«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акколь отдела образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

EXPO-2017

10.03.2017

Шайдулина Замира

11«А»

сынып

«Ақкөл орта мектебі»

КММ, Ақкөл а.

Зеренді ауданы

Ақмола облысы

Жетекші: Калабаева

Айгуль Аманжоловна

 

 

Эссе

Болашақ бүгіннен

басталады:ЭКСПО-2017

 

       Еліміздің

келешегі әлбетте, жастардың қолында.Қазіргі жас ұрпақ-елдің елдігін,шет-шекарасын,мемлекет

тұғырын биік ұстайтын басты тұлға десек ұлы халқымыздың болашағы баянды

болатыны даусыз.Байтақ еліміздің мәңгілік бірлігі мен тірлігін,тұтастығы мен

тыныштығын сақтай отырып қолымызға қонған бақыт құсын яғни ел мен жер тыныштығын

сақтай білудің өзі бір ғанибет.Бұл әрине жастардың қолында ғана екені сөзсіз.

Ертеңгі күннің бүгінгі күннен нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға

жетелейтін күш- білімге ғана тән. «Білімді мыңды,білекті бірді жығады» дегендей

білімді де саналы,салауатты ұрпақ бар жерде еліміздің ертеңі мәңгілікке

жарқырап тұратыны сөзсіз.Қазақ елінің берік те бекем болуы ынтымақ пен бірлікте

әрі болашағымыздың тірегі-жастардың қолында.Сол жолға тек біліммен ғана жол

табамыз-ау деймін,жас достар! Әрбір жас жеке қабілетіне және кәсіби

біліміне сай қоғамымызда өз орнын табуы қажет. Кейінгі уақытта жастарда болашақ

мамандықтарын таңдауда жоғары деңгейдегі талғампаздық пен белгілі бір

салмақтылық байқалады. Олар нақты терең білім мен кәсіби мамандық алуды

көздейді. Себебі, жастар келешекте өзін және өз жақындарын материалдық тұрғыдан

қамтамасыз ететін, өз жұмысынан шынайы қанағаттануға мүмкіндік беретін

мамандықты игергісі келеді. Сапалы білімі бар, жаңа технологияны игерген,

халықаралық еңбек нарығына сәйкес мамандарды дайындап, шетелдік жұмыс күшіне

деген сұранысты азайтып, ел экономикасына жаңа серпін беріп, тұрақты дамуды

қамтамасыз ету бүгінгі білімдар, көзі ашық жастар қолында. Осыған орай

«Болашақ» бағдарламасы түлектерін шетелде алған білімдеріне сәйкес ел экономикасының

басымдылыққа ие салаларына жұмысқа орналастыруда.Осының өзі болашақта пайдасы

тиері сөзсіз.

        Мен

сүйікті Отанымыздың ,яғни Қазақ елінің тыныштықта болуын тілеймін.Баянды

болашаққа біз сияқты жас ұрпақты алаңсыз да білімді ,дені сау,денесі ширақ

азамат етіп жеткізетініне кәміл сенемін.Көп ұлтты,ұлағатты ұландарға бай

ел-Атамекенімді жан тәніммен сүйемін. 

Бұл әлемде ең бастысы біздің қай жерде

тұрғанымыз емес, қандай бағытта жылжып келе жатқандығымыз. Болашағымыздың

кемелді болуы біздің қолымызда, ал мен болашақта елімді көркейтуге өз үлесімді

қосамын деген нық сенімдемін.Ендеше алдағы уақыттағы

ауызбіршілік,адалдық,біліктілік қана тиімділік әкелері сөзсіз. Өткенімізді ұмытсақ болашақ бізді

кешірмейді.Рухани құндылықтарымызды,дәстүрімізді,салт-санамызды,ал ең бастысы

бірлігімізді сақтайық.Тілімізді аялайық,асқақтатып биікте ұстайық,ағайын!        

     EXPO-2017 Қазақстанның негізгі

ірі жобаларының бірі.ЕХРО-2017

көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау

технологиясын, бүгінде бар баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа

әзірлемелер мен технологияны пайдалануға мүмкіндік береді. Көрме сондай-ақ

елдің өндірістік қуаты мен ғылыми базасын технологиялық жаңғырту және

экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін қуатты серпін береді. Мұндай ауқымды

іс-шараны өткізу ісіне, соның ішінде көрмелер объектілері құрылысы мен

инфрақұрылымына шағын және орта бизнес атсалысатын болады. ЕХРО көрмесін өткізу кезінде Қазақстанның астанасына әлемнің

түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттердің үндесетін орнына айналмақ.Елімізде

өткелі жатқан ЕХРО-2017 көрмесі жоғары деңгейде өтіп,қазақ елі биік белестерден

көрінсе екен деймін.




 




Просмотров: 259


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст