1. Орта білім беру
ұйымдарының міндетті мектеп формасы (бұдан әрі – мектеп формасы) оқытудың
зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының үлгісі, түсі классикалық
стильде, бірыңғай түс гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді
араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі қалыпты және ашық емес
түстерден таңдалады.
2. Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне
қарай енгізіледі.
3. Мектеп формасы күнделікті, мерекелік
және спорттық болып бөлінеді.
4. Ұлдардың мектеп формасы:
пиджак, жилет, шалбар,
мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка).
Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып
тұрады.
5. Қыздардың мектеп формасы:
пиджак, жилет, юбка, шалбар,
классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға
арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.
6. Ұлдардың мерекелік
формасы күнделікті формаға қосымша ақ жейдеден, қыздар үшін ақ түсті блузкадан
құралады.
7. Ұлдар мен қыздарға
арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, футболка),
спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады.
8. Мектеп формасына
классикалық пішіндегі мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес немесе кереғар
келетін галстук тігіледі.
9. Мектеп формасына түрлі діни
конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім
және ғылым министрінің 04.04.2016 № 248 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен
соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10. Мектеп формасына орта
білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер және т.б.)
салуға болады. Олар киімнің немесе аксессуардың (пиджак, жилет, галстук)
жоғарғы бөлігінде орналасады.
11. Мектеп формасына
қойылатын талаптар климаттық жағдай, оқу сабақтарының өткізілу орны және оқу
ғимаратындағы температуралық режим ескеріліп, іске асырылады.
12. Мектеп формасына
қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар
киюге тыйым салынады.
13. Мектеп формасын енгізу
барысында мата құрамына назар аударылады.
14. Мектеп формасының
матасы ретінде қасиеттері жақсартылған жартылай жүн және мақта, киіске төзімді,
антибактериалдық, антимикробтық және антистатикалық қасиеттері бар маталар
қолданылады.
15. Мектеп формасының
түсін, фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын орта білім беру ұйымы мен
қоғамдық кеңес айықындайды, жалпымектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен
бекітіледі.
16. Мектеп формасына
өзгерістер енгізу туралы шешім қоғамдық кеңеспен келісу арқылы қабылданады.
17. Ата-аналар және өзге
заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген мектеп
формасын киюіне жауап береді.