ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
2.1 Қамқоршылық кеңестің негізгі мақсаты білім беру процесіне қатысушылардың оқыту, тәрбиелеу, өмірі мен қызметінің сапасын жақсарту болып табылады.
2.2 Қамқоршылық кеңестің негізгі міндеттері:
1) мектептің үздіксіз жұмыс істеуіне және дамуына жәрдемдесу;
2) оқу-тәрбие процесін жетілдіруге қатысу және білім беру сапасын арттыру;
3) мектептің оқу-материалдық және техникалық базасын нығайту;
4) инновациялық және ғылыми-зерттеу қызметін қолдау;
5) қазақстандық патриотизмді, азаматтықты, адамгершілік-рухани, дене бітімі сау және әлеуметтік
белсенді тұлғаның толеранттылығын қалыптастыру үшін тәрбие жүйесін жақсартуға жәрдемдесу;
6) қаржылық, материалдық және өзге де қолдау түрлерін жүзеге асыруда күш-жігерді біріктіру;