Сабақтың тақырыбы: Асыл сөзді іздесең, Абайды, оқы, таңырқа!
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылар Ұлы ақын-А.Құнанбайұлының балалық және жастық
шағы ,өскен ортасымен таныстыру.Ақындығы мен композиторлығын таныту.
Жас ұрпақты Абай шығармашылығын танып,өсуге тәрбиелеу.
Тәрбиелік:Гуманистік,адамгершілік,еңбек,имандылық тәрбиесін беру.
Шығармашылық: Абай шығармашылығын сүйіп оқуға, қадірлеуге, асыл мұрасындай есте сақтауға баулу
Көрнекілігі: Абай өлеңдер жинағынан кітаптар көрмесі, Абай портреті, карточкалар, слайд, бейнетаспа, домбыра.
Сабақтың барысы
Мұғалім: Құрметті оқушылар, ұстаздар, қонақтар! «Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе» атты сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер. Бұл сабақ екі бөлімнен тұрады.
1-бөлім: «Абай-ұлы тұлға» конференция сабағы
2-бөлімі: «Абайды оқы, таңырқа! Сайыс сабағы
1-бөлім.
Топтастыру. Ұлы ақын Тіл ұстартушы
Данышпан Реалист
Философ Сазгер
Суреткер Абай
Аудармашы Жазушы
Сөз зергері Қазақ әдебиетін қалаушы
1-оқушы (Диас) Абай, Абай, Ұлы Абай, дана Абай
Дана Абайым- қасқайған нән қарағай.
Қазағымның бұйырыпты бағына
Ғасырда бір туылатын дарам-ай
Көшелер қанша Абай атында біз өткен,
Ескерткіш аз ба қаланың сәнін түзеткен
Мектептер қанша, ауылдар қанша, қала бар.
Ақын есімі құрметтелуде ізетпен.
2-оқушы (Жомарт) Абай дана, ғұламасы елімнің,
Абай ақын, мақтанышы жерімнің,
Абай атты бір данышпан болмаса,
Ақ-қарасын кім айырмақ өмірдің?!
Сүйсінемін жазғанын оқығанда,
Абай сөзі бағдаршам оқырманға,
Адасатын адамдар болмас еді,
Абай ойын кеудеге тоқығанда.
3-оқушы: (Жанаргүл) Әр сөзің өнеге ғой ұрпағыңа,
Теңеймен мен өзіңді биік шыңға.
Арманым болмас еді бұл өмірде,
Сіз секілді кіре алсам жыр бағына.
Абай жаны-құбылыс, мәңгі жұмбақ,
Біздер үшін ұлы Абай биік тұрмақ.
Сөздеріңді ұран ғып алты Алашқа,
Ұрпақтар жалғасады мәңгі жырлап.
Мұғалім: Ұлы Абай есімі бәрімізге жақсы таныс. Ағартушы, ақын және сазгер Абай Құанабаев өмірінің соңына дейін қазақ халқының жарқын болашағы үшін күресті. Артына қалдырып кеткен аса құнды мұраларында Абай адам бойындағы кездесетін жаман мінез-құлықтарды сынады және адамдақты, ақыл мен білімді алға қойды. Сонымен қатар, басқа туысқан халықтарының мәдениеті мен өмірін білуге шақырды.
4-оқушы: Жақсылық пен жамандықты. Әділдік пен қиянат туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз.
5-оқушы: Адамгершілік пен арлылық. Махаббат пен зұлымдық туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз.
6-оқушы: Өлім мен өмір, адам жанының қалтарыстары мен сырлары туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз.
7-оқушы: Тіршіліктің мәңгі сауалдарына жауап іздеп, он сегіз мың ғаламның құпиясы туралы білгіңіз келсе, Абайды оқыңыз.
8-оқушы: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанда әлемге танытымыз, қазақ халқын танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деген екен.
Мұғалім: Абайдың шын аты ИбраҺим болған. Абай деп әжесі еркелетіп қойған. Бала кезінде екі ананың арасында тел өскен Абайды жеңгелері Телғара деп еркелетіпті. Тіпті М.Әуезовтың өзі Абай туралы жазбақ болған романын ең алғаш «Телғара» деп атаған екен. Сол телғараның дана Абайға айналып, ұлы ақын болу жолына көз салып көрелік.
Абай бар өмірін өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрыңғы Семей облысында өтті. Ұлы ақын 1845 жылы әйгілі Қасқабұлақ басында, киіз үйде дүниеге келді. Әкесі Құнанбай бүкіл Тобықты елінің қаһарлы әміршісі, қатыгез, ал шешесі Ұлжан керсінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған. Міне, сәби шағынан-ақ Абай от пен судың екі ұдай, кереғар мінезді адамдар ортасында өмір кешті. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абай санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті. Абай ауылда ескіше сауат ашып, Семейдегі Ахмет Ризаның медресесіне оқуға түседі. Алайда, әкесі Абайды билік ісіне араластырып, баулу үшін оқуын аяқтатпай, 13 жасында қайтарып алады. Абайдың медреседегі оқуы осымен аяқталады.
Абай Шығыстың классик ақындары фирдоуси, Низами, Науаи, Әл-Фараби және т.б. шағармаларын қызыға оқыды. Оның шығыс классиктеріне деген ынтасының зор болғаны сонша, өлең жазуға деген алғашқы талпынысы соларға сиынудан басталды.
Семейде жүргенде Абай орыс тілін үйренуге тырысады. Үш ай орыс мектебінде оқиды. Абай Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты көп оқып, солардың шығармаларын қазақ тіліне аударады.
Бейнетаспадан «Абай мұражайын» тамашалау
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй-деп, Абай атамыз айтқандай келесі кезекті әнге берейік. Қабыш Ақерке мен Ашкенова Жанаргүлдің орындауында «Абай біздің бабамыз»
Картография
1845-Абай Құнанбаев Семей облысы, қазіргі Абай ауданында Шыңғыс тауында дүниеге келді.
1855-Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таныған.
1859 – Абай 13 жасында сықақ өлеңдер шығарады.
1865 –Абай 20 жасында от тілді шешен, халық өмірі мен әдетін, билік туралы істі көп білген көсем болған. Абай білімге ден қойып. Араб, парсы, түркі тілдерін үйренген.
1875- Абай 30 жасында атағы шыққан білікті адам болды. Ұрлық қылған кісіге жазаны аямай беріп, ел арасындағы ұрлыққа қатты тыйым салды.
1880- Абай Жидебайда өз қаражатымен жаңадан медресе салдыртқан.
1904 - Абай Құнанбаев 60 жасында Семей уезінің Шыңғыс болысында дүниеден қайтты.
1909 –Абай Құнанбаевтың алғашқы өлеңдер жинағы басылып шықты.
1945 – Ұлы ақын Абайдың туғаныны 100 жыл толы.
1960 –Алматы қаласында Абай ескерткіші қойылды
1968- Қарағанды обл. Абай кеңшарында Абайға ескерткіш қойылды.
1970- Абай мұражайы күрделі жөндеуден өтті.
1971-Семей обл. (Қазіргі Шығыс Қазақстан обл) ескерткіш тұрғызады.
Мұғалім: «Абайдың өмірі, еңбегі» атты кітап көрмесіндегі кітаптармен таныс болыңдар.(Абайдың қырық бес сөзі жайлы қысқаша айтып өтемін)
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй,- деп білдірген Абай ақындық өнермен қоса әншілік, сазгерлік өнерді де аса жоғары бағалаған. Абайдың өзі шығарған жиырма шақты әндері бар. Сол әндерінің ішінде «Көзімнің қарасы» әнін бейнетаспадан тыңдайық және қосылып шырқайық.
«Ол кім? Ол не « оқыта үйрету ойыны.
1.Журналдар
2. Газеттер
3.Энциклопедиялар
Мұғалім: Ақынның айтпақ өсиеті:
Ғылым-білімге неғұрлым ертерек, бала кезден ден қойсаңдар-кейін өкінбейсіңдер Балғын шақтарыңды оқыған кітап, алған білім тасқа басылғандай мәңгі-бақи естеріңде қалмақ дегенді меңзейді.
Сондықтан, балалар осы бастан оқуға ден қойыңдар. Газет, журналдар, көркем әдеби кітаптар, энциклопедияларды оқып әрдайым білімдеріңді толықтырып отырыңдыр. (Оқушыларға арасыны карточкалар салынған бірнеше кітаптар таратып беремін. Оқушылар сол карточкада жазылған сұрақтың жауабын берілген кітаптан тауып оқып береді)
2-бөлім
Мұғалім: Ал, енді сайысымызды бастаймыз. Үш топқа бөлінеміз. Алдымен үш санына байланысты қандай сөздерді білесіңдер? Соны еске түсірейік.
(Бірлерді 1-топқа, екілерді 2-топқа, үштерді 3-топқа жинаймын)
1-Сайыс: «Бәйге»
1-топ «Ибраһим» тобына
Абай мұражай қай жерде? (Жидебайда)
2. Абайдың алғашқы өлеңдер жинағы қай жылы, қай жерде басылып шықты? (1909 ж. Петербургте)
3. Абайдың Қоңыраулы балуан атанған атасы (Ырғызбай)
4.Абайдың ең алғаш дәріс алған татар молдаса (Ғабитхан)
5. Абайдың жеті атасын атаңыз (Құанабай-Өскенбай-Ырғызбай-Айдос-Томан-Тобықты-Арғын)
6. Абайдың үш поэмасы. «Мағсұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі»
7.Абайдың атақта ертекшісі (Баймағанбет)
8. Абайдың табиғат пен махаббат сырын үндестіре жырлаған өлеңі (Желсіз түнде жарық ай)
9. «Шегіртке мен құмырсқа» мысалын кімнен аударды? (Крыловтан)
2-топ «Абай» тобына
3-топ «Телғара» тобына
1.Абайдың талантты скрипкашы кім болған?
2. Абайдың «Қараша, желтоқсан мен сол бір екі ай» атта өлеңі кімге арналған? (Тәкеженның әйелі Қаражанға)
3. Абайдың алағашқы өлеңдер жинағы кімнің атынан шықты? (Көкбай)
4. Абайдың «Ей сорлы заман, менен аяған қай қастығың қалды... Мен ішпеген у бар ма»...! деген тарихи сөзі қандай оқиғаға байланысты айтылған? (Мағауияның өлімі)
5. Абай ел билеу ісіне неше жасынан бастап араласты? (13 жасынан)
6. Абайдың орыс досы (Михаэлис)
7.Абайдың баласы Әбдрахманның қайтыс болған жылы (1895 ж.)
8. «Қазақтың бас ақыны» деп Абай туралы кім айтты? (А.Байтұрсынов)
9. «Татьянаның Онегинге жазған хаты» өлеңін Абай кімнен аударды? (Пушкиннен)
2-сайыс Абай-ақын
-Абай өлеңдерінің аттарын атап шығу (Қай топ қанша атағанын анықтау)
3-сайыс Мәнерлеп оқу
(Әр топ басшылары дайындап келген өлеңдерін мәнерлеп айтады)
Мұғалім: Абайдың өлеңдері сегіз қырлы,
Жұмбағына бойладым мың бір сырлы.
Жалықпаймын оқудан өлеңдерін,
Сініп жатыр санама сәуле нұры.
Абай өлеңдерін мәнерлеп айтуға тапсырма берілген болатын. Бірінші топтан бастайық.
1-топ. Абай ақындық жолға бет бұрған кездегі алғашқы сөзі білім туралы боды. Оның 1889 жылғы жазған «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» өлеңі осы тақырыптағы тұңғыш шығармасы болды. Ол өз өкінішін білдіре отыры, жастарды ғылым-білім үйретуге үндейді.
Өлең «Жасымда ғылым бар деп ескермедім!
2-топ Жастайынан ел билеуші болыс, билердің, орыс шенеуліктерінің еңбекші халыққа жасап отырған зорлық-зомбылығын, әділетсіздігін көріп өскен ұлы Абай олардың озбырлығын мінеп-сынап, бірнеше өлеңдер шығарады.
Өлең: «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым»
3-топ Абай жігіттің де жігіті бар, орынсыз мақтанға бой ұрған, арзан ойын-күлкіні қуып, ауылдың үстімен, жеңілдің астымен жүріп күн кешкен, еңбек сүймес,көрсеқызар, әулекі жігіттерді өлтіре сынайды.
Өлең: «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат»
4-сайыс « Асыл сөздің жалғасын тап»
Тамағы тоқтық
----------------------- (Аздырар адам баласын)
2.Үш нәрсе адамның қасиеті
----------------------------------- (Ыстық қайрат, нұрлы ел, жылы жүрек)
3.Қайратсыз ашу-тұл
Тұрлаусыз ғашық-тұл
----------------------------- (Шәкіртсіз ғалым-тұл)
4. Дос жоқпен сырлас
------------------------------- (Дос көппен сыйлас)
5. Ақылмен ойлап білген сөз
Бойыңа жұқпай сырғанар
-------------------------------- (Ынталы жүрек сезген сөз
Бір тамырда қуалар)
6,Ақырын жүріп анық бас,
----------------------------------- (Еңбегің кетпес далаға)
7. Ұстаздық еткен жалықпас
------------------------------------ (Үйретуден балаға)
5-сайыс: «Бас қатырғылар базары»
Жаңа сөздер жасау
1-топ: Тобықты 2-топ: Құнанбай 3-топ: Жидебай
6-сайыс «Бес жол өлең» Синквейн әдісі арқылы оқушылар бес жол өлең құрастырады.