«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акколь отдела образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ерекше естелік

20.07.2020

Менің қысқы ғана өмірімде  көптеген қызықты сәттер болды. Соның біріне тоқталатын болсам, ол табиғатқа,сарқырамаға саяхат жайлы естелік. Ол саяхат жаз мезгілінде болған болатын. Біз әпкем екеуміз мектепке барғанда, сол хабарландыруды көрген болатынбыз. Қуанғанымыз соншалықты, сабақтан кейін үйге барып, ата-анамыздан рұқсат алып керек заттарымызды дайындауға кірістік. Сол күнді асыға күттік. Бірнеше күн өткеннен кейін,біз жолға шықтық. Оған басқа да мектеп оқушылары мен мектеп мұғалімдері барған болатын. Жол ұзақ болғандықтан, біз өз арамызда қызықты оқиғалармен  бөлістік, ал мұғалімдер табиғатта болғанда қандай қауіпсіздік ережелерін  сақтау керек екендігін айтты. Әр түрлі кесенелерге,киелі жерлерге  бардық. Сол жерде бізге  мұғалімдер, хандар мен әйгілі тұлғалардың өмірбаянын айтып берген болатын. Тағы да көптеген қызықты жерлерге бардық. Мен тоқталатын кесене Ақмола облысы, Зеренді ауданында, Қазақстан ауылының бауырында орналасқан Уали ханның кесенесі. Уали хан – Орта жүздің ханы. Жасынан билікке араласқан. Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов-Уали ханның немересі. Табиғаты тамаша, ауасы таза, орналасқан жері көк шалғай. Ауыл адамдары кесененің алдына ағаштар отырғызып, оларға күтім жасайды. Саяхаттың соңында біз әрине табиғат аясында демалып, сарқырамаға бардық. Сарқырамаға әдемі орманның ішін тамашалап, тиындарды көрдік. Жол ұзақ болды, алайда көздеген мақсатымызға жеттік. Сарқырамаға жеткен соң, таң қалдық, ол өте үлкен және әдемі. Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Суы мөлдір және суық. Табиғаттығ әдемілігіне тамсанып,естелікке суретке түсе бастадық. Біз осы саяхат барысында көптеген тек пайдалы ақпарат алып қана қоймай, өз жерімізде қандай әдемі жерлер бар екенін көрдік. Саяхатымыздың соңында табиғатты таза ұстау керектігін, барлығы біздің қолымызда екендігін түсіндік.

Просмотров: 259


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст