«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акколь отдела образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тіл-халықтың көрнекті жетістігі.

17.09.2020

«Ана тілін білмеген, ана сүтін ембеген»

(М. Әуезов)

 

Білім беру саласында жүргізіліп отырған реформаның бір өзекті саласы- тіл мәселесі туралы елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің Мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға күш- жігерін жұмсауымыз керек» деген. Қазақстанда мемлекет тәуелсіздігін нық ұстап тұру мақсатымен жүргізіліп жатқан шараларға қатысты ұлттық тілдің, мәдениеттің қайта өркендеуіне кеңінен жол ашылды. Қазіргі кезде Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекет алдында, озық дәстүрлерге сүйене отырып, жеткіншектер санасына туған халқының дүниетанымына деген құрметпен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрін меңгеру, тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеу тарихи қажеттілік болып отыр.

Мемлекеттік тілді меңгеру- кез келген Қазақстан азаматының міндеті.Шындығында, мемлекеттік тілде сөйлеу, жазу, оның шұрайлы тілін, қуатты күшін жете білу- біздің парызымыз.Ұлы жазушы Шыңғыс Айтматов ана тілі туралы былай деген екен: «Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін ұлы». Біз үшін қазақ тілі – ұлы. Әлемнің дамыған елдерінің қатарына кіруде де ел экономикасымен қатар, әлеуметтік мәселелерге, оның ішінде мемлекеттік тіл мәселесіне айрықша көңіл бөлуіміз керек. Ұлттың ұлт болып қалыптасуы мен дербес, тәуелсіз мемлекет болуының басты негізі – оның ана тілі. Мемлекеттік тілдің басты қызметтері ретінде оқу тілі, оқыту тілі, ғылым тілі, іс-қағаздар тілі, газет-журналдар тілі, театр тілі, әдебиет тілі, ауызекі сөйлеу тілі т.б. тілдерді айтуға болады.

Өзін қазақ халқының өкілімін немесе осы мемлекеттің азаматымын деп есептейтін әрбір адам мемлекеттік тілді білуі керек. Өз Отанының азаматы болу деген сол жер үшін аянбай еңбек етіп, оның ауыртпалығына төзу деген сөз- Республикамыздың экономикасын көтеру, өнеркәсібін, ғылымын, техникасын, мәдениетін арттыру деген сөз. Кез келген халықтың өз тілі болады. Сол себептен ғалымдар: «Тіл халықтың жаны», «Халық бар жерде – тіл бар, тіл бар жерде халық бар»-дейді.Тілді, сол тілдің иесі- халықты сыйлау үшін көп нәрсе керек емес. Ол үшін ең алдымен сол халықтың тілінде сөйлеу керек, сол тілде оқып, сол тілде жазу керек.

Тіл – халықтың даналығы, танымы мен талғамын тауып айтатын, шыншылдығын көрсететін, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан баға жетпес қазынасы. Тіл кез келген танымдық іс-әрекеттердің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі болып саналады. Сондықтан да қоғам иелерін тәрбиелейтін мектептерде оқылатын қазақ тілі пәнінің маңызы зор.

Тіл- адам болмысының айнасы.

Просмотров: 462


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст