Ақкөл ауылының жалпы білім беретін орта мектебінде экстремизм мен терроризмнің алдын алу
жүргізілетін ақпараттық-түсіндіру жұмыстары туралы ақпарат
Ақкөл ауылының жалпы білім беретін орта мектебінде экстремизм мен терроризмнің алдын алу,
сондай-ақ оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүйелі және тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Мектептің ресми интернет-парақшаларында, әлеуметтік желілерінде және мессенджер топтарында зайырлылық қағидаттарын түсіндіру,
деструктивті діни ағымдардың белгілері туралы ақпарат беру, сондай-ақ экстремизм мен терроризмнің алдын алу
бағытында түрлі ақпараттық материалдар тұрақты түрде жарияланып отырады.
Аталған жұмыстарға мектеп әкімшілігімен қатар мектеп психологы, әлеуметтік педагог және сынып жетекшілері белсенді
түрде қатысып, оқушылар мен ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады.
Жарияланатын материалдардың негізгі бағыттары:
Мектеп психологы оқушылардың психологиялық жағдайын бақылап, күмәнді өзгерістердің алдын алу бойынша жұмыстар жүргізсе,
әлеуметтік педагог оқушылардың әлеуметтік ортасын зерттеп, тәуекел топтағы балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Ал сынып жетекшілері тәрбие сағаттары мен ата-аналар жиналыстары барысында түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде ұйымдастырып отырады.
Жалпы алғанда, аталған жұмыстар оқушылардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, құқықтық сауаттылығын арттыруға,
сондай-ақ қоғамда тұрақтылық, толеранттылық және зайырлы құндылықтарды нығайтуға бағытталған.
Ұсынылған тақырып аясында ата-аналарға арнайы жадынама таратылып, оқушыларға түсіндіру жұмыстары қатар жүргізілді.
Мектеп инстасына да арнайы хабарландыру орналастырылды. Барлығы 49 ата-ана, 38 педагог, 150 оқушы негізгі ақпарат бойынша мәлімет алды.
https://www.instagram.com/p/DXrUD_XDHzx/?igsh=MWNmYmNndDE0Z3lzOQ==