Тәрбие сағатының барысы:
І. Ұйымдастыру.
«Көңілді смайликтер».
Топқа бірігу.
Міндеттеу белгісі
Тыйым салу белгісі .
Ескерту белгілері
ІІ. Негізгі бөлім.
«Бір дерек» айдары (бейне көрсетілім).
Постер қорғау айдары.
Жолда жүру ережелеріне шолу айдары.
Викториналық сұрақтар айдары.
«Сөздік қоржын» айдары
ІІІ. Қорытынды бөлім.
«Алғыс білдіремін» әдісі
І. Ұйымдастыру.
1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме, аса қадірменді ұстаздар және оқушылар?! Біз өмірімізді, денсаулығымызды қорғаудың бірден - бір кепілі көшеде жүру ережелерін білу. Бүгін осы көшеде жүру ережелері бойынша «Қауіпсіз мектеп автобусы» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Себебі, жолда жүру тәртібін білу әрбір оқушы, әрбір адам үшін маңызды деп білеміз.
2-жүргізуші: Жолда жүру ережелеріне арналған сынып сағатымызды Шөмішбай Сариевтің мына -өлең жолдарымен бастаймыз.
Арманға алдан күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Алдымен беріледі сәлем деген.
1-жүргізуші: Олай болса бүгінгі тәрбие сағатына қатысушы оқушыларға сәттілік тілей отырып, «Көңілді смайликтер» арқылы бір-бірлеріңізге ізгі тілектер айтсаңыздар.
1-жүргізуші:
3 топқа біріксек.
Міндеттеу белгісі.
Тыйым салу белгісі.
Ескерту белгілері.
ІІ. Негізгі бөлім.
2-жүргізуші:
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба - деп күнделікті жолды бағдарлаушы бағдаршам тарихына назар аударайық.
«Бір дерек» айдары.
1-жүргізуші:
Постер қорғау айдары.
Жол тәртібі кімге керек – бірге ойланып көрелік,
Әрқайсыңның қылығыңа әділ баға берелік.
Ережені жақсы білген ортаға шық, жас ұлан,
Біліміңді сарапқа сал, біз етейік төрелік –деп алдарыңызда тұрған постерге топ аттарына сәйкес келетін жол белгілерін атап көрсетсек.
Міндеттеу белгісі.
Міндеттеу белгілері бір бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етілетіндігін көрсетеді. Солға бұрылуға рұқсат ететін белгілер кері бұрылуға да рұқсат береді. Жиегі ақ жолақпен көмкерілген көк түсті, пішіні дөңгелек не тік төртбұрыш болып келетін 18 белгіден тұрады.
Тыйым салу белгісі.
Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді немесе бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Олардың пішіні дөңгелек болады, шеті қызыл жолақпен көмкеріліп, ақ түсті ортасында тыйым салатын шартты белгілер көрсетіледі.
Ескерту белгілері.
Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақындағанын хабарлайды. Ол айналасы қызыл жолақпен көмкерілген ақ түсті тең қабырғалы үшбұрыш түрінде жасалып, ортасына қауіп түрін айқындайтын шартты белгілер салынады.
2-жүргізуші:
Жол жүру белгілерін біліп алдық, келесі кезекте «Жолда жүру ережелеріне» шолу жасап өтсек.
1-оқушы.Жолда жүру ережелерін сақтау - жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің басты кепілі. Бастауыш, орта және жоғары мектеп жасындағы оқушыларға арналған жол жүру ережелер жиынтығын ұсынамыз.
2-оқушы. №1 Жолда жүру бөлігін кесіп өту ережелері.
Жолды тек жаяу жүргіншілерге арналған жолмен жүріп, бағдаршамның жасыл түсі жанған сәтте өту.
Бағдаршам болмаған жағдайда немесе істен шықса, жаяу жүргіншілерге арналған жолақпен (зебра) өте қажет. Алдын ала жол қауіпсіздігіне көз жеткізу қажет.
Жер асты жолы-ең қауіпсіз.
3-оқушы.№2 Елді мекендерден тыс жерлерде жаяу жүргіншілердің жолда жүру ережесі.
Егер тротуар немесе жаяу жүргіншілер жолы болмаса, жолдың көлік жүретін бөлігіне шықпастан , жол жиегімен жүруге болады.
Жол екі жаққа да жақсы көрінетін аймақта, қысқа жол бойымен жолдың жүру бөлігіне өту кезінде қауіпсіз екеніне көз жеткізу қажет.
Тәуліктің қараңғы уақытында өзіңізді жарық шығаратын элементтермен белгілеңіз, оларды киімге, сөмкеге бекітуге болады.
4-оқушы. №3 Жолаушылардың тәртіп ережелері.
Автокөлікке отырған кезде міндетті түрде қауіпсіздік белдігін тағыңыз.
Автобуста, тролейбуста және трамвайда жүргенде белгілі бір орынға отырыңыз немесе тұтқадан ұстанып тұрыңыз. Жүгіруге және басқа адамдарға кедергі жасамаңыз.
Көлік жүргізушісіне кедергі жасауға және қозғалыс кезінде алаңдатуға болмайды.
5-оқушы. №4 Автобус аялдамалары бар орындарда жолдан өту ережесі.
Автобус, тролейбус, трамвайды күткен сәтте аялдау алаңында тұру қажет. Сонымен қатар жүріс-тұрыс ережелерін сақтау керек: жүгірмеу, итермеу, тротуардың шетіне тұруға болмайды, мұқият болу керек.
Маршруттық көлік аялдамасында, жаяу жүргіншілерге жақын жерде жаяу өткіншілер өтпесі болғанда ғана рұқсат етіледі. Маршруттық көліктің кетуін күтіп, жолдың екі жағынан да басқа көлік құралдарының жоқтығына көз жеткізгеннен кейін ғана жолдан өтіңіз.
Егер трамвайға отырғызу жүру бөлігінен жүзеге асырылса, онда оған трамвай толық тоқтағаннан кейін ғана шығуға рұқсат етіледі.
6-оқушы. №5 Жол бөлігінің жанындағы тәртіп ережелері.
Жолдың көлік жүретін бөлігінің жанында ойнамаңыз. Бұл өте қауіпті.
Тіпті жаяу жүргіншілер жолыннан өткенде сақ бол. Тез қозғалып келе жатқан автокөлік бірден тежегішті баса алмайды.
Жолдың көлік жүретін бөлігінде, тіпті өз үйініңіздің ауласында да ойнамаңыз.
7-оқушы. №6 Жол-көлік оқиғасы кезіндегі жүріс-тұрыс қағидалары. Егер сіз жол-көлік оқиғасының куәгері болсаңыз, сізге:
жол-көлік оқиғасын көргенде барлық адамдардың тегі мен телефондарын, оқиға орнына жақын қалған құралдар туралы деректерді жазуыңыз қажет.
жедел медициналық көмекті 103 телефоны бойынша шақыру және болған жағдай туралы МАИ қызметкерлеріне 102 телефоны бойынша хабарлау.
оқиға куәгерлері туралы алынған деректерді МАИ қызметкеріне беруіңіз қажет.
8-оқушы. №7 Велосипедті басқару ережесі
велосипедпен жүру арнайы велосипед жолымен жүзеге асырылуы тиіс.
велосипед жолы болмаған кезде велосипедші жаяу жүргіншілердің қозғалысына кедергі келтірмей, жол жиегімен, тротуармен немесе жаяу жүргіншілер жолымен қозғалуға тиіс.
жол арқылы өткен кезде велосипедші велосипедті өзімен бірге алып жүруге тиіс.
9-оқушы. №8 велосипедті басқару ережесі.
балаларға велосипедпен жолаушыларды тасымалдауға тыйым салынады.
велосипедші рульге ұстамай және басқышқа аяғын қоймастан қозғалуға тыйым салынады.
велосипедпен жүру кезінде тәуліктің қараңғы уақытында велосипедке: алдыңғы - ақ түсті фар, артқы - қызыл түсті фонарь енгізілуі тиіс. велосипедші қорғаныш дулыға және жарық қайтарғыш элементтерді кию керек.
10-оқушы. №9 Мопедті басқару ережелері.
Егер механикалық құралда қозғалтқыштың жұмыс көлемі 50куб. см артық болса және қозғалыстың ең жоғары жылдамдығы 50км/сағ артық болса, бұл мотоцикл.
Мопедті басқару үшін сізге 16 жас толуы керек.
Мопедтегі қозғалыс жол жиегі немесе жол бөлігі бойынша жүзеге асырылуы тиіс. Мопед жүргізушісіне тротуармен , велосипед және жаяу жүргіншілер жолымен жүруге болмайды.
11-оқушы. №10 "А" санатындағы жүргізуші куәлігін алу ережесі.
мотоцикл жүру үшін: сізге 16 жыл болуы керек. мотоциклді басқаруға жарамдылығы туралы медициналық анықтама алу қажет.
сіз оқудан өту керек.
сіз МАИ-ға емтихан тапсырып,"А" санатындағы жүргізуші куәлігін алуыңыз керек. мотоцикл МАИ-да тіркелуі тиіс.
12-оқушы. №11 Жол қозғалысының жас инспекторлары (ЖЖИ). ЖЖИ негізгі міндеттері:
1.Мектептерде және ересектер арасында жол жүру ережелерін белсенді насихаттау.
