Мамандық - адамнан арнаулы білім, еңбек дағдылары мен іскерлікті талап ететін еңбек іс-әрекетінің түрі. Мамандық - қарапайым өмір сүру көзі болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті талап ететін еңбек қызметінің маңызды бөлігі.
Мамандық таңдау - тағдырыңды таңдау деген сөз. Кейінгі өмірде өкінбейтіндей, өз қабілеті мен бейімділігіне сай кәсіп түрін таңдау. Бұл өте жауапты және маңызды іс. Мамандық таңдауда әр адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне, бейімділігіне, қалауына сүйену керек.
Мамандық саналы қадам,оған барлық уақыт пен күш жұмсалады.Әр адам үшін мамандық таңдау қиын және жауапты қадам болып табылады.Мамандық таңдау адамның қызығушылығына,қабілеттеріне және мінез ерекшеліктеріне байланысты. Мамандықтың көптеген түрлері бар: дәрігер,мұғалім,экономист,дизайнер және тағы мыңдаған түрлері. Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез - келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың жолы ғана емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе.
Биыл мен үшін жауапты кезең,өйткені биыл мектеп табалдырығымен қоштасамын.Соңғы оқу жылы,алда үлкен белестер, тарау - тарау жолдар күтіп тұр. Әрбір адам өзін - өзі дамыта алу үшін білім алып, сол біліміне сай мамандыққа машықтану керек
11-сыныпқа келгендіктен,мен саналы қадамның жолында тұрмын. Бала кезімнен мұғалім болуды армандадым.Сондықтан дефектолог болуды жөн көрдім.Мен балалармен тез тіл табыса аламын. Бұл жұмыстың қаншалықты қиын екенін біле отырып,өмірімді осы кәсіппен байланыстыруды жөн көрдім.Дефектолог - бұл ерекше балаларға біздің қоғамда бейімделуге көмектесетін адам.Олардың физикалық,моральдық дамуына көмек беру.Дефектологтың мамандығы –мұндай балаларға тәсіл табуға,кішігірім жетістікке қуануға,шыдамды,жауапты болуға үйрету.Дефектологтың жұмысы өте ауыр,сізге тапсырылған әр бала үшін жауапкершілікті талап етеді.
Екінші жағынан бұл игі іс,өйткені сіз балаларға ғана емес,олардың ата-аналарына да осындай балаларға дұрыс тәрбие беруге көмектесеміз.Оқыту кезеңінде,сіз өзіңіз де үйренесіз,ерекше бүлдіршіндермен жұмыс жасай отырып,сізге ерекше басқа көзбен қарап және кез келген кішкентай,болмашы нәрсеге қуануға олармен бірге үйренесіз.
Қазіргі уақытта ерекше қамқорлықты қажет ететін мұндай балаларға ерекше көңіл бөліп, қалыпты адам қатарына қосып, сый-құрмет көрсететін болды.
Алда қойғам мақсатым,осы мамандыққа байланысты оқу орнын дұрыс таңдап,жоғарыда айтқанымдай,өзім сүйген,таңдаған мамандығымның күшті маманы болып,ерекше балаларға кішкене де болса да үлес қоса алсам деген ойым бар.Сол ойымның,мақсатымның орындалатынына кәміл сенемін.
Ақын Ш.Құдайбердіұлы айтқандай, «Өзіңді өзің танысың-істің басы»деген деген екен. Мен өзімді танып білдім деп ойлаймын,алдағы уақытта мен немен айналысатынымды,кім болатынымды,толық білдім және оған мен іштей дайынмын деп айта аламын.Дефектолог маманының хас шебері болу үшін бар күшімді,білімімді арнаймын.