілді.

Еңбек,  экономикалық  және экологиялық тәрбие бағытында Мектебімізде көмекке зәру болған зейнеткерлерге қолғабыс  жасап, үнемі көмек  көрсетіп отыратын  «Тимуровшылдар  командасы» жұмыс жасайды.  Олар өздеріне бекітілген  зейнеткерлер  үйлеріне барып  әрдайым су  тасып, ағаш жару және  қар  күреу секілді жұмыстар  атқарады.

Қыркүйек айынан бастап мектепте профориентациялық жұмыс жүріп жатыр. Жоғары оқу орындары мен колледждерден келіп әңгімелесулер өткізіліп жатыр. Қараша айында 5-11 сыныптар аралығында «Кітап пен кинодағы мамандықтар» атты іс-шара өткізілді.

«Шыршаны қорғайық»акциясы жарияланып, мектеп оқушылары керек емес заттардан жаңа жылдық шырша дайындады. Барлық сыныптар сертификаттармен марапатталды.

Интеллектуалдық тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі мен эстетикалық тәрбие. Тұңғыш Президент күні аясында «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы кубогына арналған облыстық «Бала би» шешендік өнер сайысында 8 «а» сынып оқушысы Кусупбекова Аида «Үздік уәзір» номинациясын иеленді.

Полимәдениеттілік  пен  толеранттық  тәрбиесі. Қыркүйек айында мектептің қабырғасында Орысдрам театрдың қатысуымен «Чебурашканың саяхаты» атты ертегі,  қараша айында оқушыларды Көкшетау қаласындағы Ш. Құсайынов атындағы облыстық қазақ театрына барып «Тышқан ірімшікті жақсы көреді» ертегісін тамашалады.

«Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында «Шеберлер қаласы: ата-бабамыздың мұрасын сақтаймыз және дамытамыз» атты аудандық өлкетанушылық сәнді-қолданбалы шығармашылығының көрмесінде 5 «б» сынып оқушысы Житниковская Виктория 1 орынды, 11 «б» сынып оқушысы Салабаева Александра және 10 «б» сынып оқушысы Кокин Замир 2 орынды иеленді. Жетекшілері: Житниковская Т.В., Житниковский Н.В.

Дене  тәрбиесі мен салауатты өмір салтын ұстану. Кыркүйек айында жоспар бойынша «Денсаулық аптасы» акциясы өткізілді. Акция аясында «Дені сау болу – бұл керемет» атты кітап көрмесі, «Біздің отбасымызда Спорт» суреттер көрмесі, «Спортпен шұғылдан – бірінші бол» таза ауадағы жаттығулар, «Дені сау болу – бұл сәнді» мектеп оқушыларымен жүгіру, «Егер сау болғың келсе..» сынып сағаттары өткізілді.

Қараша айында «ЖҚТБ-ға қарсы күрес» тақырыбында онкүндік өткізілді. Бұл онкүндікте «Денсаулық және спорт» тақырыбында спорттық ойындар, «Сақ бол!» тақырыбында  сурет көрмесі, «Жаман әдеттен сақ бол»  тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

Мектеп қабырғасында «Шахмат», «Волейбол», «Баскетбол», «Тоғызқұмалақ», «Вокал», «Хор», «Домбыра», «Би» үйірмелеріөз жұмыстарын белсене атқарып келеді.

Қысқы демалыс күндеріне жоспар құрылып, бекітілді.

Жаңартылған күні: 19.01.2020 21:16
Құрылған күні: 19.01.2020 21:16

Текст