26.06 ЭКСПО-2017
көрмесінен барып қайтық. Бұл көрмеден алған әсерлерім сан-алуан. Әрине, бұл
әсерлерім жағымды. Көрмеге кірмей тұрып сырт келбетін көргенде таң қалдым. Бұл көрмеге келгенде басқа
ғаламшарда болғандай әсер алдым.
EХРО-2017
көрмесінің «Болашақтың энергиясы» тақырыбы ең үздік әлемдік энергия сақтау
технологиясын, күн, жел, теңіз, мұхит және термалды су тәрізді бүгінде бар
баламалы энергия көздерін пайдалануда жаңа әзірлемелер мен технологияны
пайдалануға мүмкіндік береді. Көрме сондай-ақ елдің өндірістік қуаты мен ғылыми
базасын технологиялық жаңғырту және экономиканы жүйелі әртараптандыру үшін
қуатты серпін береді..ЕХРО көрмесінде Қазақстанның астанасы әлемнің
түкпір-түкпірінен келген түрлі мәдениеттер үніне толы.
Әр
елге бөлек павильондар жасалған. Бұл арқылы әр елдің жаңа заманға сай
инновацияларымен таныстық.
Маған
ЭКСПО-2017 көрмесі өте ұнады. Мен бұл көрмеге әлі барамын деген ойдамын.