«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акколь отдела образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақтамберді жырау «Күлдір- күлдір кісінетіп» толғауы

10.10.2019

САБАҚ:

Мектеп: Ақкөл орта мектебі

Күні: 02.10.19

Мұғалімнің есімі: Магзумова Г.А

СЫНЫП:8 «А»

Қатысқандар саны:11

Қатыспағандар саны:2

Сабақтың тақыры

Ақтамберді  жырау «Күлдір- күлдір кісінетіп» толғауы

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Ақтамберді туралы мәлімет.( Күлдір-күлдір кісінетіп) толғауының мазмұнынын ашу. шығармашылық  жұмыс (А/И4);

 шығармадағы оқиға желісін өзіндік көзқарас тұрғысынан дамытып жазу (8.А/И4).

Негізгі мақсат

Ақтамберді    жыраудың –өмір   жолы мен  еңбектеріне   тоқтала отырып,    шығармаларының  идеялық  мазмұнынын ашу, талдау

 

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

: ХҮІІІ ғасырдағы аса көрнекті жырауы Ақтамберді Сарыұлы туралы білім беру, толғауларын талдау,

Оқушылардың басым бөлігі:

Оқушылар бір-біріне түсіндіре отырып, образдарды салыстырып, талқылап өз ойын дәлелдей алады

Кейбір оқушылар:

Берілген сұрақтар бойынша зерттеу, суреттеу сұрақтарына жауап бере алады, ой толғау жазуда ойын жүйелі, тиянақты, тұжырымды етіп көркем тілмен жеткізе алады (ТжДО))

Жырдағы кейіпкерлердің образдарын топтастыра алады, кейіпкер бойындағы қасиеттерден нені үйренгенін, нені өзіне үлгі етуге болатынын өз ойымен айта алады (КҚЕО)

Бағалау  критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында  тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Зерттеу, суреттеу, салыстыру, қолдану, талқылау барысында жұппен, топпен диалогқа түсу арқылы пікір алмасып, өз ойын дәлелді жеткізе алады, түйінді ойларын ортаға сала алады

Негізгі сөздер мен тіркестер:

XVIII ғасыр тарихындағы жаңа бетбұрыстар, Ақтамберді туралы мәлімет. (Күлдір-күлдір кісінетіп) толғауының мазмұны, ерлік, батырлық туралы толғаулары. 
(Жағалбай деген ел болар,

Жағалтай деген көл болар,

Жағалтайдың жағасы

Жасыл да байтақ ну болар.

Атадан алтау туғанның

Жүрегінің бастары

Алтынменен бу болар,

Атадан жалғыз туғанның

Жүрегінің бастары

Сары да жалқын су болар,

!Жалғыздық ,сені қайтейін

Алдыңғы оқу

Талдай алу, салыстыру, сұрыптау, тұжырымдау, өз ойын дәлелдеу дағдылары

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

0-3 мин

 

Психологиялық ахуал:

1. «Бумба-юмга» сергіту жаттығуын жасату. Оқушылар қарама-қарсы тұрып бір-бірінің оң құлағын ұстап «сәлем» деп амандасады, мұрындарын түйістіру арқылы «қалайсың?» деп қалдарын сұрасады, содан соң арқаларын түйістіру арқылы «жақсымын» дегенді білдіреді.

2. Қоржындағы заттарды таңдап алу арқылы топтарға бөлінеді. Үй тапсырмасын тексеру (5 минут) Оқушылардың үй тапсырмасына дайындығын анықтау үшін «Ыстық орындық» стратегиясын қолданамын. Бір оқушы ортаға шығып, орындыққа отырады да сол оқушыға оқушылар сұрақ қояды.

. Қызығушылығын ояту

1. Жыраулар поэзиясы қай ғасырларды қамтиды? XV-XVIII ғасыр
2. Жыраулар поэзиясының негізгі тақырыбы қандай?
3. Жыраулар өз заманының қандай өзекті мәселелерін жырларына арқау еткен?
4. Жыршы, жырау, толғау сөздерін қалай түсінесіңдер? 
(Толғау деп- өмір, тіршілік туралы терең ой мен толғанысқа құрылған шығарманы айтамыз.)
5. XV-XVIII ғасырларда өмір сүрген қандай жырауларды білесің?
6. Жыраулық өнер дала «Абызы»деп аталып, кімнен бастау алған? 

 

 

 

 

Қоржын, сырға, білезік, жүзік, моншақ, қапсырма, шашбау, айбалта, қалқан, кездік, жебе, қылыш, найза, тақия, қамшы, киіз үй, домбыра, таға

Ортасы

4-6 минут

СТО

АКТ

ОЖЕСО

 

 

7-12 минут

ОБжК

13-23 минут

СТО

 

 

 

 

24-33 минут

СТО

АКТ

ОЖЕСО

ОБжК

 

 

 

 

34-37 минут

СТО

АКТ

ОЖЕСО

Сарыұлы Ақтамберді (1675 - 1768)
Описание: Өмірбаяны
Сарыұлы Ақтамберді (1675 - 1768) атақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері. Ұлы жүздің Ошақты руынан. Әкесі Сары мен шешесі Сырбикеден жалғыз туған. Жыраудың «атадан жалғыз туғанның жүрегінің бастары сары да жалқын су болар» деуінде өз өмірінің шындығы бар.
Қазақ тарихындағы аласапыран кезеңде өмір сүрген Ақтанберді «дұшпаннан көрген қорлығым, сары су болды жүрекке. Он жетіде құрсанып, қылыш ілдім білекке. Жауға қарай аттандым, жеткіз деп, құдай, тілекке» деп, өзі айтқандай, он жеті жасында ақ қолына қару алып, ел қорғауға аттанады.
Жыраудың ақындық даңқымен балуандық, батырлық даңқы қатар шығады. Орта Азия хандықтарымен, қалмақтармен арадағы ұрыстарға қатысып алғашқы кезде жеке басының ерлігімен, соңынан қолбасшылық қабілетімен көзге түседі. Сақа батырлар санатына қосылған кезде атақты «Ақтабан шұбырындының» куәгері болады.
Осы кезде ол жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт азаттық күресін ұйымдастырушылардың және жеңісті жорықтарға дем берушілердің бірі ретінде танылады.
Жоңғар мемлекеті талқандалып, шығыстағы бұрынғы жау қолында қалған жерлер босатылған кезде сонда қайта қоныс аударған қазақтарды ата мекеніне біржола орнықтыру жолында Ақтанберді айтарлықтай роль атқарады. Өзіне қараған руларды отырықшыландырмақ болып, арық, тоған қаздырады, егін ектіреді.
Ақтанберді шығармалары негізінен нақылдық толғаныстар түрінде болып келеді. Олар көшпелі қазақтардың ой арманымен, мақсат мүддесімен астасып жатады. Жыраудың «Түйе мойнын тұз кесер», «Күлдір күлдір кісінетіп», «Жылқыдан асқан мал бар ма?» тәріздес әйгілі толғауларынан қазақ халқының мінез құлық ерекшеліктері, болмысқа өзіндік көз қарастары анық аңғарылады. Мал атаулының, оның ішінде жылқы түлігінің көшпелілер өміріндегі орыны жайында өз тұстастары арасында дәл Ақтанбердідей толғаған ақын жоқ. Ол жылқыны тіршілік көзі, жігіттің көркі деп есептейді. Әсіресе, батырдың жан серігі, жауға мінер тұлпары ретінде мадақтайды.

Толғаулары:

“Күлдір-күлдір кісінетіп», «Түйе мойнына тұз кесер», «Жылқыдан асқан мал бар ма?», «Балпаң-балпаң кім баспас?”, “Жауға шаптым”, “От басар орны отаудай”, “Уа, қарт Бөгенбай!”, “Күмбір-күмбір кісінетіп”, “Сылпаң да, сылпаң жортармын”, “Көк көгершін, көгершін
           Жыраудың «Жағалбай деген ел болар», «Жағаға қолдың тигенін», «Жел, жел есер, жел есер» толғауларындағы жалғыздық, жарлылық мәселелерінің жырлануы. 
«Балпаң балпаң кім баспас», «Жауға шаптым», «От басар орыны отаудай» секілді біраз жырларында жұртшылықты ата жаумен айқасқа шақырады. 
Күлдір, күлдір кісінетіп», «Уа, қарт Бөгенбай», «Жауға шаптым ту байлап», «Заманым менің тар болды» және тағы да басқа өлең-толғаулары батылдыққа, ізгілікке, патриоттық күй-сезімдерге толы.
Балаларыма өсиет» деп аталатын толғауы соңғы туындыларының бірі болса керек. Жырау балаларын тірліктегі бірлікке, талап-мұратқа, татулыққа үндейді. Жас ұрпақтың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруы елді мақсатына жеткізерін ескертеді. Халықты алауыз мінездерден сақтандырады. 
     Ойраттармен арадағы соғыста өзінің асқан ерлігімен де, жалынды жырымен де көзге түседі, қазақ жерін жаудан аман алып қалуда ерен қызмет көрсетеді. Ақтамберді өз басынан кешірген сол қиын сәттерді жыр-толғауларында өрнектеген.

Жапанға біткен терекпін,                        

Еңсемнен жел соқса да теңселмен,         

Қарағайға қарсы біткен бұтақпын,         

Балталасаң да айырылман,

Сыртым — құрыш, жүзім — болат

Тасқа да салсаң, майырылман! —         

деген жолдардан оның ерлік, батырлық қасиетін әрі қайсар мінезін қапысыз танимыз. Ақын өзінің бар өмірін елі, халқына, оның елдігін, бүтіндігін сақтап қалу жолына арнаған. Жыраудың "ел-жұртты қорғайлап, өлімге жүрміз бас байлап" деген жолдарынан мұны айқын аңғарамыз.

 

Топтастыру арқылы қорыту және жаңа сабаққа кіріспе. Тақтамен жұмыс -2 мин

1.Жыраулар поэзиясын қай ғасырларға жатқызамыз?

2.Жыраулар поэзиясының қандай өкілдерімен таныстық?

 

                                                                   Асан қайғы

                                    Шалкиіз                                    Доспамбет

Овал: ХҮІІІ-ХІХ  ғғ. ғғордлордлрдрошщшрері                                    Қазтуған                                    Ақтамберді

 

 

Жаңа ақпарат алу үшін

. Толғауды унтаспадан тыңдау. Хрестоматиямен жұмыс көз жүгіртіп отыру -3 мин.

. «Ротация» (ауыстыру) әдісі

1-қадам(2-мин.):дайындалады -  нөмірленген  4   А-3 қағазға 4 тапсырма   жазылады (слаид):                     1.Ақтамберді жырау өмірі

              2. Жырау толғаулары және оның тақырыбы

         3. Жырдағы көркем сөз үлгілері

4. Сөздік кестені толтыру                               

Оқулықпен жұмыс                                                                    5 минут

1-топ

1.      Ақтамберді толғауларының басты тақырыбы не?

2.      Ойраттармен арадағы соғыс туралы не айтылған?

2-топ

3.      Ақын жігіттің жігіттігі туралы не айтқан еді?

4.      Ақынның жылқы малының қадір-қасиеті туралы айтқандары

3-топ

5.      “Күмбір-күмбір кісінетіп” толғауы не туралы?

 

 Ақын өмірі туралы ассоциация құру                      3 минут

Ақтамберді өмірі мен шығармашылығын жинақтап, Топтастыру стратегиясы

Ақтамберді

 Әр топтан топ басшылары әр тапсырманы топ мүшелеріне бөліп береді.

(слаид)    Тапсырма критериі – Жазылған  жауаптар –

а) нақты;                    в) қайталанбауы тиіс;                               с) ғылыми негізде;

  д) тез;                       е) қысқа да нұсқа

2-қадам:  4  топқа  әр  түсті бояулы қарындаш бөліп беру(қызыл,көк,жасыл,сары), әр топ 5-6 минутта плипчартқа өз түсінің қарындашымен жауаптарын жазады.  (әуелі жеке, сосын топта):

3- қадам: мұғалімнің белгі беруімен оқушылар сағат тілі бойынша қағаздарын алмастырып отырады (яғни сұрақтарымен) және 5 минут шамасында өзге топтың сұрағы мен жауабын оқып, сол сұраққа өз жауаптарын жазады (әуелі жеке, сосын топта). Осылайша сұрақ ауыстыру әуел бастағы өз сұрақтары қайтып келгенше, жалғаса береді.

