«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы »
Әсершіл адамдар бір нәрсеге көңілі толмағанда сөйлескен адамынан ақылшыны емес түсіне білетіндерді көргісі келеді. Жаныңды түсініп, тек әріптес ретінде емес, дос ретінде қол ұшын беруге дайын тұратын ұстаз Гульмира Амантаевна мен үшін бәрінен дара.
Терең білімі мен асқан адамгершілігін өміріне серік еткен тәлімі талай жанға үлгі болған ұлағатты ұстаз, Гульмира Амантайқызының ерекше бір қасиеті - адалдықтың алауын әр кез жалындатуы. «Адамның бағасын өзі емес, өзгелер қояды» дегендей, Гульмира Амантайқызын білу үшін ол кісімен ой бөлісу жеткілікті. Гульмира әріптесіме баға беруге қақым да жоқ шығар, бірақ онымен әңгімелесудің өзі бір кітапты оқып шыққанмен тең. Поэзияның әуенінде қалықтаған аққудай мәнермен оқыған өлеңдері жүрекке жылы тиеді. Өлең оқу, қасындағыларды әңгімесімен баурап алу шеберлігімен қатар, Ол кісі – режиссер. Өзі жүргізген драма үйірмесінде ұйымдастырушылық қабілетімен бірге актерлік дарыны да көрінді.
"Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жадында жақсы сақтайтын, еш нәрсені ұмытпайтын, алғыр да, аңғарымпаз ақыл иесі, мейлінше шешен, өнер- білімге құштар, аса қанағатшыл, жаны асқақ және ар – намысын ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл жүрек», деп ойшыл , дана Әл Фарабидің айтқаны дәл Гульмира Амантайқызына айтылған деп түсінемін.
Білім айдынында өзіндік айшықты ізі бар тәлімгерлік пен табандылықтың, әділеттілік пен адалдықтың үлгісіндей көрінетін ұлағатты ұстазды әлі күнге дейін үлгі тұтып келемін. Мен алғаш мектепке жас маман болып келгенде, маған Гульмира Амантайқызы тәлімгер болып тағайындалды. Сол күннен бастап әріптесімнің қасындамын. Маған деген қамқорлығы мен ыстық ілтипатының арқасында биік белестерге жеттім.
Гульмира Амантайқызының ұстаздық шеберлігіне тоқталсам, ол туралы роман да жазуға болады. Ұлағатты үстаздың алдынан талай шәкірттер, талай жеңімпаздар өтті. . Әсіресе соңғы жылғы жетістіктерін айтып өтпеске болмас. 2020 жылы «Тіл дарын» аудандық кезеңінде Қусупбекова Аида І дәрежелі диплом, 2020 жылы «Тіл дарын» аудандық кезеңінде басқа ұлттар арасында Ероховец Елена ІІІ дәрежелі диплом, 2019 жылы аудандық «Бала би» шешендік өнер сайысында «Зияткерлер» тобы 1- орын, 2019 жылы облыстық «Бала би» шешендік өнер сайысында «Үздік уәзір» номинациясы бойынша Қусупбекова Аида марапатталды. 2019 жылы облыстық білім бөлімінен Гульмира Амантаевна алғыс хатпен марапатталды. 2020 жылы аудандық білім бөлімінің басшысы Уаисов Ж.У. Гульмира Амантаевнаны жыл бойы атқарған жұмысын бағалап, алғыс хатпен марапаттады
«Ұстазы жақсының ұсамы жақсы» демекші, мектебімізде Гульмира Амантайқызы сияқты ұстаздардан дәріс алған жастар ертең еліне адал еңбек етіп, өздерінен кейінгі келер ұрпаққа бүгінгі қоғамға сай тәрбие беріп, білім нәрімен сусындататындығына кәміл сенемін.