Қош бол, бастауыш мектебім!
Мамырдың 20-ы күні 4А сынып.
Сынып жетекшісі: Абуова Б.Т.
Кештің мақсаты:
Білім негізі, іргетасы – бастауыштан қаланатынына ерекше мән беру. Бастауыш сыныптарда алған білімнің адам өмірінің мән-мағынасы үшін аса қажеттілігіне көз жеткізу, алған білімдері мен жетістіктерін іс жүзінде көрсете білу. Отансүйгіштікке баулу, жағымды мінез-құлық мәдениетіне, білімді, саналы ұрпақ болып өсуге жетелеп, бағыт-бағдар беру.
Құрметті ата-аналар, қымбатты әріптестер, оқушылар! Бұл күн бәріміз үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі сол, осыдан 4 жыл бұрын мектеп табалдырығын жүрексіне аттаған балаларыңыз оқып – біліп, қанаттарын қатайтып бастауыш сыныппен қоштасқалы отыр. Осы қуанышты да, қайталанбас күндеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!