 

4-қадам: Барлық топтардың жауаптары талқыланып, ақырғы пікір түйінделуі үшін топтан басшылар шығады. 4-мин

М: Не түсіне алдық?

Толғауда қандай ой бар? - сұрақтары толық қорытылады.

. Пысықтау үшін Жоғары дәрежелі сұрақ – Ақын арманы қандай еді?

«Кластер» әдісі  - тақтаға стикермен   орындау

 

 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

Эссе «Ақын арманы - ...»

 

Интербелсенді тақта, суреттер, таныстырылым

 

 

 

А4 қағазы, қалам, қарындаш, түрлі-түсті маркерлер, сызғыш, т.б.

 

 

 

 

 

 

 

.

 

 

 

 

 

Интербелсенді тақта, қалам

Аяқталуы

38-45 минут

СТО

ОүБжОБ

ТжДБО

ОБжК

ОЖЕСО

леңдерін көркемдік ерекшелігіне қарай  талдау                                               2 минут

Күлдір-күлдір кісінетіп,

Күреңді мінер ме екеміз?

Күдеріден бау тағып,

Қамқапты киер ме екеміз?...

 

Ассонанс

Аллите

рация

Қайталау

Архаизм

“Күмбір-күмбір кісінетіп”

 

Ақтамберді Сарыұлы шығармашылығы» тақырыбындағы тапсырмаларды орындау         Ақтамберді  кім?

Туған

жері

Қайтыс болған жері

Қай жылдары өмір сүрген?

«Күлдір -күлдір кісінетіп» толғауының

 тақырыбы, идеясы

Тілі,

көркемдік өрнектер

атақты жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері

Оңтүстік Қазақстан облысы Қаратау баурайында

Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы Жүрекадыр

1675-1768

Ерлікті, батырлықты жырлаған

 Білімді бағалау: Оқушылардың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады 1 минут

Үйге тапсырма: «Күлдір-күлдір кісініп»

Рефлексия:

  1. Сөйлемдердің дұрыс құрылуы, сауаттылығы.
  2. Ойдың бірізділігі, жүйелілігі.
  3. Көркем тілмен жазылуы.

2.«Баспалдақ» әдісі бойынша оқушылар өзін-өзі қандай деңгейде тұрғанын анықтап, бұл сабақты игере алған немесе игере алмағанын айтады.

Описание: C:\Users\00011\Documents\Кембридж - Айымгуль\1- бетпе бет жоспарлар апта бойынша Тыңдаушыларға\1АПТА\1 апта 5 кун\15_L3W1D5_Сабақ бойынша кері байланыс.png

 

 

 

 

 

 

 

 

Описание: C:\Users\00011\Documents\Кембридж - Айымгуль\1- бетпе бет жоспарлар апта бойынша Тыңдаушыларға\1АПТА\1 апта 5 кун\15_L3W1D5_Сабақ бойынша кері байланыс.png парақшалары

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс

  • Қосымша көмек қажет ететін оқушыларға эссе жазуда аяқталмаған сөйлемдерді ұсынамын; жұппен, топпен жұмыс барысында бағыттап отырамын;
  • Қабілеті жоғары оқушылардан жоғары дәрежелі сұрақтарға жауап аламын; постерге түсіруде ерекше идеялар ұсына алады.
  • Қошеметтеу, бас бармақ  - уәж
  • «Бағдаршам»
  • Бағалау критерийлері
  • «Баспалдақ»

 

  • Өнер, қазақ тілі
  • АКТ – интербелсенді тақта

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?  Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшық сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды бағамдау:

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

 

 

2.

 

 

 

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

 

 

2.

 

 

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетінін білдім? (балаға, өзіңе қоюға болады)

 

 

Просмотров: 3831


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст