Қазіргі таңда интернет бұл өмірдің ажырамас бөлігі. Балалар ересек адамдар тіпті қарттардың өзі желіде отырады. XXI ғасырда ең өзекті технологияның бірі -интернет. Көптеген балалар ұялы телефондарда, компютерлерде қөп уақыт өткізеді. Бұның жаман да, жақсы да жақтары бар. Мысалыға , желі бізге өмірімізде не болып жатқаның білуге мүмкіндік береді. Интернет біздің өмірімізді жеңілдетеді. Ересек адамдар үшін жұмыс жағымен қажет, ал балаларға оқу мақсатында қөмектеседі. Егер дала боран немесе суық болса, ал сізге кредит толеуге немесе басқа шаруалармен шығу керек болса, онда сізге комекке желі келеді. Себебі, желі қазіргі кезде дамыған технологияның бірі. Сіз үйде отырып онлайн ақша аудара аласыз. Сонымен қоса кез- келген затқа тапсырыс беріп, үйіңізге алдыртуға болады . Мен үшін желі мен телефон керекті зат. Менің сабағыма және басқа да жұмыстарыма көмектеседі. Алайда оның жаман жақтары да бар. Телефон өмірімізге өте зиян. Балалар сабақтарын оқымай, телефонмен көп уақыт өткізіп көңілдерін көтереді. Шынайы өмірдегі достармен араласпайды. Бүл оның психологиясын бұзады.
24 каңтар күні біздің мектебімізде « Мен ofline» деген челленджі өтті. Балалар телефондарын мұғалімге тапсырып, күні бойы интернетсіз және телефонсыз өткізді. Біз достарымызбен күнді жақсы өткіздік, бір- бірімізбен сөйлесіп, әнгімелестік. Мен үшін бұл ерекше күн болды. Себебі мен өз сыныптастарыммен көп сөйлестім. Сабақтың соңында мұғалім телефондарды таратты. Сыныптастарым тағы да телефондарына үңіліп, барлығы өз қалпына келді. Осыдан жақсы қорытынды жасауға болады. Интернетте көп отырмай, шектеу қою қажет. Өмірміздегі жақын адамдармен, достармен араласу керек. Шынайы өмірде жақсы уақыт өткізу қажет.