Мен мектебімді мақтан етемін
Біз жыл сайын сыныппен мектеп ішінде орналасқан мұражайға саяхат жасаймыз. Бірақ бұл мұражайға барған сайын бір жаңа мәліметпен танысып отырамыз. Өйткені мұражай жетекшісі Шәріп Оралұлы үнемі ізденіс үстінде жүреді. Бұл саяхатымыз да өте қызықты өтті деп ойлаймыз. Өйткені, мұражайдың жетекшісі Шәріп Оралұлы барлық тарихты әдемі айтып, бойымыздағы патриоттық сезімді оята білді. Ол кісінің мазмұнды да мәнерлі әңгімелері кез – келген адамның жүрегін елжіретеді. Шәріп Оралұлы ауған соғысына қатысқан батыр ағаларымыз туралы көптеген әңгімелер айтып, жүрегімізді елжіретті. Біз ауған соғысына қатысқан ағаларымыздың ерен еңбектерін естіп өз бойларымыздан да патриоттық рухты сезіне білдік деп ойлаймыз. Мұражайдан сонымен қатар көне заттарды көрдік, олар туралы көптеген сұрақтар қойып, Шәріп Оралұлынан толық та нақты жауап алдық. Бұл мұражайға барғанымызға өте қуанышты болдық. Өйткені біз өз ауылымыздың, мектебіміздің шығу тарихымен, ауған соғысына қатысқан ағаларымыздың ерлік істерімен танысып қайттық.
Мұражайға саяхат жасатып, барлық тарихты балдай етіп мазмұнды да мағыналы етіп түсіндірген мұражайдың жетекшісі Шәріп Оралұлына айтар алғысымыз шексіз.
/public/files/2020/3/19/190320_160954_men-mektebmd-matan-etemn.doc