12 маусым күні біздің мектептің 23 оқушысы Зеренді ауданының киелі жерлеріне сапарға барды . Оқушыларды апарған тарих пәнінің мұғалімі Жулдыз Багдатовна және география мұғалімі Аягоз Уалихановна
Рухани жаңғыруымыздың ақ жалауындай жарқырап көңілімізге күлімдеген күн нұрын құйғандай Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жерге туыңды тік», «Туған жер» бағдарламаларын қолға алуды ұсынамын, – деген еді. Осындай терең мағыналы жобамен дамуымызға жол көрсетіп тұрған теңдесі жоқ мүмкіндіктерді зерделей отырып, қалайша шабыттанбасқа, қалайша ойланбасқа?! Шын мәнінде, әсіресе, қазақ халқының дамуындағы нәр алған қазыналы қазығы, қадірлі қасиеттерінің бәрі де осы ауылда жатқан жоқ па. Ауылдың жері, суы, сай-саласы, ауасы, табиғаты, аңы, құсы, жазы мен қысы, көктемі мен күзі, кімдерді тебірентпеген, таңырқатпаған. Осы жәйттерге орай туындаған шынайы махаббат, сүйіспеншілік, елді, жерді сүю, бүкіл адами құндылықтар тоқайласқан туған ауыл алтын арқауымыз ғой жарықтық.