«Жас ұрпаққа ана
тілінің орны» атты дөңгелек үстел
Мақсаты: Елбасы
бағдарлап берген межелерге жету жолдарын талқылауға салу, мемлекеттік тілдің
қолдану аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, оқып үйренуге
деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру. Патриоттық сезімін оятып, тілін,
Отанын, елін, жерін сүюге, салт - дәстүрін, тарихын құрметтеуге баулу.
Көрнекілігі: тіл
туралы ұлылар ойлары: «Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім», «Тіл – ұлттың жан
дүниесі», «Өз ана тіліңді қадір тұтпай тұрып», «ел - жұртыңды сүйе алмайсың»,
«Тәрбие басы – тіл», «Тіл жоқ жерде – ұлт жоқ»
Түрі: дөңгелек үстел
Дөңгелек үстелдің барысы:
Кіріспе сөз:
Дүбірлетсін өңірді,
Дүрілдетсін дүлдүлі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын, бұл күні!-
Оқытушының сөзі:
Қазіргі таңда
еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін мемлекеттік тіліміз – қазақ
тілі болып бекітілді. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңы» күшіне енді.
Болашағымызды баянды етер басты қаруымыз – тіліміз.
«Адамға екі нәрсе
тірек тегі,
Бірі – тіл, бірі –
ділің жүректегі», — деп Жүсіп Баласағұн бабамыз айтқандай кез - келген
мемлекеттің, елдің ең негізгі рәмізі де, ұраны да, тірегі де сол елдің ана тілі
болмақ. Биыл тіліміздің мемлекеттік мәртебе алғанына 25 жыл уақыт болды.
Осындай атаулы күнде бәріміздің де мерейіміз өсіп, қойынымыз қуанышқа толып
отырғаны сөзсіз.
Қуан далам,
қуанатын күн бүгін,
Серпіп таста мұңды
көңіл түндігін.
Тіл туралы заңым енді күшіне,
Паш еткендей кескен жаңа кіндігін.
Қуан халқым, күшіне енді тіл заңы,
«Сүйінші» деп ақындарың жырлады.
Ел елдігі сыналады тілімен
Сол арқылы жайқалады гүл «Жас
ұрпаққа ана тілінің орны»атты дөңгелек үстел басындағы ой бөліске
қош келдіңіздер!
Дөңгелек үстелдің мақсатымен сұрақтарына тоқталып
өту.
Біздің бақытқа жетер даңғыл жолымыз - туған
Отанымызды, туған тілімізді сүюден басталады. Сондықтан да, бүгінгі дөңгелек
үстелдің мақсаты - ұлтшыл емес, ұлттық сана - сезімі мол, Отанын, ана тілін өз
анасынан кем сүймейтін азамат пен азаматша болуға, мемлекеттік тілдің қолдану
аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау.
«Мемлекеттік тіл мәселесі» тақырыбына қысқаша
мәлімет оқылынады. (Осы оқылған мәлімет бойынша сұрақтар қою, талдау)
Қазіргі заман жеке адамдардың ғана емес, тұтас
ұлттардың да өткеніне үңіліп, болашағын бағдарлауға жол ашты. Ендігі жерде
қазақ тілінің беделін көтеру, оның арын арлап, жоғын жоқтау, олқысын толтыру өз
қолымызда, сіз бен біздің қолымызда. Сондықтан бүгінгі дөңгелек үстелде
талқыланатын сұрақтарға назар аударайық.
Дөңгелек үстелде
қолданылатын кейбір сөйлемдер үлгісі:
• Мен сенімен
келесемін.
• Мен де осылай
ойлаймын.
• Бір жағынан
осылай,бірақ...........
• Мен осы пікірмен
келісемін.
• Басқа көзқарас
болмау керек.
• Мен ...........
сенемін.
1.Қазақ тілі -
мемлекеттік тілі.
Қазақ тілі түркі
тектес тілдерге, соның ішінде қыпшақ тобындағы тілге жатады.Түркі тілінде сөйлейтін
халықтар: қазақ, татар, башқұрт, балқар,әзірбайжан, түрікмен, чуваш, саха,
тува, хакас, алтай, гагауз т.б.
Жер шарының
бірсыпыра жерінде көптеген қазақтар тұрады. Басқа шетелдерде тұратын қазақтар
да өз тілін ана тілін деп есептейді. Қазақ халқы ұлт болып қалыптасқаннан бері
қазақ тілі өмір сүріп келеді.Руникалық жазбалардан кейін қазақ тілінде араб,
латын, орыс
Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік тілі - қазақ тілі.
Мемлекеттік тіл -
мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында
қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс
қағаздарын жүргізу тілі.
2.Қазақстан
Республикасындағы тілдердің жалпы мәселесі: Тіл туралы Заң, белгіленген
бағдарламалар, қазақ тілінің орны.
Қазақстан
Республикасының Конституциясында «Қазақ тілі - Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік тілі» деп жазылған. Қазақстан Республикасының Тіл туралы алғашқы
заңы 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданды.
Қазақстан
Республикасының «Тіл туралы» Заңы 1997 жылы 11 шілдеде екінші рет қабылданды.
Қазақстан халқын
топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру –
Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы.
Қазақстан
Республикасының Тіл туралы алғашқы заңының қабылданған күнінің құрметіне, 22
қыркүйек Қазақстан халықтарының тілдер мерекесі ретінде тойланатын болды.
3. Көп тіл білу
үшін қандай жағдай жасалуы керек? Көп тілді үйрету туралы өз пікірлеріңді
айтыңдар.
Біздің елімізде
көптеген ұлт өкілдері тұрады. Әр халықтың өз ана тілі бар. Адам дүниеге
келгеннен бастап, өмір бойы тілмен бірге тіршілік етеді. Ана тілі адам
баласының бойына ана сүтімен сіңеді.
Халықаралық
байланыста әлемдік деңгейде қолданылатын алты тіл бар.Олар: ағылшын, француз,
орыс, испан, қытай, араб тілдері.Жарқын болашаққа ұмтылған Қазақстан үшін
бүгінгі жағдайда біздің көп тіл білуіміз қажет.Бірнеше тіл білгеннен ешкім
ұтылмайды.Бірақ өзге тілді білсек те, өз ана тілімізді ұмытпауымыз керек. «Өзге
тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!» дегендей, өз тілімізді құрметтеп
өсейік.
Дөңгелек
үстелде талқыланатын сұрақтар:
1.Мемлекеттік
тілідің мәртебесі жайлы не білесің?
2.Қазақстан
Республикасындағы тілдердің жалпы мәселесі: Тіл туралы Заң,қазақ тілінің орны.
3. Мемлекеттік тілдің қазіргі таңдағы жағдайы қандай?
4. Үштұғырлы тіл туралы не білесің?
5. .Көп тіл білу үшін қандай жағдай жасалуы керек?
6. Көп тілді үйрену туралы өз пікірлеріңді айтыңдар
Қызықты мәліметтер
(тіл туралы)
Полиглоттар
тарихынан қызықты деректер берейін:
Шығыс ғұламасы Әл -
Фараби 70 - ке жуық тілді меңгерген.
* * *
А. С. Пушкин француз, ағылшын, неміс, итальян,
испан, латын, грек, славян тілдерін білген. Көне еврей тілін зерттеген.
* * *
Ұлы Абай орыс - қазақ тілдерімен қатар парсы, араб
тілдерін меңгерген. Орыс тілін орта жастан асып барып, кеш меңгерген.
* * *
Луначарский испан тілін 57 жасында үйренген екен.
* * *
Кибернетика “атасы” деп есептелетін Норберт Винер 13
тілді зерттеген.
* * *
Люксембург халқының түгелге жуығы төрт тілде еркін
сөйлей алады, әсіресе, жастары. Ең бастысы, Люксембург балалары мектепке дейін
төрт жастан бастап тегін ана тілінде, екінші сыныптан бастап француз тілінде
оқиды. Ағылшын тілі алтыншы сыныптан басталады.
5 Ситуациялық
тапсырма
1. Мектепке жаңа
жылдан кейін кем дегенде екі сакбақ үш тілде өту керек» деген хат келсе, сіздер
не істейсіздер және оған дайынсыздар ма?
2. Іс сапармен
шетелге шықтың делік, өз ана тілің жайлы не айтар едің?
Пікірталасымызды ары қарай жалғастырайық. Қажетті
де, қызықты мәліметтерді алдық, келесі ой қозғайтын сұрақ:
«Кім жылдам» сұрақ
- жауап өткізу.
Сұрақ - жауап
1. Тіл туралы заң қай жылы қабылданды? (1989 жылы)
2. Қазақ халқын дүние жүзіне танытқан шығарма?
(Мұхтар Әуезов «Абай жолы»)
3. 1912 жылы қазақ әліппесін жасаған және алғаш оқу
құралын жазған кім? (Ахмет Байтұрсынов)
4. Қазақстанда екі адам атымен аталатын қандай темір
кен орны бар? (Соколов - Сарыбай)
5. Президент жарлығымен Семей полигоны қай жылы
жабылды? (1991 жылы, 29 тамыз)
6. Қазақта тұңғыш дүниежүзі чемпионы атағын алған
палуан кім? (Қажымұқан Мұңайтпасұлы)
7. «Көшпенділер» трилогиясының авторы кім? (Ілияс
Есенберлин)
8. Қазақстанды Тәуелсіз деп таныған ең алғашқы ел?
(Түркия)
9. Бес арыс кімдер? (Шәкәрім Құдайбердиев, Ахмет
Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев)
10. Қазақ халқының үш ағартушы - демократтары? (Абай
Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин)
Әдебиетші Сейілбек Қышқашұлының сөзін сіздерге оқып
берейін, оған қандай ой қосар едіңіздер?
... Біз, қазақ, тірі тілімізді өзге түгіл, өз
қазағымызға үйрете алмай келеміз. Ал еврейлер ше? Бұдан 1000 жыл бұрын өліп
қалған тілін олар Израильде тұратын (еврейі бар, еврей емесі бар) барлық
халыққа үйретіп отыр. Қалай? Израильде министрлік болсын, басқа болсын, барлық
мекеме қызметкерлері 6 сағат жұмыстан кейін (және біздегідей басқа тілде емес,
өз мемлекеттік тілінде жұмыс істегеннен кейін) сол отырған орындарында,
орындарынан тұрмай, мемлекеттік тілді тағы да 6 сағат оқиды екен.
8. Тақтада бірнеше нақыл сөздер ілулі тұр соларды
оқып, талдайық. Кім - қалай түсінеді? «Тіл - тірегім, соғып тұрған жүрегім»,
«Тіл – ұлттың жан дүниесі», «Өз ана тіліңді қадір
тұтпай тұрып», «ел - жұртыңды сүйе алмайсың», «Тәрбие басы – тіл», «Тіл жоқ
жерде – ұлт жоқ»
9. Тіл туралы заңды бұзғаны бойынша және
жарнамаларды қате жазғандары үшін бір жазаға тартылады ма, әлде тартылмайды ма?
тартқан дұрыс па?(Әр сұрақтан кейін жауаптары, пікірлері тыңдалады.)
Жауаптарыңызға рахмет! Дағыстандық ақын Расул
Гамзатов «Ана тілім менің! Сен маған ризасың ба, білмеймін, бірақ менің тілегім
- сенсің. Мен сені мақтан етемін»,- деген екен. Олай болса, тіл үйренушілер,
бүгінгі ана тіліміздің тағдырына ризасыздар ма?
Қорытынды сөз:
Бүгінгі дөңгелек үстеліміз өз мәресіне жетті.
Егеменді еліміздің тұғыры қашан да тіліменен биік. Тіл тағдыры туралы көкейді
тескен көп ойлармен сусындадық. Туған тілім - тұғырым. Бұл сіздердің басқа
тілді меңгерулеріңе ешқандай бөгет болмайды, қайта адамгершілікке, шын патриот
болуға жетелейді. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты
себепкер - сол ана тілің. Ана тілінің бүге-шүгесіне, терең иірімдеріне бойлай
білу - саналы азамат болғысы келетін жас адамның бірінші парызы. Ол - туған
жерді, отанды, ата мекенді сүйе білу деген сөз. Осы азғантай уақыттағы айтылған
сөз, өнер толғаған сезім, ұлылардан қалған ой - пікірлерді көкіректеріңе мәңгі
қалдырыңдар дей отырып Абайдың мына сөзімен аяқтағым келіп отыр.
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегіңде болсын көз.
Көңіл бөліп тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!