Шайдулина Гүлзада
10«А» сынып.Ақкөл орта мектебі КММ
Зеренді ауданы
Ақмола облысы
Жетекші:Алимбетова У.С.
Эссе
«
Болашақ бүгіннен басталады: «ЭКСПО-2017»
Әрине,болашақ
бүгіннен басталады. Біздің болашағымыз ол қазіргі өсіп келе жатқан –балалар,
жастар. Жастар мен балалар- болашаққа апаратын алтын көпір.Әрбір жас осы қоғамда
өзіне ұнайтын жұмыс, және өзіне сай орнын табуы қажет. Жастардың, Қазақстанның
болашағы екенін ұмытпауы керек.
Соңғы жылдары
түлектердің мамандық таңдаудағы нақты анықталған бір шешімі: Олардың өз болашағына
деген бейжайлығы. Менің ойымша балалардың,қандай
мамандық таңдауына, ата-анасы,туыстары,ұстаздары әсер жасамауы тиіс. Себебі,
болашақта таңдаған мамандығы өзіне ұнамауы мүмкін. Балаға мамандығы ұнамаса, өз
оқуын ары қарай жалғастыруға ешқандай талпынысы,не ынтасы болмайды. Сондықтан
балаға өз көпірін, құруға жол беру керек.
Білімді ұрпақ-
ел тірегі. Мына жас мемлекетіміздің болашағы біздің қолымызда. Бұл әлемде ең
бастысы біздің қай жерде тұрғанымыз емес, біздің қандай жолмен елімізге көмек
бергеніміз.
Қазіргі таңда
елімізде болып жатқан EXPO-2017 көрмесінде де, көптеген жастар өз жағынан көмек
беріп жатыр. Ол тек қана қолдаумен емес, басқа да бір іс-шаралар арқылы. ЕXPO-2017 халықаралық мамандандырылған
көрмесі Астанада өтіп, Қазақстанның негізгі ірі жобасының бірі.Елбасымыздың өз
жолдауында Астана жеңіп шыққан жағдайда,
жобаның табысты жүзеге асырылуы үшін барынша күш-жігерін жұмсайтынына кепілдік
берген.Біздің Астана ұсынған көрменің негізгі тақырыбы «Болашақтың энергиясы».Бұл
көрмеде тұрақты энергия көздерін дамытуға, энергия үнемдеу сенімділігін мен
тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарлама. Бүгінгі таңда бізге қол жетімді
энергоресурстар адамзаттың ажырамас байлығы болып табылады, оны жауапты және ұтымды
пайдалану қажет.Қазақстанның EXPO-2017 өткізуге үміткерлігі Парижде 2014 жылы
24 сәуірде Халықаралық Көрмелер Бюросы атқарушы комитетінің отырысы шеңберінде
мақұлданды. Астана EXPO-2017 бүкіләлемдік аренада Қазақстанның танылуы мен
туристік тартымдылығын арттыруға, біздің халқымыздың қонақжайлылығын көрсетуге
бағытталған.
EXPO ауқымында салынатын нысандар болашақта Қазақстанды және оның астанасын ірі
халықаралық, көрме және улкен алаң ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Көрме әлемді
қазақстандықтардың көпұлтты мәдениетімен,тарихымен,дәстүрімен,өнерімен,қонақжайлылығымен
таныстырады. Тек қана таныстырмай қоймай, туристік және қонақ уй тартымдылығын
және танымалдығын арттырады.
Осы көрмеге жастар қатысып, күн сайын
концерттер, ұлттық күндер және басқа да ойын-сауық шаралары өткізіліп
жатыр.ЕXPO-ны жақсылап тұрып өткізуге, әлемнің түпкір- түпкірінен әртүрлі әнші,
әртістеріміз келіп жатыр.Әсем Астана осыған байланысты бұрынғыдан да,өршіл мақсатпен
дамып, жаңа серпін алады. Ал қазақстандықтар өз күштеріне және өз елінің мүмкіндіктеріне
тағы да көз жеткізіп келеді.Мемлекет басшысының пайымдауынша: Астананың бәсекелестік
жеңіске жетуі,кездейсоқ емес. Бұған негізінен үш себеп бар. Біріншіден, бұл астанамызды
әлемдік деңгейдегі оқиғаны қабылдауға лайықты орталық деп танығандық.
Екіншіден,Астананы таңдауда бізге жоғары баға бергендігі.Үшіншіден,жеңіске ұсынған
«Болашақтың энергиясы» тақырыбы көмектесті. Ақырында,бастысы-« Астананы таңдау
бүкіл қазақстандық халықтың күш-жігерінің жемісіне айналды»,-деді Мемлекет
басшысы. Қазіргі таңда көрмеге қатысуын 115 ел мен 18 халықаралық ұйым ресми түрде
растады. Осылайша, көрмелердің бүкіл тарихында EXPO-2017 қатысушы- елдер саны
бойынша сәтті көрмелердің бірі болып саналады.Қазірден бастап барлық қатысушы
елдер «жасыл» энергияға көшті. Соның бірі Лас-Вегас,қалалық нысандардың барлығы
баламалы энергия көздері арқылы жұмыс істейді. Бұл энергияны экологиялық таза әдіспен
алатын элемдегі бірен-саран кездесетін қалалардың бірі. Осы көрмеде көптеген,қызықты
нысандар болатынына сенімдімін. Қаланың флорасын жақсарту үшін, тек қана
есейген жастар емес,одан да кіші өнертапқыштар қатысып жатыр. Солардың ішінде
Шымкенттік оқушылар, олар қалалық хайуанаттар бағының өсімдік әлемін жақсарту үшін
күн дискілерінің жобасын ұсынды. Ғажайып дискілер жылуды тамаша ұстап, кез
келген мезгілде торлы орындардың ішін жылытып, тұрған бойында сақтап қалады. Өнертапқыштар
«EXPO-2017» көрмесіне барып,өз жобалары жайында айтып беруді армандайды. Ал,
мен бұл арманнның орындалатына сенемін. «Мен 25 жыл ішінде жұмыс барысында көрген
«Астана EXPO-2017»-бұл ең үздік сападағы көрме»,-Висенте Лоссерталес. Мен бұл сөздермен
толықтай келісемін,себебі расында да бұл көрме ең уздік сападағы көрменің бірі.