Сабақтың тақырыбы: Астана-арман қала.
Сабақтың мақсаты: Елорда туралы түсініктерін
кеңейту, оқушылардың сөйлеу дағдысын арттыру,
Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін кеңейту, сөздік
қорын молайту, сауатты оқу дағдысын күшейту, топпен
жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Өз еліне,жеріне деген мақтаныш сезіміне тәрбиелеу,
бір –біріне сыйластық сезімдерін тереңдету;
-Балалар,бүгінгі сабағымыз
ерекше, ол-саяхат сабағы. Елордамыздың әдемі, зәулім ғимараттарына шолу
жасаймыз.
-Балалар, бір-біріңе жұмыс
алдында не тілейсіңдер?
( топтар бір-біріне іске сәттілік, жетістікке
жетейік деген тілектер айтады)
ІІ.Кіріспе сөз.
Астана төрі елімнің.
Тұғыры туған елімнің.
жетелер алға арманды.
Жемісі сенсің сенімді
Астана үміт қаласы
Бас болған елдің данасы
Мақтана оған қарайды
Қазақтың барлық баласы.
Астана тарихы - сонау1830 - жылдан бастау
алады. Ол кезде қала патша әскерінің бекінісі болған.
- Ақмола бекінісі деп аталған. 1863 - жылы 16 -
шілдеден бастап Ақмола – округтік қала атанды. Қала халқы 2000 - дай адамды
құрады. Дами келе: 1893 - жылы Ақмола қаласында қала халқы 6428 жанды құраған.
Қалада 3 шіркеу, 5 мектеп, 1 училище, 3 зауыты бар уездік қала болған. 1960 -
жылы тың игеру кезеңінде – тың игеру орталығына айналды. 1961 - жылы Ақмола
деген атауы – орысша Целиноград деп өзгертілді. Целиноград - облыс орталығына
айналды.
Еліміз тәуелсіздік алған соң, 1992 жылы қалаға
қайтадан өзінің қазақша атауы беріліп, Ақмола облысы атанды. Ақмола облысы –
еліміздің ірі астық өңірі және ірі ауылшаруашылық машина жасау орталығы болды.
Жер қойнауы – алтын, уран, бокситтер, сурьма, мыс, кварц құмдары т. б пайдалы
қазба байлықтарға бай.
Елбасымыздың шешімімен 1997 - жылдан бастап жаңа
астананы осы Ақмола қаласының жер аумағына көшіріп, атауын «Астана»деп өзгерту
қабылданды. Керемет жеделдетілген құрылыс жұмыстары жүргізіліп, айналасы аз
уақыт ішінде: әсем де, ару қала – Астана қаласы бой көтерді. 1998 - жылы
негізгі құрылыс нысандары аяқталып, іске қосылды. Сонымен 1998 - жылы 6 - шілде
Астана қаласының туған күні болып белгіленді.
ІІІ. Асатанаға арнау/Үй жұмысын тексеру /
Оқушылар өздерінің Астана туралы дайындаған өлең шумақтары меншығармаларын
оқиды.
Сен деген туған елдің жүрегісің, /Жазира/
Өзінен бастау алар өрелі ісім.
Шаһарлар толып жатыр,
бірақ та сен,
Бәрінен бірегейі, бөлегісің.
Астанам – асқарымдай көрінесің,
Өлең боп көкірегімнен өрілесің,
Бойыма рух беріп тұрғаннан соң,
Анық-ау ұтылмасым, жеңілмесім
Домалап қазағымның өрге тасы,
Думанмен дүрілдесін аспан асты.
Биіктеп Бәйтеректей, зәулімденіп,
Асқақтай бер, елімнің Астанасы!
Киелі менің Елордам,/Камила/
Арудай сұлу таранған.
Береке-бірлік, достықтың
Тұнығынан нәр алған.
Жайнай бер, жаңа Астанам,
Ертегідей ғажап бас қалам.
Ынтымақтың тербеп бесігін,
Тәуелсіз ел көшін бастаған.
Сәулеңді шаш еліңе,
Нұрыңды төк жеріңе.
Киелі менің Елордам,
Бақ болып қонған төріме
/Сәния/Астана
– арман қала
Сарыарқа төсінде,
Сән беріп Есілге.
Жас қала – Бас қала,
Астана өсуде.
Күн болып қарайды,
Шуақ боп тарайды.
Әлемге нұр шашқан,
Астанам арайлы.
Туғандай қиялдан,
Үйлері бір арман.
Аспандап барады,
Аяулы ұлы ордам.
Ақ таңмен тыныстап,
Мүлгиді күміс бақ.
Тыныштық тұтқасын,
Елбасым тұр ұстап.
Мәрмәрдан қаланған,
Сан сарай, сан арман.
Жауһардай жарқырап,
Жас қала жаңарған.
Елбасы тілегі,
Елімнің жүрегі.
Жасанған елорда,
Туған жер тірегі,
Даламның кеңдігі,
Тауымның ерлігі.
Елордам тұр сенде,
Елбасым ерлігі.
Елордам қуатты,
Шырайлы, шуақты.
Шұғыла шаша бер,
Алтын күн сияқты.
Астана ақ қала,
Ақ мәрмәр пәк қала.
Шарықтап, қарыштап,
Шалқи бер, шаттана.
Сен білесің
бе? топтық жұмыс
1топ- Бәйтерек 2
топ –Хан шатыр
Мәлімет беру.
1. «Бәйтерек»
Астана қаласының сол
жағалауында «Астана-Бәйтерек» монументі орналасқан.Мұнда Өмір ағашы-Бәйтеректің
көк аспанға қарай самғауы көрініс тапқан. Бәйтерек ғимаратының биіктігі-97 метр.
«Астана-Бәйтерек» монументі кешенін салу идеясының авторы- Қ.Р Президенті
Н.Ә.Назарбаев.
2. «Хан шатыры»
Бейбітшілік
және келісім сарайының желісін жалғастыратын сауда және ойын-сауық орталығы.
200 дей мертлік кешен қаланың зәулім доминантына айналды. Оның қаңқасы ұсақ
тордан құралған зәулім шатыр ішінде ауданы 100 шаршы метр қалалық саябақ,
дүкендер, кино театрлар, концерт алаңы бар. Астана тұрғындар өздерінің бос
уақыттарын осы жерде өткізе алады.
« Cиқырлы сандық» . Берілген сандарды
таңдап,жасырынған сұрақтарға жауап беру.
1 2 3 4 5 6 7 8
9 10
1.Есіл
өзенінің жағалауында орналасқан әсем қала?
2.Астанадағы ойын-сауық орталықтарын
ата.
3.Бәйтеректің ұзындығы қанша?Не себепті?
4.Қ.Р тұңғыш президенті Назарбаев Н.Ә ?
5.Биыл Қазақстанның Тәуелсіздігіне неше
жыл толып отыр?
Яғни қашан
Тәуелсіздігін алды?
6.Бір
сөзбен ата. Әнұран,елтаңба,ту.
7. Әнұранның авторларын ата.
8.Астанаға қандай тілек айтасың?
9. Адасқан сөздерді орнына қой.
Астана қаласы ------------- аймағында. орналасқан
10.Астананың болашағын қалай
елестетесің?
Жарайсыңдар
!
М.Омаровтың
орындауында «Арман қала» әні видеосын тамашалау.
Сабақ
қандай әсер қалдырды? Әрқайсымыз тақтадағы көңіл күй смайликтеріне өздерінің
көңіл күйлерін қосады.
Үй тапсырмасы: Шығарма жазу. «Астана-арман
қала»
Сабақты қорытындылау.
Бағалау: Топ басшылары бағалайды.