Ата- бабамыздың салт-дәстүрлері мен әдеп-ғұрпы ажырап қалған,шетелдік компьютерлік ойындар мен қатыгездікке қойылған фильмдердің еркіндігіне кеткен жастарымызды қайтсек дұрыс жолға саламыз Ұлтымыздың болашағын ойлайтын санасы сергек,адамгершілігі мол жеке тұлғаны тәрбиелеу-тәрбие жұмысының негізгі мақсаты.Жас ұрпаққа тек білім берумен шектелу аз,оларды адамгершілік-рухани жағынан нағыз адам қалыптастыру керек.Бүгінгі таңда қоғам да, қоғамдық көзкараста күн күнге өзгеру үстінде Бұқаралық ақпарат және қарым –қатынас құралдарының жұмысындағы барлық шектеулерден алынып,ақпарат тарату еркіндігі кең таралған. Тұлғаны жан – жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдары аса жауапкер -шілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының маңызы ерекше. Ол үшін адамзаттық сан ғасыр уақытта жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана- сезімімен, күнделікті мінез – құлықтарына қалыптастыру қажет. Бұл талапты іс жүзіне асыру, әсіресе елдің әлеуметтік – экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жанадандыру айрықша міндетті іс.
Ол балалардың сана сезімі мен рухына кері әсер етуде. Осының салдарынан қазір мектеп жасындағы балалардың шылым шегуі, ішімдік ішуі,есірткі қолданылуы немесе әр түрлі қылмыстық іс-әрекетке баруы жиілеуде.