Ақкөл орта мектебінде 2018-2019 оқу жылынында «Қазақстандық патриотизм мен адами құндылықтар негізіндегі жеке тұлға тәрбиесі» бағытында біршама жұмыстар атқарылды.
Мектептің тәрбиелік мақсаты:
Еркін дамыған, деңсаулығы мықты, талантты, еңбек кызметіне дайын, саналы өзін- өзі жетілдірген, өзін-өзі тәрбиелеуге бағытталған өнегелі тұлғаны тәрбиелеу.
Оқу жылының басында 2017-2018 о.ж. атқарған жұмыстарға талдау арқылы 2018-2019 оқу жылына міндеттер айқындалды, ұйымдастыру шаралар іске асты: сынып жетекшілер тағайындалды, оқушылардың және ата-аналалардың әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтер жиналды, тәрбие жоспарының бағыттары белгіленді, сынып бөлмелері бекітіліп, белгіленді.
Сонымен қатар тәрбие шараларға бақылау-басшылық жасау іске асты. Оның ішінде сынып жетекшілердің тәрбие жоспарлары тексерілді, бекіттірілді, оқушылардың киім-киісіне, күн режиміне бірiңғай талаптар қойылды. Сынып арасындағы рейтинг жүргізудің реттілігі мен мақсаттылығы және тоқсан сайынғы тәрбие жұмыстар бойынша есебі мен педагогикалық кеңесте талқыланатын мәселелер қамтылды.
Мектеп және сынып жетекшілердің тәрбие жұмыстары төмендегі бағыттарды қамтыды:
Сонымен қатар жол қауіпсіздік ережелерін насихаттау, балалар жарақатын болдырмаудың алдын алу шаралары, өрт қауіпсіздігіне арналған шаралар, ҚР мемлекеттік нышандарын насихаттау және қолдану бағдарламасы бойынша іс-шаралар, діни экстремистік көзқарасқа қарсы жүргізілетін іс-шаралар кенінен жоспарланды. Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуды ұйымдастыру шаралары бірлесіп жасалды.
Жыл басында даталы мерекелік апталықтар сынып жетекшілерге бөлінді. Оның мақсаты: жұмысты жүйелеу, жауапкершілікті нығайту, әдістемелік материалдарды жинақтау.
Жыл басын «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиынмен бастап, «Мен өз Отанымның патриотымын» атты тақырыпта сынып сағаттары өткізілді. Қыркүйектің 13 күні Отбасы күніне орай Аристанова А.Қ. «Отбасы – бақыт мекені» атты тақырыпта ата-аналар мен оқушылар арасында дөңгелек үстел өткізді. Және қыркүйек айында өткен «Тіл тұтастығы-ел тұтастығы» атты тілдер онкүндігімен басталды. Алғашқы күні «Тіл–ұлттар ұйтқысы» деген атпен Гуманитарлық пәндер әдістемелік бірлестігінің ұйымдастыруымен үш тілде құттықтауымен апталықтың ашылу салтанатты жиынын өткізді. Орыс тілі пәнінің мұғалімі Иванова Н.П. тілдер мерекесіне орай үлкен мектепшілік іс-шара өткізді
./public/files/2019/7/10/100719_145444_2018-2019-ou-ghylyna-ghyldy-esep-trbie-ghmysy-boyynsha.docx