«Айгөлек» лагерінің қорытынды есебі
Маусым айының 1-жұлдызынан бастап 30-на дейін Ақкөл орта
орта мектеп жанында «Айгөлек» сауықтыру лагері ашылды.
Лагерьдің негізгі мақсат міндеттері: – балалардың жазғы демалысын,
сауықтырылуын және қамтылуын ұйымдастыру бойынша үздік жұмыс тәжірибелерді
нықтау және насихаттау.
-балалар мен жасөспірімдердің жазғы бос уақытын ұйымдастыру
саласында педагогикалық инновацияларды қолдану.-кәмелетке толмағандар арасында
қараусыздық пен құқық бұзушылықтың алдын алу әдісін жетілдіру (заңға қайшы
әрекеттерді) болдырмау жөніндегі жұмыс нысаны
Лагердің әр күні
алуан тақырыппен аталып өтті «Қазына іздеу», «Кел, балалар, оқылық», «Кім
болам», «Ертегілер еліне саяхат» т.б. барлық іс – шараларға оқушылар белсене
қатысып, қызығушылық танытты. Әр ойындарда «Жақсы оқырман», «Жас ақын», «Жүйрік
математик», «Тамаша әнші» деген атақтар беріліп, марапатталды. Эстафеталық
ойындар, ұлттық ойындар күнделікті жоспарға енгізіліп тартымды , қызықты түрде
өтті.
Осы мерекелерден басқа мектеп алаңында бой
шынықтыру жаттығуларын жасап, түрлі «Айгөлек», «Бес асық», «Қаздар ұшып
барады», «Аңшы мен түлкі», «Алақан соқпақ», «Қоңырау», «Орамал тастау», «Сұр
мысық» және т.б. спорттық, ұлттық қызықты ойындар жүргізілді.
Лагердің
жабылуына арналған іс-шараларда оқушылар ауысым бойы күндегі алған әсерлерін өз өнерлері арқылы
бейнелеп, ризашылықтарын білдірді.
Тәрбиешілер: Мухаметжанова А. Н. Кабдулова Г.Р.