«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акколь отдела образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Педагог-психологтың 2020-2021 оқу жылының есебі

   Қыркүйек айынан бастап педагог-психологтың жылдық жоспары құрылды. 1-   сынып және 5-сынып оқушыларының бейімделуін анықтадым.

     Бастауыш сынып оқушыларының орта буынға өтуі – қазіргі күнге дейін мектептің актуальді мәселесі болып келеді.  Бұл кезең – оқушылар үшін де, ата-аналары үшін де, оларды 4 жыл бойы оқытып, аялап келген ұстаздары үшін де, оларды енді қанатының астына алғалы отырған мұғалімдері үшін де – ең бір жауапты да қиын кезең. Сондықтан бұл кезеңді бала өміріндегі ең алғашқы өтпелі кезең деуге болады. Бұл қиындық жас ерекшелігіне байланысты жүктемелердің көбеюі, яғни 5-сыныпта оқу жүктемесі, оқу жағдайы күрт өзгеретіндігімен түсіндіріледі. Оларға негізгі пәндерден бастауыш сыныпта бір-ақ мұғалім сабақ берсе, орта буында көптеген мұғалімдермен қарым-қатынасқа түсуге тура келеді.Сондай-ақ, мұғалімдердің сан алуандығымен қатар, олардың қояр талаптарының әртүрлілігі, бір мұғалімнің бала жанын түсініп, қамқор болуы, бір мұғалімнің шектен тыс қатал, талапшыл болуы, кейбір мұғалімдердің дауыс көтеруі – бәрі орта буынға жаңа келген бала үшін қиындық туғызары хақ, осы жайлардың бәрі жас жеткіншек психикасына оңай емес. 
     2020 -2021 оқу жылының басында эпидемилық жағдайға байланысты қашықтықтан оқу 5-сынып оқушылары  және ата-аналар үшін алғашқы ай  қиын болды. Бірақ та, мұғалімдер мен ата-аналардың бірлесіп жұмыс істеуінің арқасында онтайлы шешім таба білді. Жалпы биылғы оқушылардың бейімделуі  жақсы өтті деп айтуға болады, бұл мұғалімдердің еңбегі деуге болады себебі  пән мұғалімдер әр оқушымен жеке-жеке  жұмыс істеп, түсінбеген сұрақтарға, тапсырмаларға  көмек көрсете білді,  жылы сөйлеуге тырысып отырды. 5 «А» сыныбында 26 оқушы оқиды. Олардың 4 оқушы үздік, 15 оқушы екпінді. сыныптың білім сапасы 73% құрайды.

6-оқушы жанадан келді. Олар Қайырбек Ибрагим   Айыртау ауданы Бірлестік орта мектебінен. Темиргалиева Аманай Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Қотыркөл орта мектебінен  4-оқушы Қазақстан ауылынан. Олар Сағындық Ақмарал, Маралова Мерей, Болат Нияз, Марат Аяулым қазіргі танда осы 5-оқушы мектепте қашықтықтан оқиды. Марат Аяулым денсаулығына байланысты ата-анасы өтініш жазып II-тоқсанда үйде оқитын болады. 1 оқушы үйде оқиды Қабрахман Әмірхан, Әмірханда күніне 3 сабақ өтеді. Сабағы14:00-де басталады 16:00-де аяқталады арасында 5-10 минут үзілісі бар, жалпы Әмірханның сабағы жақсы, бейімделуі жоғары деңгейде.

Оқушылардың басым бөлігі математика пәніне қиналады, себебі онлайн форматта болғандықтан.

Жанадан келген оқушылармен жеке индивидуалдық жұмыс жүргізілді.

Балаларға және ата-аналарға мектепке бейімделуіне байланысты слайдтар кеңестер берілді.

Қазанның 15 нен Қарашанның 15-не дейін Жасөспірімдердің арасындағы суицидттік  алдын алу бойынша 8-11 –сыныптар арасында 47 оқушы онлайн тест өтті. 1 оқушы ГПС-деген топқа түсіп қалды. Бұл оқушымен жеке жұмыстар жүргізілді, ата-анасына ескерту жасалынды, ата-анасымен де жеке жұмыс жүргізілді және кеңес айтылды.

11-сынып оқушыларымен ай сайын  ҰБТ-ға байланысты өзіне сенімді бол атты тренинг және жеке әңгіме кеңестер берілді.

Зорлық - зомбылықсыз балалық шақ атты  тренинг өткізілді 5-6 сыныптар арасында. «Денсаулық және өмірлік дағдылар» атты презентация өткізілді 5-11 сынып оқушылар арасында, барлық оқушылар белсенді қатысып, кітаптар өте қызықты болды. Жалпы аудаңнан 38 кітап келді 19 қазақ тілінде , 19 орыс тілінде, бұл кітаптаға мөр басылып  кітапханаға табыс етілді, оқушыларға мектеп психологтары кеңес берді кітаптарды кітапханадан алып оқуға болады.

7-сынып оқушылар арасында сауалнама алынды, оқушылардың мектепке деген көз қарасы. Оқушылар өз ойларын ашық жазды.

 Даярлық сыныбына барып диагностикалық жұмыстар және жаттығулар жүргіздім.                                                                                                                                       Қазіргі заманда 6 жасар балаларды мектепке оқытуға дайындау өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Алты жасар баланың алғаш рет мектепке келуі — балаға да және оның ата - анасына да өте жауапкершілікті кезең болып саналады. Оқу әрекетіне еш ауыртпалықсыз әрі табысты кірісіп кету үшін баланың дені сау және жан - жақты даярланған болуы қажет. Осыған орай жоспар бойынша оқушылардың мектепке, оқу үрдісіне  бейімделуін  бақыладым.

Биылғы 2020 - 2021 оқу жылында 1 «А» сыныбында 9 оқушы болды. Соның ішінде 4 -  қыз бала, 5 - ұл бала. 7 оқушы осы мектептің даярлық тобында болған, 2 оқушы Көкшетау қаласынан келді. Даярлық сыныбына бармаған.Ол Дулат Сардар мен Дулат Санджар.

 Оқушылардың басым бөлігі осы мектептің оқушылары болғандықтан олармен тіл табысу қиын болған жоқ. Оқушылар мектепке әртүрлі деңгейде дайындықпен келді. Әдетте мектепке бейімделудің 4 деңгейі болады: жоғары, орта, төмен және өте төмен.

Екі оқушы  л, р, ш, ж әріптерін айтуына қиындық туғызады. Бұл екі оқушының есте сақтауы, ойлау қабілеті, қабылдау деңгейі өте баяу. Осы екі оқушымен үнемі қосымша жұмыс жасау керек. Психолог ретінде және сынып жетекшісі.

Барлық 1-сыныптың Ата – аналарына баяндама және кеңестер берілді.

Жаңартылған күні: 20.01.2021 12:21
Құрылған күні: 20.01.2021 12:21

Текст