«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акколь отдела образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бұрымды қыз

І - жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар, аяулы ата - аналар, және де осы мектептің оқушылары! Бүгін  Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған «Бұрымды қыз» байқауын тамашалауға қош келдіңіздер!
ІІ ведущий:

Добрый день, уважаемые учителя, родители и ученики нашей школы! Сегодня замечательный день — праздник пробуждения новой жизни, праздник мира и весны. Наурыз — праздник весеннего равноденствия, когда, наконец-то, после долгой зимы, светлое время суток становится равным темному по своей продолжительности, а потом начинает неуклонно увеличиваться. Таким образом этот праздник олицетворяет собой начало начал, возрождение природы, торжество светлых сил добра над темными силами зла.
 І жүргізуші:

Қазақ халқы «қыз» деген сөздің өзін әдептіліктің, әдеміліктің, инабаттылықтың, сұлулықтың белгісі деп таныған. Әсіресе қыз баланың көрікті болып өсуіне анасы ерекше көңіл бөліп, «Аттың көркі - жалы, қыздың көркі - шашы» деп қыздың шашын күтіп өсіруді өнер санаған. Ол үшін оның шашын айранмен, қынамен жудырған. Шаштарын «қос бұрым» немесе «бестемше» етіп өру бойжеткен қыздың көркі болған. Қазақ халқының жырларында қазақ қыздарының шаштарын керемет суреттеген: «Шашының ұзындығы ізін басқан», «Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», Қыпша бел, қиылған қас, қолаң шашты».
ІІ – ведущий:

Сверкают росы, тают облака,

Приходит новый день обыкновенно

И светится вселенная, пока

Свет девушки расплескан по вселенной.

І жүргізуші: 
Армысыздар ағайын, құрбы - құрдас!
Бармысыздар жан күйер, әр қауымдас!
Бүгінгі кеш әуенін біз бастайық,
Сайыста көңілменен қол соғайық!
ІІ жүргізуші: 
Уа, арулар, арулар,
Ешкімің жоқ алалар,
Ару болу үлкен сын.
Оны қазың бағалар,- деп қазылар алқасымен таныстырамыз.

1.  Тәрбие ісінің меңгерушісі: Алимбетова Улфат Сакеновна  

2. Председатель родительского комитета: Абдина Айсулу Курмангазиевна

3. Тәрбие ісінің меңгерушісі:   Абуова Бақыт Теміргалиевна

ІІ ведущий: Слово для поздравления предоставляется дирекору школы Киселенко Людмиле Станиславне

І-жүргізуші:

Бүгінгі сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып өтейін.
І - Эстетикалық талғам. (Бұл сайыста қыздардың киімі, шаштың өрімі, жүріс – тұрысы бағаланады.)
ІІ -«Мен қазақтың қызымын дара туған» таныстыру.
ІІІ – «Қыз еркем – кестесімен көркем» Қол өнерін көрсету.

ІҮ- Шаш үлгісін көрсету

Ү – Өз өнерін көрсету

VI – Сұрақ – жауап

ІІ - ведущий: Хотим познакомить вас с этапами конкурса:

І – эстетический вкус (на этом этапе оцениваются одежда, прическа, манера девушек)

ІІ – Самопрезентация

ІІІ – подделки

ІҮ – показ причесок

Ү – творчество

ҮІ – вопрос-ответ

І жүргізуші: Шаймурат Әминаны «Көңілді күн» әнімен қабыл алыңыздар

І - жүргізуші:

Уа, халайық, халайық,
Мұнда назар салайық.
Бұрымды қыз сайысын.
Рұқсат болса бастайық.

ІІ ведущий: :

А сколько красавиц

Собралось сегодня!

Есть западный вкус

И манера востока,

Прекрасные дамы Шекспира и Блока,

Мадонн, балерин, Незнакомок портреты…

Участницы нашего конкурса, как весенние цветы: такие же прекрасные, нежные, чувственные.

І - жүргізуші:
Білектей арқасында өрген бұрым,
Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын,
Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты,
Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін, деп - Абай атамыз жырлағандай, байқауымыздың
І бөліміне кезек берейік. Бұл бөлімде Эстетикалық талғам - деп аталады. Бұл сайыста қыздардың киімі, шаштың үлгісі, жүріс - тұрысы бағаланады.

(Аруларды кезекпен, бір – бірлеп шақырамыз)

№1 аруымыз.

№2 аруымыз.

№3 аруымыз.

№4 аруымыз.

№5 аруымыз.

№6 аруымыз.

№7 аруымыз.

№8 аруымыз.

 (Әділқазылар алқалары бағаларын береді)
І - жүргізуші:
Бойжеткен арулар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға

Жаймен басып сахнаға келіп жетті.
Әдеппен, ізетпен танысуға,- демекші
ІІ бөлім «Мен қазақтың қызымын дара туған» таныстыру. Рет бойынша арулар өздерін таныстырып шықсын.

№1 аруымыз.

№2 аруымыз.

№3 аруымыз.

№4 аруымыз.

№5 аруымыз.

№6 аруымыз.

№7 аруымыз.

№8 аруымыз.

 (Әділқазылар алқасы бағаларын береді.)

Ән:  Амантай Райымбек  Ретро қыз әнімен қабыл алыңыздар

ІІ - жүргізуші: Байқаудың  IІІ кезеңі «Қыз еркем – кестесімен көркем»
Бұл кезеңде Әр бойжеткен қыз өзінің қолынан келетін бір ісмерлік өнерін көрсетеді және қалай жасалғаны туралы әңгімелейді.

(Әділқазылар алқасы бағаларын береді.)

Ән:    Отан Санжар «Бол жанымда»

І - жүргізуші:

IV бөлім  Сұлу қыздар, ару қыздар, бұрымдылар,
 Шашты кеспей оны күтіп қараңдар.
Қыздың көркі шаш екенін түсініп,
Өріп қойып шаш үлгісін жасаңдар, - дей отыра қыздар өрім түрлерін көрсете отырып, шаш үлгісін жасайды .

№1 аруымыз.

№2 аруымыз.

№3 аруымыз.

№4 аруымыз.

№5 аруымыз.

№6 аруымыз.

№7 аруымыз.

 

№8 аруымыз.

 (Әділқазылар алқасы бағаларын береді.)

ІІ ведущий: На сцену приглашается  Асылбек Шынар с песней «Мереке»

ІІ – жүрзізуші:

V бөлім  Аруларымыздың соңғы сайысы ән айту,би билеу яғни, қолынан келетін өздерінің өнерін көрсету.

№1 аруымыз.

№2 аруымыз.

№3 аруымыз.

№4 аруымыз.

№5 аруымыз.

№6 аруымыз.

№7 аруымыз.

№8 аруымыз.

 (Әділқазылар алқасы бағаларын береді.)

І - жүргізуші:
Қазағымның салт - дәстүрін сақтаған,
Осындай бар қыздар үшін мақтанам.
Жарасып тұр шашбау таққан бұрымы,
Көргенді ғой сені өсірген ақ мамаң.

II-Ведущий  : Вот и подошел к концу наш праздник. Просим жюри подвести итоги , а пока мы приглашаем всех конкурсанток выйти сюда для подведения итогов.

Әділқазылар алқасының  шешімі дайын болғанша 10 сыныптар жігіттерінің әзілдерін қабыл алыңыздар

Әділқазыларға сөз кезегін берейік

 

 

ІІ жүргізуші:
Сау болыңдар, көргенше,
Қайта айналып келгенше.
Жиі келіп тұрыңдар,
Қоштасайық ендеше!
 

 

 

Жаңартылған күні: 27.03.2019 17:23
Құрылған күні: 27.03.2019 17:23

Текст