«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акколь отдела образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бос жұмыс орны. Бос әдіскер лауазымы – қазақ тілі бойынша 1 ставка.

03.07.2023

«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімінің Ақкөл ауылының орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Бөбек» шағын орталығының әдіскері бос лауазымына конкурс жариялайды.
Мекен-жайы: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Ақкөл ауылы, көше
Ы. Алтынсарина, 2.
Индекс: 021203
Жұмыс телефоны: 8-716-32-37590
E-mail: akkolshkola@mail.ru
Бос әдіскер лауазымы – қазақ тілі бойынша 1 ставка.
Лауазымды жалақысы біліктілік санаты мен еңбек өтіліне байланысты 160 000-нан 260 000-ға дейін.
Лауазымдық міндеттері:
білім беру ұйымының қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады; оқу, тәрбиелік және тақырыптық жоспарлар мен бағдарламаларды жасайды; балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады; жас топтары бойынша сабақ кестесін жасайды; оқыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, нысандарын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмектеседі; оқу-әдістемелік құжаттаманы, оқу құралдарын әзірлеуді, қарауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады; инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтауды, зерделеуді, таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді; топтарды оқу құралдарымен, ойындармен, ойыншықтармен алуды ұйымдастырады; оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысының жағдайына талдау жасайды; тәрбиешілерге арналған сабақтар, шеберлік сыныптары, семинарлар, жеке және топтық консультациялар, көрмелер, конкурстар өткізеді, шығармашылық топтардың жұмысын ұйымдастырады; оқу, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттердің деректер банкін қалыптастырады, бухгалтерлік және есеп беру құжаттамасын уақтылы ресімдейді; тәрбиешілердің, психологтың, логопедтің, музыка жетекшісінің және ұйымның басқа да мамандарының өзара іс-қимылын үйлестіреді; ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметінің қызметін үйлестіреді;
Біліктілік талаптары:
тиісті бейіні бойынша жұмыс өтіліне немесе өзге де кәсіптік біліміне немесе тиісті бейіні бойынша педагогикалық қайта даярлаудан немесе техникалық және кәсіптік білімді, мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық өтілін растайтын құжатты ұсынбай, бейіні бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім: қалалар үшін - 3 жылдан кем емес, ауылдық жерлер үшін – 1 жылдан кем емес; және (немесе) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейiнгi педагогикалық бiлiмi, мектепке дейiнгi ұйымдарда педагогикалық қызмет өтiлi бар шебер педагог үшiн: қалалық жер үшiн – кемiнде 5 жыл, ауылдық жер үшiн – кемiнде 3 жыл; және (немесе) педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші үшін тиісті бейіні бойынша техникалық және кәсіптік білімі, мектепке дейінгі ұйымдарда педагогикалық жұмыс өтілі болған жағдайда: ауылдық жерлер үшін – кемінде 3 жыл.
       Құжаттарды қабылдау мерзімі: 03.06 - 07.06.2023 ж.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген үміткер келесі құжаттарды электронды немесе қағаз түрінде жібереді:
1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысуға өтінім;
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы мен байланыс телефондары – бар болса);
4) педагог қызметкерлердің үлгілік біліктілік сипаттамаларында бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы бухгалтерлік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы No ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама. (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымның анықтамасы;
9) Ұлттық біліктілік тестілеуінің сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератор, педагог-сарапшы, педагог-зерттеуші, педагог-магистр біліктілік санатының сертификаты (бар болса);
10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бос немесе уақытша бос педагог лауазымына орналасуға үміткердің толтырылған Бағалау парағы.

Просмотров: 504


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст