«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акколь отдела образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ауыл шаруашылығы министрлігінде алдағы көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселелері талқыланды.

12.01.2023
Ауыл шаруашылығы министрлігінде алдағы көктемгі дала жұмыстарына дайындық мәселелері талқыланды
2023 жылғы көктемгі дала жұмыстарына дайындық жөніндегі жедел штабтың бірінші отырысы өтті. Облыс әкімдіктерінің мәліметінше, биылғы егіс алқаптарының болжамы өткен жылғы көрсеткіштермен бірдей және 23 миллион гектардан астам алқапты құрайды, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі. Астық және мал азықтық дақылдардың егіс алқаптарын ұлғайту жоспарлануда. Бастапқыда кем дегенде 18 мың гектарға қант қызылшасы егіледі. Көкөніс және бақша дақылдарының өсуі күтілуде. Сондай-ақ, күріш егіс көлемі 9,9 мың гектарға артады.
Мемлекет өсімдік шаруашылығын субсидиялау бағдарламаларын жүзеге асыруды жалғастырады. Мәселен, 2023 жылы тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялауға жергілікті бюджеттерден 11,4 млрд теңге қарастырылған, бұл тұқым себудің жоғары пайызын үшінші репродукциядан төмен емес 97 пайыз деңгейінде сақтауға мүмкіндік береді.
Минералды тыңайтқыштарға келетін болсақ, биылғы қажеттілік 703 мың тоннаны құрайды.
Жергілікті бюджеттерде тыңайтқыштарды субсидиялау бағдарламасына 31,3 млрд теңге қарастырылған, бірақ тыңайтқыштар бағасының өсуін ескерсек, бұл шаруалардың сұранысын толық қанағаттандыруға жеткіліксіз. Ауыл шаруашылығы министрлігі әкімдіктердің қажеттіліктерге қарай бюджет қаражатының көлемін ұлғайту мүмкіндігін қарастыру қажет деп санайды.
 Шаруалар субсидия алуға өтініштерін gosagro.kz жаңа мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы бере алады.
Сонымен қатар көктемгі егіс науқанын жанар-жағармаймен қамтамасыз ету және техникалық қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. Оған 141,7 мың трактор, 4,3 мың дана өнімділігі жоғары егіс кешені, 73,2 мың сепкіш және 221,2 мың топырақ өңдейтін құрал қатысады деп жоспарлануда. Жедел штаб отырысының қорытындысы бойынша облыс әкімдіктеріне егіс алқаптарының болжамдық құрылымын әлеуметтік маңызы бар ауылшаруашылық дақылдарын өндіруді ескере отырып түзетіп, олардың өндірілуін ерекше бақылауға алу, сондай-ақ шаруаларды тұқыммен қамтамасыз ету мәселесін сақтау ұсынылды. жанар-жағармай және басқа да тауарлық-материалдық құндылықтар тұрақты бақылауда.

 

Просмотров: 146


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст