«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акколь отдела образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Оқушылардың олимпиадасы

17.11.2020

Оқушылардың республикалық олимпиадасы дарынды балаларды анықтау және дамыту, оқушылардың ғылыми білімге қызығушылығын арттырудың тиімді нысандарының бірі болып табылады. Республикалық олимпиадалар жыл сайын өткізіледі.

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада

 Олимпиаданың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi: 

  • шығармашылық қабілеттерін дамыту;
  • теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету;
  • жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету;
  • дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау;
  • халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау;
  • Қазақстан Республикасында білім берудің беделiн көтеру.

Олимпиада оқу жылы барысында 9-11 сынып оқушылары арасында әр жалпы білім беретін пән бойынша білім басқармасының тиісті органдарымен төрт кезеңде өткізіледі:

  1. бірінші (мектепшілік) кезең ағымдағы оқу жылының 30 қарашасынан кешіктірмей орта білім беру ұйымдарында ауданның (қаланың) білім басқармасының органдары дайындаған тапсырмалар бойынша өткізіледі;
  2. екінші (аудандық/қалалық) кезеңді аудандық немесе қалалық деңгейде ауданның (қаланың) білім басқармасы органдары өткізеді;
  3. үшінші (облыстық) кезеңді облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, республикалық білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ББҰ), "Назарбаев Зияткерлік мектептері" дербес білім беру ұйымы (бұдан әрі – НЗМ ДББҰ) және «Республикалық физика-математикалық мектебі» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – «РФММ» КеАҚ) өткізеді;
  4. төртінші (республикалық) кезең республиканың түрлі өңірлерінде жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндерді бөле отырып өткізіледі.

Олимпиаданың барлық кезеңдеріндегі қатысушылардың жұмыстары қазылар алқасына алдын ала шифрланған және сканерленген түрде ұсынылады.

Қазылар алқасы мүшелерінің жұмыстарды бағалауы ұйымдастыру комитеті әзірлеген бағалау критерийлеріне сәйкес қамтамасыз етіледі.

Әр кезеңнің қорытындысы бойынша жұмыстарды бағалау нәтижелері ұйымдастыру комитетіне беріледі.

Олимпиаданың бірінші және екінші кезеңдерінде орта және жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша білім беру ұйымдарының оқушылары қатысады.

Олимпиаданың үшінші кезеңіне жалпы орта білім беретін оқушылар екінші кезеңнен кейін Астана және Алматы қалалары үшін, «НЗМ» ДББҰ және РБҰ үшін іріктелген үздік үш қатысушы қатысады.

Тиісті білім деңгейі бар қатысушылар жоғары сынып бағдарламалары бойынша олимпиадаға қатысуға жіберіледі.

 

Олимпиаданың төртінші кезеңіне жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша 9-11 сынып оқушылары және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 10-11 сынып оқушылары, сондай-ақ олимпиада резервінің оқу-жаттығу жиындарына қатысушылар жіберіледі.

Просмотров: 366


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст