«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акколь отдела образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жазғы сауықтыру лагерінің жұмыс есебі

03.07.2017

Маусымның 1-нен 9- на дейінгі

«Айгөлек»жазғы сауықтыру алаңының жұмыс

есебі.

Жаздың шуақты күндерімен бірге

балалар лагерьлері де өз жұмыстарын бастады. Жазғы демалыс маусымы — балалар

үшін ерекше қуанышты сәт. Балалардың демалысын тиімді өткізу және оларды

лагерьмен қамту жыл сайын дәстүрге айналған шара.

Іс - шараларды ұйымдастыруына

сәйкес «Айгөлек» лагері өз қызметіне мына бағыттағы іс - шараларды атқарды:

- Салауатты өмір салтына баулу;

- Эстетикалық тәрбие;

- Азаматтық - патриоттық және

ұлттық тәрбие;

- Тәрбие беру - сауықтыру жұмыстары;

- Спорттық шаралар.

«Айгөлек» лагері өзінің алдына

міндеттер мен мақсаттарын белгілеп, бағдарлама негізінде жұмыс жоспарлары

жасалынды.

І ауысым маусымның 1-нен 9-на

дейін «Айгөлек» атты жазғы мектеп сауықтыру және демалдыру алаңы өтті. Лагерьдің

жұмыс уақыты 10:00-ден 13:00-ге дейін .

1 маусым күні «Бақытты балалық шақ»

тақырыбында іс- шаралар ұйымдастырылып, «Айгөлек» лагерінің ашылуына арналған

салтанатты сап жиыны өткізіліп, «Халықаралық Балаларды қорғау күні» мерекесіне

арналған іс- шараларды тамашалауға «Балалар мерекесі» атты көңілді ойындар

өткізілді. Онда «Қырықаяқ»,«Әр заттың өз орны бар», «Ең әдемі сурет» асфальта

сурет салу сайысы ұйымдастырылды, балалармен бірігіп түрлі массалық флешмоб

билері,мектеп парламентінің ұйымдастыруыменен сайқымазақ кейіпкерлерінің

қызықты қойылымдары өтті. Мереке соңында балаларға тәтті сыйлықтар таратылды.

Оқушылардың демалысын қызықты

өткізу мақсатында әр күн ерекше, қызықты тақырыптарға байланысты іс - шаралар

жан-жақты ұйымдастырылды. «Сиқырлы бояу» суреттер сайысы , Денсаулық күні «Жүйрік

болсаң, жеңіп ал» спорттық жарыстар,  «Поэзия»күні

өлеңдер сайысы жатқа мәнерлеп оқу демалушыларды өте қызықтырды

Жазда балалар таза ауада көп

серуендейді. Осыған орай «Көше ережесін білесің бе?» атты тәрбие сағаты

ойын-сайыс түрінде өткізілді. Онда балалар жолда жүру ережесін қайталап, топтық

сайысқа түсті. Тақырыпқа байланысты жұмбақтар, мақал-мәтелдер сайыстары

өткізілді.

 «Айгөлек» лагері балалардың жазғы мезгілінде

уақыттарын тиімді пайдалану, балалармен әртүрлі бағыттағы мәдени- көпшілік іс-

шараларды ұйымдастыру мақсатында лагерь аймағынан тыс  қызықты ойындар балалардың қызығушылықтарын

арттыра түсті,әсіресе балаларға «Қазына іздеу» ойыны өте қызықты әсер қалдырды.

Осы мерекелерден басқа мектеп

алаңында бой шынықтыру жаттығуларын жасап, түрлі «Айгөлек», «Бес асық», «Қаздар

ұшып барады», «Аңшы мен түлкі», «Алақан соқпақ», «Қоңырау», «Орамал тастау»,

«Сұр мысық» және т.б. спорттық, ұлттық қызықты ойындар жүргізілді.

1-аусымның жабылуына арналған

іс-шараларда ,оқушылар ауысымнан алған әсерлерін өз өнерлері арқылы бейнелеп,

ризашылықтарын білдірді.

                                                                                                  

                                                                                                                Ақкөл

орта мектебі  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 8448


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст