«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акколь отдела образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

сабақ жоспары

10.01.2017

Күні:                                  

Пәні: қазақ әдебиеті                           Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы:        

«Еңлік -Кебек» дастаны

Сабақтың мақсаты:

                                

а)    Шәкәрім  поэмалары 

туралы түсінік бере отырып,ерлікке,адамгершілікке баулу;

                                  

ә)  тәрбиелік мәні бар мысалдар

келтіре отырып оқушыларды елін,жерін,Отанын сүюге тәрбиелеу;

                                   б) оқушылардың білімін

бақылау арқылы мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

Сабақтың түрі:      аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру,топтау , т.б

Сабақтың көрнекілігі:,   

кітаптар,үнтаспа, дидактикалық материалдар  т.б

Пәнаралық байланыс:          тарих,

қазақ тілі

Сабақтың барысы:

                                          а)

Ұйымдастыру кезеңі:

 Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу

құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу.  Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

                                           ә) Үй

тапсырмасын пысықтау:

                          Үйге

берілген  тапсырманы сұраймын.  Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын.

   1. «Еңлік -Кебек» дастанының

негізгі идеясы?

    2. Дастан қай жанрда жазылған?

   3. Негізгі мәселе?

                                            б)

Жаңа сабақты түсіндіру:

 Шәкәрім мұрасының қомақты саласы –поэмалары.

Ақынның «Еңлік –Кебек» (1891), «Қалқаман-Мамыр» (1888) дастандары қазақ елінің

тұрмыс , тарихынан жазылған. «Ләйлі-Мәжнүн» дастаны нәзира дәстүрі

негізінде,шығыс аңызы желісімен шығарылған. «Еңлік –Кебек» ,

«Қалқаман-Мамыр»  дастандары  -сүйіспеншілікті, адал махаббатты,таза

сезімді жыр еткен шығармалар. Ел аузындағы махаббат аңыздарын  ақын суреткерлік шеберлікпен жырлап, жеке бас

трагедиясынан  халық трагедиясын

көтереді.

Поэма тікелей

тапсыруымен жазылған. Ұстаз талқысынан өткен. Поэма оқиға өткен тарихи кезеңнің

нақты деректерін баяндаудан басталады. Шәкәрімнің  айтуынша, оқиға он сегізінші ғасырдың

сексенінші жылдарының шамасында Шыңғыстау өңірінде өткен. 

Поэманың әлеуметтік

астарын осылайша негіздей отырып, Шәкәрім кейіпкерлер образдарын бейнелеуде

ерекше шыншылдық танытады.

 Кітаппен

жұмыс: Поэманы мәнерлеп оқып, түсініктерін айтады.

Топпен жұмыс: Сандар сөйлейді. Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы

қысқаша мәлімет беру.

 

Білімді бекіту:

Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

1 Шәкәрімнің қоғам қайраткері жөнінде не білесің?

2. Шәкәрім өзіне кімді үлгі тұтқан?

3. «Еңлік –Кебек» поэмасында қандай тарихи жағдайға тоқталады?

Білімді бағалау:    Оқушылырдың

жауаптарына ,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма:    шығармаға дайындалу.

 

Просмотров: 347


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст