Ақкөл
орта мектебінің оқушылары жазғы сауықтыру демалысын қызықты өткізуде.Әр күн
сайын қызығушылықпен келіп,мұғаліммен
бірлесе әртүрлі өткізілген іс-шараларға белсене қатысуда. «Ойын ойнап,ән
салмай,өсер бала болар ма»-дегендей ойын,бала өмірінде үлкен рөл атқарады.Ойын
арқылы бала дамып өсіп жетіледі,өмірге қызығушылық сезімдері артылады.Әңгіме
жүргізу,сурет салдырып ән айтқызу сайыстарын өткізе отырып,әр баланың мінез
құлқын,терең тұңғиықта жатқан дарындылық қасиеттерін ашуға болады. Лагерьде асыр салған көңілді балалар
бір-бірімен достасып та үлгерген. Көңілді демалыс сәтінде балдырғандардың жанын
әнге, сыңғыр күлкіге тойдырып, күн сайын қызықты сайыстар мен думанды күндер
өткізу дәстүрге айналған.Әсіресе таңғы жаттығу әсем әуенмен балалардың орында
уында бойларын сергітеді. Тәрбиешілер балаларды табиғат аясына серуенге
шығарып, әр түрлі жаттығулар мен ойындар ұйымдастырады. Оқушылар үшін табиғат
аясында демалудың пайдасы ұшан-теңіз.Таза
ауада қимылды ойындар ойнап ,денсаулықтарын шынықтырса,орманға барған саяхаттары ерекше бір,көңілдерінде сезім
қалдырды.Балалар келесі жылы да жазғы сауықтыру демалысын қызықты өткізуге бел
бууда.
Ақкөл орта мектебінің
бастауыш сынып
мұғалімдері: Мухаметжанова. А.Н.
Кабдулова. Г.Р