жол-көлік оқиғалары кезінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету шараларын үйрету.
ЖЖИ байқаулары мен слеттеріне, конкурстар мен жарыстарға қатысу.
жас жаяу жүргіншілер мен велосипедшілермен жұмысты ұйымдастыру.
13-оқушы. №12 жол қозғалысы ережелерін сақтаудың жеке мысалы.
мен қауіпсіздік белдігін тақтым. Әке, ана сіздерде қауіпсіздік белдігін тағыңыздар!
мен жол жүру ережелерін сақтаймын. Әке, ана сіз де сақтаңыздар, жылдамдықты асырмаңыздар.
ата-аналар, өзіңді және мені түнгі уақытта жарық шығарғыш элементтермен белгілеуді ұмытпаңыздар.
1-жүргізуші: Келесі айдарымыз «Викториналық сұрақтар». Экранда көрсетілген бағдаршамның әр көзінде тұрған сұрақтарға топпен жауап берсеңіздер.
Жауап: Ертеректе аталарымыз атқа мініп немесе ат жеккен күймемен баяу жүретін болған. Уақыт өте келе жолдың қажеттігі туындаған. Жол пайда болғаннан кейін ар жеккен арбалармен қатар түрлі көлік түрлері де пайда бола бастады. Көлік түрл ері көбейген сайын жолдағы тәртіпсіздік те көбейе түсіпті, сондықтан 1742 жылы ат жеккен күймелердің айдаушыларын жауапқа тартатын заң енгізіліпті. Тарихтан 1812 жылы Ресейде тұңғыш рет оң жақ қапталмен жүру тәртібі енгізіліпті және жылдам жүрушілерге шектеу қойылып, экипаждардың жүріс-тұрысын реттеуге алғашқы қадамдар жасалғанын білуге болады.
Жауап: Елімізде жолда жүру ережелері алғаш рет 1938 жылы Алматы қаласында пайда болыпты және ол тек қала аумағындағы көшелер мен жұмысшы поселкілеріне қатысты болған екен. Сол жылы Алматы қаласы бойынша тек 109 көлік қана болыпты. Дегенмен көліктің санының аздығына қарамастан сол кездің өзінде жол - көлік оқиғалары орын алыпты. Ал еліміз тәуелсіздік алғаннан бері жолда жүру ережелері Жолда жүру халықаралық Конвенциясының талабына сай өзгертілген болатын.
Жауап: Әрине, болады. Себебі жолда жүру белгілерін тану үшін шет тілін білу қажет емес, сіз қай тілде сөйлесеңіз де, жол белгілері ортақ, бірдей әрі түсінікті болады. Жол белгілері "халықаралық тіл" болғандықтан олардың көмегімен қандай бағытта жүру керектігін білуге болады.
2-жүргізуші: Тәрбие сағатымыздың ең қызықты бөлімі «Сөздік қоржын» айдары. Әр оқушы қоржыннан ағылшын тіліндегі сөздерді алады. Экранда шыққан суреттермен сәйкестік орната отырып алдымызда тұрған тақтаға жабыстырады.
Avoid-Аулақ болу
Bus stop-Аялдама
Car crash-Жол апаты
Child seat-Балалар отыратын орын
Crossing road-Кесіп өтетін жол
Cycle line-Велосипед жолы
Еnd up-Аяқталу
Get stuck-Кептелісте қалу
Speed limit-жылдамдық шектеуі
Lorry-Жүк көлігі
Motorway-Aвтомагистраль
Parking fine-Tұрақ айыппұлы
Petrol station-Жанармай құю станциясы
Roadworks-Жол жұмыстары
Scooter-Скутер
Seat belt-Қауіпсіздік белбеуі
Speed camera-жылдамдық камерасы
Тaxi rank-Такси тұрағы
Tram-Трамвай
Қорытынды бөлім.
1-жүргізуші: Тәрбие сағатының барысы сәтті өткені сіздердің арқаларыңызда. Сол үшін бір-бірлеріңізге АЛҒЫС білдіріп («Алғыс білдіремін» әдісі) келесі кезекті әсем биге берсек.
2-жүргізуші: Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындасаңыз ғана аман - есен жүруге болады. Көше тәртібін сақтау – біздің міндетіміз! Егер жол ережесін бұзсаңыз, тек өзіңізге қауіп төндіріп қоймай, басқа адамдарға да зияныңды тигізесіз. Сондықтан, жолда сақ болыңыздар! Көше тәртібін естен шығармаңыздар! – деп бүгінгі тәрбие сағатын тәмәмдаймыз. Аман-сау болыңыздар!