«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акколь отдела образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Орталық сайлау комиссиясы AMANAT партиясының Мәжіліс депутаттығына кандидаттарының партиялық тізімін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

16.02.2023

АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Орталық сайлау комиссиясы AMANAT партиясының Мәжіліс депутаттығына кандидаттарының партиялық тізімін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«AMANAT партиясы 90 адамнан тұратын партиялық тізімді ұсынды. Бұл тізімдегі 29 кандидат: әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар. Олар кандидаттардың жалпы санының 32,2 пайызын құрайды. Орталық сайлау комиссиясы өкілетті мемлекеттік органдармен бірлесіп, Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін партиялық тізімге енгізілген адамдардың Конституция мен «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкестігіне тексеру жүргізді. Партиялық тізімге енгізілген барлық адам Конституцияның және «Сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келеді», - деді ОСК хатшысы Мұхтар Ерман.
Оның атап өтуінше, партиялық тізімді ұсынған партиялар партиялық тізімге енгізілген әрбір адам үшін ҚР заңнасында белгіленген ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерінде ОСК шотына саяси партиялардың қаражатынан сайлау жарнасын енгізеді.
«Парламент Мәжілісі депутаттарының алдыңғы сайлауында дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 5 және одан да көп пайыз дауысын алған саяси партиялар сайлау жарнасын төлемейді. 2021 жылғы қаңтарда өткен Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында AMANAT партиясы сайлаушылар дауысының 71,9 пайызын алған. Осыған байланысты AMANAT партиясы сайлау жарнасын төлеуден босатылады», - деді ол.

Осыдан кейін Орталық сайлау комиссиясының мүшелері AMANAT партиясы қоғамдық бірлестігінен Парламент Мәжілісі депутаттығына кандидаттардың ҚР Конституциясында және «Сайлау туралы» Конституциялық заңда оларға қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы, AMANAT партиясының партиялық тізімін тіркеу туралы хаттамаларға қол қойды.

Amanat партиясының Мәжіліс сайлауына ұсынатын кандидаттарының толық тізімімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Просмотров: 148


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст