Гуманитарлық
пәндер әдістемелік бірлестігінің мәселесі:
« Гуманитарлық бағыттағы сабақтарда жаңа
технологияны белсенді түрде енгізу». Бірлестігіміздің ұраны : « Оқушыны
өзін-өзі дамытуға,өздігінен жұмыс істей
білуге талпындыру».Бірлестіктің міндеттері:
1.Отаны мен халқы алдындағы
жауапкершілігін сезінетін бәсекеге қабілетті
жас ұрпақтардың ұстанымын
қалыптастыру.
2.Оқушылардың ғылыми танымдық
қабілетін дамыту,тарихи деректермен
жұмыс істеу.
3.Оқушының өзін-өзі дамыту, өзін-өзі
тәрбиелеу, өзін-өзі басқару, шешім
таба білу қабілеттерін қалыптастыру.
4.Пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру;
5. «Тілдердің үштұғырлығы» жобасын іске асыру.
Бірлестік құрамында 13 мұғалім жұмыс
істейді. Биылғы оқу жылында бірлестікке
2 жас маман қосылды.Олар:Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Абу Мариям
Қайсарқызы және қазақ тілі пәнінің
мұғалімі Кажкенова Жұлдыз Шоқанқызы. Екі жас маманның да бекітілген
тәлімгерлері бар.
Биылғы оқу жылында
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Азмағамбетова Фариза Азмагамбеқызы
аттестатталушы мұғалімдер қатарында , екінші санатқа өтініш берді. Осы
мектепте 4 жыл еңбек жолын жалғастыруда.
Өзінің білім жетілдіру жоспарын құрып, сол жоспар бойынша жұмыс жасап жүр. Әр
ісіне жауапкершілікпен қарап көптеген іс шаралар өткізді.Атап айтсақ. «Бауырсақ
»ертегісі, «Тәуелсіздік тұғырым» сыныптан тыс іс шара , «Екі дос» көрінісі ,
пән апталықтарына өзінің үлесін қосып жүреді.Бірлестіктің пән мұғалімдері жылда
кесте бойынша өтетін КИО олимиадаларына
қатысып , сертификаттарға ие болып жүр.Желтоқсан айында біздің
бірлестіктің үш мұғалімі Иванова Н.П.
Калабаева А.А. Альжапарова А.Ж. «Педагогтардың БАҚ пен жұмыс жасауы» атты
республикалық тренингке қатысқаны
үшін сертификаттар берілді.Бірлестік
мүшелері аудандық газеттерге өздерінің мақалаларын жіберіп отырады.Атап
айтсақ, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі Калабаева А.А. туралы «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы » бірлестік жетекшісінің мақаласы Зерделі
Зерен,Мектеп жаршысы атты аудандық газеттерде жарық көрсе , осы жуырда ғана
Иванова Н.П. мен Аристанова А.К «Мастер своего дело» атты мақаласы
Мектеп жаршысы газетінде жарық көрді. Пән
олимпиадаларына келетін болсақ .осы жылы Аймақтық пән олимпиадалары Молодежный
орта мектебінде өтті. Аудандық
пән олимпиадасының қорытындысы бойынша Қазақстан тарихы пәнінен 11 сынып оқушысы Cамуратова Қ,ІІ
орын, 11 «б» сынып оқушысы Убоженко В.ІІІ орынды иеленді. Пәнге деген
қызығушылығын арттыру мақсатында оқушылар көптеген республикалық,халықаралық байқауларға
қатысады.Атап айтсақ, орыс тілі пәнінен «Русский медвежонок», ағылшын тілінен «British
Bulldog» байқауына 7 оқушы қатысып қатысушының сертификатына ие болды .Пән
мұғалімі Рахимов Г.К. Жоспарланған ашық сабақтар кестесі бар, әзірше Қазақстан
тарихы пәнінен Рахимов Г.К. және қазақ
тілі пәнінің мұғалімі Азмаганбетова Ф.А. ашық сабақ өткізді.
Бірлестікте
3ші деңгейлік курстан өткен мұғалімдер саны -2 /Рахимов Ғ.Аристанова А.К/,бірінші
деңгейлік курстан өткен 1/Иванова Н.П./, жаңартылған бағдарлама бойынша курстан
өткен мұғалімдер саны 3/Шайхыгалиева Б.С. Азмаганбетова Ф.А. Альжапарова
А.Ж./,жаңаша бағалау курсынан өткен 1./Башарова А.Ж./
Бірлестіктегі
әр пән мұғалімдерінің айналысатын мәселелері бар. Биылғы 2016-2017
оқу жылына жұмыс жоспары
құрылып,әкімшілік пен бекітілді. Қазіргі таңда осы жоспарға сай жұмыстар
атқарылып жатыр.
Кесте бойынша сапалық көрсеткішке келетін
болсақ:
Пәндер бойынша ең
жоғарғы сапалық көрсеткіш:
Қазақ тілі - 73% 6
“A”
қазақ әдебиеті -
86% 6
“A”
орыс тілі - 90% 9
“A”
орыс әдебиеті- 78%
8 “Б”
ағылшын тілі - 67% 5
“Б”
Қазақстан тарихы- 75% 11“A”
Пәндер бойынша ең
төмен сапалық көрсеткіш:
Қазақ тілі - 56% 8
“Б”
қазақ әдебиеті -
50% 7 “A”
орыс тілі - 33%
6“Б”
орыс әдебиеті- 40% 7 “Б”
ағылшын тілі - 33% 6 “Б”
Қазақстан
тарихы- 33% 10“A”