1 қазан қарттар мерекесіде, келіп жетті.Қайран, уақыт... Бүгінгі қарт-қарияларымыз бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі уақытта біздің мемлекетімізде қарт кісілерге үлкен мән беріп, ерекше көңіл бөлуде . Үкімет тарапынан жан-жақты қамқорлық жасалуда.
Жыл сайын біздің мектебімізде және ауылымызда қарттар күні аталып өтеді. Оқу жылы басында қарт аталарымызбен әжелерімізге қамқорлыққа, яғни, керек кезінде көмек көрсетіп отыруға 5-11 сынып оқушыларымен сынып жетекшілеріне жауапкершілік арттырылады. Биыл да сол мектеп дәстүрі жалғасуда. Біздің 9А сыныбына Жиренов Ермекбай ата, Апаханов Амантай ата және қарт ұстаз Виноградова Татьяна Александровнаға көмек көрсету бұйырыпты. Қыркүйектің соңғы күні ол кісілерге арнап ашық хатымыздыалып,тілегімізді білдіріп , құттықтадық. Оқушылар аталған ата – әжемізге көмектерін көрсетті. Аталарымызға аула сыпырып көмектессе, әжеміздің бақшасын қазып, тазалап бердік. Оқушылар шын тілектерін білдірді. Қарттарымызда оқушыларға шынайы ризашылықтарын білдіріп, өмірде үлкен табыс тілеп, еліміздің мәртебесі биіктеп, еліміздің, келер ұрпақтың, береке – бірлігі арта беруін тіледі.
Ақын Сағи Жиенбаев қазақтың қарттарының бейнесін:
Дүниеге келер бір рет
Дария кеуд, тау мүсін
Құрыштанқұйған құдірет
Қарттарым, аман-саумысын,
деп төрт шумақ өленге сыйғызған екен. Әрдайым қарттарымыз, денсаулықтары мықты боп, әр күндері мерекеге толып, немерелері мен балаларының қызықтарына тоймай, жүздерінен күлкі кетпей аман-сау боп жүре берсін.