«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акколь отдела образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралыеп формасы

ҚР Конституциясының 3-бабына сәйкес азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік беріледі. Орта білім міндетті. ҚР "Білім туралы" Заңының 28-бабының 4-тармағына сәйкес оқу-тәрбие процесінде нәсілдік, этникалық, діни, әлеуметтік непасыздық пен айрықша болмысты, халықаралық құқық пен гуманизмнің жалпыға бірдей танылған қағидаттарына қайшы келетін өзге де идеяларды насихаттауға тыйым салынады. Заңның 49-бабы 2-тармағының 3, 6 және 7-тармақтарына сәйкес ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер білім беру ұйымының жарғысында айқындалған ережелерді, білім беру саласындағы уәкілетті орган белгілеген міндетті мектеп нысанына қойылатын талаптарды орындауға және білім беру ұйымында белгіленген киім нысанын сақтауға міндетті. Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп нысанына қойылатын талаптар 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" ҚР Заңының 5-бабының 14-1) тармақшасына сәйкес әзірленді (ҚР БҒМ 14 қаңтардағы № 26 бұйрығы 2

 

Орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар

      5. Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы (бұдан әрі – мектеп формасы) оқытудың зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады.

      6. Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі.

      7. Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.

      8. Ұлдардың мектеп формасы:

      пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде, не түймелері бар немесе сыдырмалы тоқылған күрте/кардиган, поло жейде немесе тенниска (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

Жаңартылған күні: 08.09.2023 08:25
Құрылған күні: 08.09.2023 08:31

Текст