Комикс (ағылш. comic — күлкілі) — суретті әңгімелер, комикс әдебиет пен бейнелеу өнері секілді өнер түрлері сипатты.
Комикстың көптеген анықтамалары бар. Олардың барлығы ақыр соңында оның белгілі бір әңгіме туралы сөз шертетін суреттердің тізімі сай келеді. Комикс - бұл хикая мен визуалды іс-әрекеттің бірлігі. «Комикстің мәні» (ағылш. Understanding comics) атты кітабында Скотт МакКлауд «бірізді кескіндер» іспетті қысқаша және «мағыналық бірізділікте көршілес суреттердің және басқа да кескіндердің» анықтама береді.
Комикстарда мәтіннің болуы қажет емес, интуициялық түсінікті сюжеті бар «мылқау» комикстер де бар (мысалы, «Арзак» Жана Жиро). Бірақ көп жағдайда комикстерде төл сөз автордың аузынан «үрленіп шығатын» филактердің - «сөздік көпіршіктің» көмегімен беріледі. Автор сөзі кадрдің үстінде не астында беріледі. Стандартты комикс 17х26 см мөлшерлі болып келеді.
Комикстер әдеби жанр бойынша, сурет салу жағынан да әр түріл болып келеді. Классикалық әбебиет туындыларынын еңбектері де комикс түріне бейімделеді. Тарихи қалыптасқан түрі қызықты оқиға түрі.