«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі  Ақкөл ауылының жалпы білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Общеобразовательная школа села Акколь отдела образования  по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА «БАЛАЛАР ЖЫЛЫ» САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ БАСТАУ ӘЛДІ

18.04.2022

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА «БАЛАЛАР ЖЫЛЫ» САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ БАСТАУ АЛДЫ

13. 04 «Bolashaq Saraiy» концерт залында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен балалар жылының ашылуына арналған салтанатты іс-шара өтті. 

Салтанатты шараға жергілікті атқарушы органдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және Ақмола облысының аудандары мен қалаларының 400 оқушысы қатысты.

Ермек Боранбайұлы өз сөзінде балаларды құттықтады.

"Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық балалардың дарындылығын дамытуға үнемі назар аударады, өзінің бағдарламалық құжаттарында ол жаңа өмір жағдайларына бейімделуі, сыни ойлауы, кәсіби бағдарланған және үйлесімді дамуы тиіс жаңа ұрпақпен жұмыс істеуге баса назар аударады. Олар Қазақстанның болашағы", - деп атап өтті аймақ басшысы.

Салтанатты шара барысында Ермек Маржықпаев «Bolashaq Saraiy»-ның жас шәкірттері - «РобоОлимп» халықаралық байқауының 1 орын иегері Талғат Мақсат және «Euro Stars» халықаралық өнер фестивалінің 1 орын иегері Қуатқызы Ясминамен бірге Балалар жылының бастау батырмасын басты.

Айта кету керек, Балалар жылының басталуы аясында Ақмола облысында алғаш рет "JasSkills Аqmola-2022"чемпионаты басталды.

Балалар жылының салтанатты ашылуы аясында балалар инфрақұрылымын дамыту, білім беру ұйымдарының желісін кеңейту және балалардың құқықтарын қорғау бойынша бастамалар көтерілді.
Мектеп оқушылары Қазиден Бахтияр, Тұяқова Ақбөпе, Фомичев Владислав қатысты. Информатика пәні мұғалімі Тасимов Ш.М.

Просмотров: 170


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст