«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акколь отдела образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жазғы мектеп

08.06.2022

Жазғы мектеп

2022 жылғы 26 мамырдан 19 маусымға дейін орта білім беру ұйымдарында жыл бойы қашықтан оқу форматында білім алған 2-10-сыныптардың оқушылары, сондай-ақ ата-аналарыда өтініші қалдырды.  оқылықтардың орнын толтыру мақсатында Жазғы мектеп жұмыс істеді.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2021-2022 оқу жылында жазғы мектепті ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірледі, онда ұсынымдық сипатта білім беру процесіне қатысушыларды ұйымдастыру тәртібі, оның шарттары мен міндеттері айқындалды. Сонымен қатар, осы құжаттың қосымшасында оқу пәндерінен сыныптар бойынша жазғы мектепте көңіл аударуға ұсынылған тақырыптардың тізімі берілген.

Жазғы мектептің ұйымдастырылу тәртібі

Сабақтардың кестесі педагогтердің оқу жылы ішінде анықтаған оқу жетістіктерін талдау және білім алушылардың пәндік білім деңгейлерін диагностикалау нәтижелері негізінде құрылған топтарды/сыныптарды ескере отырып жасалады. Жұмыстың тәсілдері мен әдістерін, оқыту технологияларын педагогтер білім алушылардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес дербес айқындайды.

Жазғы мектепте оқушылардың оқу жетістіктеріне бағалау жүргізілмейді. Жазғы мектеп жағдайында үй тапсырмасы берілмейді. Білім алушылардың мектеп кітапханасына, қолда бар цифрлық білім беру ресурстарына қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.

Сабаққа дайындық кезінде мұғалімге жазғы сабақты ұйымдастыру жоспарын жасау, білім алушылардың оқу пәндері бойынша біліміндегі олқылықтарын толтыру қажеттіліктерін ескере отырып, оқу материалдарын мұқият таңдау ұсынылады.  Жазғы мектепте білім алушылар үшін еркін киім киюге рұқсат етіледі. Топтардағы толымдылығы 25 адамнан артық болмауы керек. Сабақтың ұзақтығы – 40 минут, бір күнде 2-3 сабақ өткізіледі.

Просмотров: 197


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст