«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акколь отдела образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тәрбие жүмысының есебі

2018– 2019 оқу жылының  Ӏ жартыжылдыққа тәрбие жұмысының есебі.

          Ақкөл орта   мектебінде 2018-2019 оқу жылынында «Қазақстандық  патриотизм мен адами құндылықтар негізіндегі  жеке тұлға тәрбиесі» бағытында біршама жұмыстар атқарылды.

Мектептің тәрбиелік мақсаты:

 Еркін дамыған, деңсаулығы мықты, талантты, еңбек кызметіне дайын, саналы өзін- өзі жетілдірген, өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған өнегелі тұлғаны тәрбиелеу.

        Оқу жылының басында 2017-2018 о.ж. атқарған жұмыстарға талдау арқылы  2018-2019 оқу жылына міндеттер айқындалды, ұйымдастыру шаралар іске асты: сынып жетекшілер тағайындалды, оқушылардың және ата-аналалардың әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтер жиналды, тәрбие жоспарының бағыттары белгіленді, сынып бөлмелері бекітіліп, белгіленді.

Сонымен қатар тәрбие шараларға бақылау-басшылық жасау іске асты. Оның ішінде сынып жетекшілердің тәрбие жоспарлары тексерілді, бекіттірілді, оқушылардың киім-киісіне, күн режиміне бірiңғай талаптар қойылды. Сынып арасындағы рейтинг жүргізудің реттілігі мен мақсаттылығы және тоқсан сайынғы тәрбие жұмыстар бойынша есебі мен педагогикалық кеңесте талқыланатын мәселелер қамтылды.

Мектеп және сынып жетекшілердің тәрбие жұмыстары төмендегі бағыттарды қамтыды:

  1. Азаматтық-патриоттық тәрбие және құқықтық тәрбие;
  2. Рухани-адамгершілік  тәрбиесі;
  3. Ұлттық сананы қалыптастыру тәрбиесі;
  4. Отбасы, этнопедагогика тәрбиесі;
  5. Еңбек,  экономикалық  және экологиялық тәрбие;
  6. Полимәдениеттілік  пен  толеранттық  тәрбиесі;
  7. Интеллектуалдық тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі мен эстетикалық тәрбие;
  8. Дене  тәрбиесі мен салауатты өмір салтын ұстану.

Сонымен қатар жол қауіпсіздік ережелерін насихаттау, балалар жарақатын болдырмаудың алдын алу шаралары, өрт қауіпсіздігіне арналған шаралар, ҚР мемлекеттік нышандарын насихаттау және қолдану бағдарламасы бойынша іс-шаралар, діни экстремистік көзқарасқа қарсы жүргізілетін іс-шаралар кенінен жоспарланды. Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуды ұйымдастыру шаралары бірлесіп жасалды.

Жыл басында даталы мерекелік апталықтар сынып жетекшілерге бөлінді. Оның мақсаты: жұмысты жүйелеу, жауапкершілікті нығайту, әдістемелік материалдарды жинақтау.

Жыл басын «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынмен бастап, «Мен өз Отанымның патриотымын» атты тақырыпта сынып сағаттары өткізілді. Қыркүйектің 13 күні Отбасы күніне орай Аристанова А.Қ. «Отбасы – бақыт мекені» атты тақырыпта ата-аналар мен оқушылар арасында дөңгелек үстел  өткізді. Және қыркүйек айында өткен «Тіл тұтастығы-ел тұтастығы» атты тілдер онкүндігімен басталды. Алғашқы күні «Тіл–ұлттар ұйтқысы» деген атпен Гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен үш тілде құттықтауымен апталықтың ашылу салтанатты жиынын өткізді. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Иванова Н.П. тілдер мерекесіне орай үлкен мектепшілік іс-шара өткізді.

Қыркүйек айында мектеп психологтарымен бірге  барлық сыныптарда ата-аналар жиналыстары өткізілді.

Жыл сайын оқу жылының басында жол қозғалысы мәселесіне аса көңіл бөлініп,балалардың жол қозғалысындағы келеңсіз оқиғадан сақ болуына бірден бір көмегі тиеді.Осыған орай қыркүйек айында  мектепте «Назар аударыңыз,балалар!» атты жедел профилактикалық іс шара жоспары өтті. Бұл шараға бізде мектебімізде көптеген шаралар өткізілді. Алдымен дәлізге «Назар аударыңыз,балалар!» тақырыбында кең көлемде жол ережесі туралы стенд жасақталды. Стендте жол белгілері,жол қозғалысының ережесі туралы көптеген мәліметтер ілінді.

Қазан айында өткен  «Қарттарды қолдау» атты айлығында салтанатты жиын өткізіліп, барлық сыныпта сынып сағаттары өткізіліп,  «Ақниет» ұйымының басшылығымен мектебімізге бекітілген  ардагерлердің үйіне барып үй маңын және көше маңын тазалап берді. Қарттар балаларға ризашылығын айтып батасын берді. Қыркүйек,Қазан мен қараша айларында «Экологиялық десант» атты тақырыбында экологиялық акция өтті. Акцияда мектеп ауласы, ауыл іші  қоқыстан тазаланды.  Және осы айда «Алтын күз» тақырыбында өткен сайыс Омарова Н.А. ұйымдастыруымен өтті, бастауыш сыныптар аралығында Жармағамбетова М.М., Житниковсакя Т.В. Сорокина А.Р., Абуова Б.Т. ұйымдастыруымен «Күзгі бал» мерекес ойдағыдай өтті.  Және осы ай ішінде  аға тәлімгер  Омарова Н.А. ұйымдастыруымен   « Ұстаз ұлы тұлға» мерекелік сазды бағдарлама өте сәтті өтті. Қараша айында «ЖҚТБға қарсы күрес» тақырыбында онкүндік өткізілді. Бұл онкүндікте «Денсаулық және спорт» тақырыбында спорттық ойындар, «Сақ бол!» тақырыбында  сурет көрмесі, «Жаман әдеттен сақ бол»  тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.

1 желтоқсан – Қазақстан Респуликасының Тұңғыш Президенті күніне орай мектеп бойынша ауқымды іс-шаралар жоспары бекітілді. 
Жоспарға сәйкес, оқушыларғаТұңғыш Президенттің мемлекет қалыптасуындағы, дамуындағы еңбегі, барша әлемге танылған, өмір еңбектің шытырман жолдарынан өткен,  болашақты көрегенділікпен саралап, өткенінің өзі – көпке үлгі болар өмірбаянымен таныстыру мақсатында.  25 қарашадан бастап  мектебімізде «Президент күні», «1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні», «Елін сүйген, елі сүйген Елбасы» , «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың ерекше тұлғалық болмысы» атты  сынып сағаттар өтті. Сынып сағаттарында Президенттің өмірбаяны,еңбек жолы, елбасының қазіргі таңдағы жетістіктері туралы оқушылар мағлұмат алды. Оқушылар өте қызыға қатысты. Сонымен қатар  осы мерекеге орай мектеп кітапханасында«Тұнғыш Президент күні-тарихи мазмұны зор күн» атты кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге елбасының «Тарих толқынында», «Бейбітшілік кіндігі», «Тәуелсіздік белестері», «Тарих толқыныңда», «Сындарлы он жыл» әдеби кітаптарі қойылды.

Тәуелсіздік күніне орай 10 қыркүйектен бастап жүйелік жоспар бойынша жұмыс жасадық. Күнделікті Желтоқсан айында әр түрлі іс-шаралар өткізіліп отырылды. Тәуелсіздік күніне  орай «Жас Ұлан» бірыңғай балалар ұйымына мектептің 20 оқушысы қабылданды.  Осы айдың соңында Жаңа жыл мерекесін атап өттік. Бұл мереке 27,28 желтоқсан күндері өткізілді. Бастауыш сыныптарда ертеңгілікті Сандыбаева Б.С., Сейтенова Г.Ж., Кабдуллова Г.Р. ұйымдастыруымен   өткізілсе, ал ортаңғы буында Шайхыгалиева Б.С., Альжапарова А.Ж.,  жоғарғы сыныптарда мерекелік кешті Маштиева Б.З., Ескендирова Г.А.ұйымдастыруымен өткізілді. Жаңа жылдық мерекесіне барлық сыныптар қатысты. .

Тәңертеңгі ертеңгіліктер оқушыларыдың және ата-аналардың қатысыумен

қызықты  өтті. Оқушылар сайыстарға  қатысып, тәтті сыйлықтарына ие болды,  өз өнерлерін ортаға салып көрермендерді  қызықтыра білді.

Жоғары сыныптарының жаңа жылдық кеші ертегіден басталды.

Жаңа жылдық  мерекелер  қызықты 

өтті, ата-аналар өз ризашылықтарын білдіріп, мектеп ұжымына сәттілік

тіледі.  Қысқы демалыс күндеріне жоспар құрылып, бекітілді.

 

     

Жаңартылған күні: 07.04.2019 15:55
Құрылған күні: 08.04.2019 09:20

Текст