«Ғажайыптар әлемі» танымдық сайыс
Жүргізуші: Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Сайыс десе белсене араласатын көрермен қауым! «Ғажайыптар әлемі» атты 7- сыныптар арасында биология пәнінен өткізілетін танымдық сайысымызға қош келіпсіздер!
деп білімдік сайысқа белсене,құлшына араласатын сайыскер топтарымызды таныстырып өтейін:
7 сыныбы – « а » тобы
8 сыныбы - « а» тобы
Енді сайысымыздың негізгі бөлімдерімен таныстырар болсам:
Жүргізуші:
Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:
Тапқыр,білгір,дарынды
Жарыс бар бүгін арынды
Биология пәнін сүйсең сен
Ортаға сал барыңды-
деп, сайысқа қатысушы топтарға сәттілік тілей отырып, сайысымыздың алғашқы турын бастасақ.
1 кезең «Таныстыру» кезеңінде әрбір топ өз атауларын,эмблемасын,ұранын айтады.
10 ұпай беріледі. Ендеше іске сәт.
Жүргізуші:
1-ші кезеңнің қорытындысымен білу үшін сөз кезегін әділ-қазылар алқасына береміз.
Жүргізуші:
2 кезең «Ғажайып ондық» кезеңінде 10 сұрақ беріледі. Әр сұраққа 1 ұпайдан есептеледі.
1. Ішекқуыстылар типінің өкілдерін ата?
2. Регенерация деген не?
3. Қантарату жүйесінде тұйық жүйе деген не?
4. Гирудин деген не?
5. Бауырсорғыштың даму айналымындағы аралық ие ?
6. Жалпақ құрттарда жаңадан пайда болған жүйе?
7. Ішексорғыда болмайтын жүйелер?
8 Шұбалшаңның қантарату жүйесі қандай??
9. Параподия деген не?
10. Жұмыр құрттар денесін қысқарта да, соза да алмайды неге?
3 кезең «Образға ену» 20 ұпай
7.Қасқырдан қашқан қоян бейнесін көрсетіңіз
8.Гүлдеп шығып солып қалған гүл
4 кезең «Табиғи туынды» екі топ өздерінің қол өнерімен,табиғаттың берген сиын пайдалана отырып туынды жасап,оны қорғай білу қажет.
20 ұпай
5 кезең «Егерде мен...»
Егерде мен табиғат қорғаушысы болсам
Егерде мен эколог болсам
6 кезең «Сандар жырлайды»
Әр сұраққа 10 ұпайдан
Бауырсорғыштың қанша сорғышы бар?
(2)
Жұлын қанша сегменттен тұрады?
( 31)
. Ішекқуыстылар типінің өкілдерінің денесі неше қабаттан тұрады?
(2)
Адам қаңқасында қанша сүйек бар?
(200- ден астам)
Жалпақ құрттардың қанша класы бар?
(3)
Мидың орташа салмағы қаншаға тең?
(1300-1400 г)
Сиыр цепенінің неше сорғышы бар?
(4)
\Адам сыртқы ортада болып жатқан қанша пайызын көзбен қабылдайды?
(80-90%)
Ішексорғының ішекке бөліп шығаратын жұмыртқа саны?
(200 000)
Адамда болатын қабырға саны?
( 12 жұп)
Сүліктің аузындағы сорғышында неше өсінді бар?
(3)
Адамның жақсүйектерінде неше тіс бар?
(32)
Жасыл эвгленаның талшық саны ?
(1)
Құлақ неше қабаттан тұрады?
(3)
Ішекқуыстылардың неше класы бар?
( 3)
Цитоплазмада неше % су бар?
80%
Ұлулардың қанша түрі бар.
(130 мың)
Адам және жануарларда неше ұлпа бар
4
Көрермендер көрімдігі
Жауабы: Аққу
Жүргізуші: Табиғат, сен тіршілік, тұнып тұрған,
Сен Күнсің көтерілген күліп қырдан.
Сен көлсің, сен армансың, сен бұлақсың,
Адамға сұлулықты шын ұқтырған —деп әділ-алқазыларға сөз кезегін ұсынамыз
Жүргізуші: Сонымен бүгінгі «Ғажайыптар әлемі» сайысы өз мәресіне жетті.
Алда әлі де биік –биік асулардан көріне беріңдер деп тілек білдіреміз