Мемлекеттік рәміздер –ел мәртебесі
Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге,сүюге, қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Отан дегеніміз не?
-Туып өскен жеріміз, егеменді еліміз.
– Табиғатымыз, қазба байлықтарымыз, өзен-көліміз, ұлан байтақ жеріміз, Мемлекеттік тіліміз және басшымыз.
Жақсы балалар, олай болса, «Отан» жайлы мақал-мәтелдер айтып көрейік:
1. Отан отбасынан (басталады)
2. Отан үшін отқа түс, (күймейсің)
3. Отан- елдің анасы, (Ел- ердің анасы)
4. Туған жердей жер болмас, ( Туған елдей ел болмас).
5. Отанды сүю- (отбасынан басталады)
6. Отан оттан да (ыстық)
7. Отансыз адам- ( ормансыз бұлбұл)
8. Отан үшін күрес ( Ерге тиген үлес)
9. Ел іші- (алтын бесік)
10. Тіл- тәуелсіздік (тірегі)
«Отан» жайлы тақпақтар
Әли: Отан менің ата-анам
Отан досым бауырым
Отан өлкем Астанам
Отан аудан ауылым
Парасат: Отаным алтын бесігім
Тербеттің мені төсіңде
Жүреді сенің есімің
Ер жеткен кезде есімде
Ақерке:Отан, Отан бәрінен биік екен
Мен сені мәңгілікке, сүйіп өтем.
Отанды сүймеуің де күйік екен,
Отанды сүйгенің де күйік екен...
Жарайсыңдар балалар! Отан жайлы көп біледі екенсіңдер.
Отан –жерім,Отан-суым,
Отан қуат, нәр береді..
Отан-ұран, Отан-туым
Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы –мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
«Мемлекттік рәміздер –еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлектіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер- халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Желбіреген аспан түстес байрағымыз халқымыздың арманын асқақтатып, қыран бүркіттей елімізді аспан әлемінде қалықтап тұр.
Ендеше, тәрбие сағатымызды бастаймыз.