«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акколь отдела образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қазақ тілін дамыту

10.04.2017

Ақкөл орта мектебі бойынша

қазақ тілін дамыту мақсатында жүргізілген іс-шаралардың есебі.

Тіл адамның толыққанды жеке тұлға

ретінде қарым-қатынас жасауына, ақпарат алмасуға, бала тәрбиелеп, зияткерлік

мүмкіндіктерін дамытуға мүмкіндік береді. Тіл арқылы қоғам мүшелері, жеке тұлға

мен мемлекет арасындағы өзара қарым-қатынас жасалады. Тіл маңызды

коммуникативтік қызмет атқара отырып, сонымен бірге, адамның өз ойын,

ниет-пиғылы мен көңіл-күйін білдіріп, ішкі әлемін көрсетеді, білімін

жетілдіруге, адам санасының деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.

Ақкөл орта мектебінде 2012 жылдан бастап «Қазақшаңыз қалай?» атты қазақ

тілінің үйірмесі жұмыс істеп келеді. Оған мектептің барлық ұстаздары қатысады.

Үйірмені қазақ тілі  пәнінің мұғалімдері

жүргізеді.  Әр тоқсан сайын диктант

жазылады. Алған білімдері  тест арқылы тексеріліп

отырылады.  Мектепшілік «Шаңырақ»

газетінде үйірменің  жетістіктері

үнемі  жарық көріп отырады.

Мектебіміздің іс-қағаздары  екі тілде

жүргізіледі. Барлық іс- шаралар қазақ тілінде басталып, қорытындысы да қазақ

тілінде  айтылады. «Қазақ тілі шет тілі

және екінші тіл ретінде» оқыту әдістемесі қолданылып келеді.

Қазақ тілін дамыту мақсатында мектепте қазақ тілі апталығы, қазақ тілі он

күндіктері  өткізіліп отырады. Сол

мерекелерге ата-аналарда белсене қатысады.

 

 

Оқу ісінің меңгерушісі:                 Башарова А.Ж.

Просмотров: 273


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст