Текст
Құқық бұзушылықтың алдын алу, бұзақылықты таратпау, сонымен қатар орта буын оқушыларын анықтау аясында сауалнама жүргізілді.
Буллинг (bullying) – ағылшын тілінен аударғанда, қорлау, қудалау, мазалау дегенді білдіреді. Буллинг жасаушы мұны күшпен де, сөзбен кемсіту арқылы да жасайды әрі бұл әрекетін жиі қайталауы мүмкін. Қоғамда “буллинг мектеп оқушылары арасында ғана болады” деген түсінік қалыптасқан. Шындығында, кез келген жастағы адам үйде, көшеде, жұмыста, оқу орнында, барлық жерде буллингпен ұшырасуы мүмкін.